Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Конспекты / Мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда Абай шығармаларының негізіне бейімдеу.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

Мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда Абай шығармаларының негізіне бейімдеу.

библиотека
материалов

Мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда Абай шығармаларының негізіне бейімдеу.

«Өзіңді-өзің тану-рухани өркендеудің түп тамыры

және адамгершілік құндылықтардың негізі.»

Сара Алпысқызы

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Кинорежиссер А.Шәжімбаев

атындағы №3 орта мектептің

география және

өзін-өзі тану пәні мұғалімі:

СейтбенбетоваК.Ж


Жалпы білім беру бағдарламасына «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізілгеніне биыл төртінші жыл .«Өзін- өзі» тану- тек өзін- өзі тану туралы білім емес.Сонымен бірге бұл пәннің негізгі мақсаттарының бірі - ата- аналардың мектеппен өзара ынтымақтасу арқылы балалардың рухани байлықтарын арттыру.Өзін- өзі тану- нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән.Ал нағыз адам болу-Отан алдындағы борышын өтеу,мейірімді, адал, шыншыл болу. Э. Хемингуэй: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады.Жер басып жүрген әр бір адамның өмірде өз міндеттері бар» деп айтқандай әрбір адам өмірге келгеннен кейін оны артында із қалатындай мәнді өткізуі керек.Яғни , бұл пән өмірдің мәнін түсіндіретін пән деп айтсақ болады.

С.А.Назарбаева: «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл- қызымызға көзбе- көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі қазіргі кезде өзекті сипатқа ие болып отыр.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік- рухани қайнарын сіңіріп, мінез- құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.

Біздің халық ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген дана халық.Балаға өмірдің алғашқы жылдарынан-ақ рухани- адамгершілік тәрбиені берудің маңызы зор. Жастайынан бойына сіңген мінез, басқа бір зор күш әсерінен жойылмаса, есейгенде де сақталады. «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» деген мақал ең алдымен, тәрбие мәселесіне қаншалықты мән берілетінін көрсетеді.Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген, ең басты қағида «Адам болу», яғни құнды қасиеттерге ие болу- ол ата- ананы, үлкенді сыйлау, құрметтеу, шыншыл, әділетті болу.Халық даналығында «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтылмаған.

Осындай жас ұрпақққа өте қажетті пәнді көрегендікпен ,дер кезінде мектептерге жеке пән ретіде енгізгеніне

Сара Алпысқызына алғысымыз шексіз .Тарихымыздың ұлы тұлғаларының

бірі,ислам дүниесінің ең ірі ,атағы әлемге жайылған

Әл-Фараби өзінің философиялық , әлеуметтік – этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшы.Әл-Фараби «жүре келе дарыған интелект» туралы айта келіп ,адам туғаннан ақылды,білімді болып тумайтынын,интелектің өзі жүре келе, естіп, көріп барып ,қана дамиды дейді.Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып,қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпен жалғастыра түскен сияқты.Абай өзінің«Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады.Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе,жаман дегеннен сақтанса,сонда іске жарайды,сонда адам десе болады»,-деп жазады.Сондай-ақ Әл-Фарабидің ғылым-білімді меңгерудегі интеллект рөлі жайындағы философиялық тұжырымын Абай өзінің«Он тоғызыншы сөзінде»мейлінше айқындай түскен.Абай өз ойын: «ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды.Басында зорлықпен яки алдаумен үйірқылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша.Қашан бір бала ғылым,білімді махаббатпен көксерлік болса,сонда ғана оның аты адам болады»,деп тұжырымдайды.Әл-Фараби өзінің жоғарыда аталған еңбегінде «жан қуаты»жөнінде қолданған ұғымдар мен термин сөздер сол қалпында Абай қара сөздерінде қайталануы кездейсоқ құбылыс емес.Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші-адамның ойлауына,пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айруына көмектесетін күш»деп көрсетеді.Әл-Фараби өзінің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында Қайрат ,Ақыл және Жүрек сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп Жүрек-басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес,-дейді.Әл-Фарабидің Қайрат, Ақыл,және Жүрек жөніндегі осы философиялық тұжырымы Абайдың Он жетінші қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты.12-сыныптың «Адамзаттың мәңгілік құндылықтары»тақырыбында Абайдың жетінші қара сөзін пайдаланып,адамның жаны немен азықтанатынын,білсем,көрсем,үйренсем деген ойдағы баланың өскенде жақсы азамат болып өсетінін түсіндіремін.

Жеке – дара жұмыс. «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап іздеу.

Балалар, адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек-деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр баланың бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейсің деймін.

* Қамқорлық

* Қараниеттілік

* Мәдениеттілік

* Адамшылық

* Адамгершілік

* Рақымшылдық

* Залымдық

* Бауырмалдық

* Сабырлылық

* Еңбекқорлық

* Күншілдік

* Еркіншектік

* Рақым

* Талап

* Тасжүректік

* Мейірімділік

* Батылдық

* Талғампаздық

* Имандылық

* Қанағатшылдық

* Ізденімпаздық

* Ізгілік

* Қатыгездік

Бұл қасиеттердің барлығы Абай өлеңдерінде кездесетінін өлеңдері арқылы түсіндіремін.

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан

гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.8-сыныптарда:Сен де бір кірпіш дүниеге...,Адамзаттың бәрін

сүй,бауырым деп-тақырыптарын өткенде Абай өлеңдерінің мағынасын түсіндіріп, оқушыларда өмірде өз орындарын тауып,бақытты ғұмыр кешулеріне жол сілтеп,Абай өлеңдерін жаттатқызамын. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз. Рухани болмысымыз болуы үшін оқушылардың бойында сүйіспеншілікті күшейтіп әр сабақты бастамастан алдын «тыныштық сәтін өткізіп»табиғатқа,туысқандарына,достарына,бүкіл әлемге нұр жібертемін,жақсