Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Мектепте технология пәнін оқыту баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Технология

Мектепте технология пәнін оқыту баяндама

библиотека
материалов

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №46 орта мектебі»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі





46 орта мектебі


hello_html_m4bd1e217.png











Баяндама





Тақырыбы: «Мектепте технология пәнін

оқыту»







Пәні: Технология

Мұғалім: Нүсіпбаев Ж.Қ





Тараз қаласы

482025 «Аса» мөлтек ауданы

2014 жыл



Мектепте технология пәнін оқыту


Экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдерде телекоммуникацияның және ақпараттық технологияның өзгеруіне байланысты технологиялық революция жүруде. Сондықтан қазіргі нарықтық заман шығармашылықпен жобалау және жоспарлай білуді, жаңа технологияны қысқа мерзімде игеруді және жауапты шешімдерді жылдам қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты жас ұрпақты ң заман талабына сай бір емес . бірнеше мамандықты игеруіне тура келеді, ал оған дайындық мектеп қабырғасынан басталуы тиіс.

Еңбекке баулу – мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға,шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапсы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық – технологиялық мағлұмат беру белгілі бір техникалаық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден тұрады:

* Сабақтың тақырыбы ( оқушыларға берілетін техникалық-технологиялық білім мен біліктіліктің көлемін қамтиды) 
* Сабақтың мақсаты (білім, тәрбие мен даму аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таныстырады) 
* Материалдық – техникалық базасы (жабдықтар, саймандар, материалдар, көрнекі құралдар, технологиялық карталар). 
* Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына сәйкес белгіленеді, әрбір элементті орындауға жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде. Шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар. Бұл әсіресе жас өспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді.Технология пәні оқушыларңа кең көлемде білім бере отырып, олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қазір көптеген мектептерде ірілі – ұсақты темір, ағаш өңдейтін станоктар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды үйрету кекрек. Оқушылар орындайтын еңбек екіге бөлінеді;

а) еңбек сұраныс бойынша жасалып , еңбекақы төленеді; 
б) өзіне қызмет көрсету , мектеп қажеттіліктері, т.б. ( өзі үйрену үшін, еңбекақы төленбейді ).

Еңбекті оқушылардың білімдеріне және технология мен техника негіздеріне сүйене отырып ұйымдастырады. Сол үшін мұғалім оқушылардың физикадан, математикадан, сызудан, суреттен алған білімдерін пайдаланатынын ескереді. 
Еңбекті ұйымдастырудағы мұғалімнің міндеті:

* еңбек обьектілерін таңдау; 
* материалдық-техникалық базаны нығайту: 
* санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтау: 
* ұйымдастырудың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау; 
* нәтижелерді бақылау, есепке алу: 
* оқушылардың өзін-өзі басқару топтарын құру; 
* көрмелер ұйымдастыру.

Оқушылардың өзін-өзі басқару тәжірибесінде жұмысты топ жетекшілері атқарады. Оладың қызметі – топтың еңбек процесін ұйымдастыру, сапаны бақылау, талдау.Мұнымен бірге олар еңбек нәтижелерін бағалайды.

Жұмыс барысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде талаптар қойылады және олардың орындалуын ерекше назарда ұстау керек.

Яғни: 
* сабақ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету: 
* өндірістік – санитарлық еңбек қауіпсіздігіне қатысты ережелер мен нұсқамалар; 
* талапқа сай аспаптармен жұмыс істету;

Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулу, олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.Оқу материалының мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми – техникалық жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған болуы тиіс.Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану кекрек.Оқушылардың жүктемесін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі ол қарапайым болғаны дұрыс.

Еркін тақырыптағы сарамандық жұмысты орындау кезінде оқушыларды қабілеттеріне байланысты үш топқа бөлуге болады. 
Бірінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білетін , жаңа тапсырмаларды орындауға қызығушылықпен кірісетінжәне алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ ешбір қысылмастан мұғалімнен көмек сұрайтын оқушылар жатады. Бұл топқа сурет салуға, жалпы өнерге бейімділігі бар оқушылар жатады.

Екінші топқа,өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін сенімсіз бағалайтын оқушылар жатады. Аздаған қиындықтардың өзінде-ақ олар көмек сұраудан қысылады және не істерін білместен жұмыстарын тоқтатады. Мұндай оқушыларға көбірек көңіл бөліп, оларға өз күштеріне деген сенімділік ояту керек. Олардың еңбегін бағалау кезінде тіпті ең шағын жетістіктерін атап өтіп, жұмысқа деген құлшынысын ояту керек. Оларға ауық-ауық көмекке келіп, олардың жұмыстарының сәтті орындалып келе жатқандығын айтып, көңілдерін көтеріп отыру керек.

Үшінші топқа, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайтын оқушылар жатады.Олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Олар кез келген жұмысқа белсенді және сеніммен кіріседі.

Алайда алғашқы қиындықтардың өзінде бұл қиындықтардан қалай өтуге болатыны туралы ойламастан тоқтайды. Мұғалімнен көмек сұрамастан, өздеріне басқа жұмыс беруін өтінеді. Егер мұғалім басқа жұмыс бермесе, жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл жағдай жұмыс істеп жатқан басқа оқушыға кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан мұғалім оларға өздері сұраған жұмысты беріп алғашқа қиындықтар кездескенде мұғалімді шақырулары тиіс екндігін түсіндіреді. Оқушы жұмысқа толық кірісіп кеткенше оның қасында болып, оған көмектесуі қажет.

Мұғалімнің негзгі міндеттерінің бірі - оқушылардың үш тоқсан бойы алған білімдерінің және төртінші тоқсанда орындаған шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін қорыту.

Мұғалім оқушылардың бойында еңбек сүйгіштік қасиетін және еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.

Мұғалім оқушыларды еңбектенуге, алға қойған мақсатына қол жеткізуге және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйретуі тиіс. 
Мұнсыз қандай еңбек болмасын өз мағынасынан айырылады.

Мұғалім оқушыларды ептілікке, аспаптармен жұмыс істей білуге, бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға үйретеді. Жұмыс кезінде бір – біріне көмектесу керектігін түсіндіреді.

Технология сабағыпда оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру басты орын алады. Неге десеңіз, әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстетикасы жағынан да тартымды болуы тиіс. Оқушылар бұйымды дайындауға үлкен құлшыныспен кірісуі тиіс.

Мұғалімнің басты міндеті – оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау және оларды қызықтыру.

Оқушыларды тапсырмаларды орындауға дайындау үшін педагогикалық ұйымдастыру, техникалық-экономикалық дайындық пен психологиялық-педагогикалық талаптар сияқты шарттар орындалуы тиіс.

Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімге қойылатын талаптар: 
* еркін тақырып бойынша оқушылар таңдап алған жұмыс процесін басқару; 
* жұмыстың ұжымдық, топтық және жеке түрлерін жолға қою, оқушыларды қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ету; 
* оқушылардың ой - өрісін үнемі кеңейтіп отыру; 
* жұмыс орындарында санитарлық – гигиеналық нормалар мен қауіпсіздікті сақтау.

Басты талап материалдық – техниклық базаны дайындау болып табылады: 
* еңбек құралдарын, өңделетін материал мен оның технологиялық процесін оңтайлы таңдау; 
* жұмыс орнын тиімді жабдықтау; 
* оқушы еңбегін нормалау. 
* оқушы еңбегінің мазмұны.

Мұның бәрі жобалық оқытудың шығармашылық элементтеріне жатады. 
Әдістемелік талаптар: 
* еңбекті ұйымдастыру формаларын таңдау; 
* еңбекке үйрету әдістері мен жолдары; 
* оқушылар еңбегін ұйымдастыру.

Мұғалім сарамандық жұмысты оқу әдістемелік материалдардың көмегімен өткізуі тиіс. Бұл үшін ол қосымша әдебиеттерді, бағдарламаларды пайдалануы және әр түрлі ғылыми негіздер мен еңбекке үйрету бағдарламасы арасындағы өзара байланысты есепке алу керек. 
Ол үшін мыналар қажет: 
* жаңа жарияланымдарды пайдалану; 
* оқушыларды жас ерекшеліктері мен жалпы мектеп шеберханасының жабдықталуын есепке алу; 
* жұмысты алдын ала жоспарлау ( еңбек құралдарын таңдау, жұмыс уақытының және асаптар таңдаудың нақты жоспарын жасау); 
* еңбекке үйретудің басқа тәрбиелік шаралармен үйлесімділігін қамтамасыз ету.

Жалпы білім беретін саладағы технология пәнінің бір міндеті – оқушылардың табиғатқа және табиғи байлыққа күтіммен қарай білуін, яғни, оқу – еңбек қызметінде белсенді экологиялық бағыт ұстануын тәрбиелеу. Осыған байланысты еңбек сабағында құс ұясының және құстарға жем беретін аспалы жем салғыштарды жасатудың үлкен тәрбиелік маңызы бар.

Бұл еңбек процесінде 5 сынып оқушылары сызу пәнімен, оның шарттарымен алғаш рет танысады. Яғни, осы бұйымдардың эскизін , технологиялық картасын сызудың ережелерін сақтай отырып орындайды.

Оқушыларды еңбекке баулудың жолы сан алуан. Соның бірі – оқушыларға экономикалық тұрғыдан білім беру. Экономикалық білім берудің бастауы – үнем мен ұқыптылық. Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланы еңбекке саналы түрде қарауға, еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге, табыс пен пайданы анықтай алуға үйретеді. Оқушыларға тапқан табысты кәдеге жаратуды, қоғамдыұқ тұтыну қорларын пайдалануды үйрету керек. Сондай –ақ оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіру шарт.

Мектепте еңбекке үйрету апталығын өткізуге болады. Бұл іс – шара сыныптан тыс жұмыстың маңызын арттырып, оқушыларды ынталандырады.


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1089
Номер материала ДВ-333700
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх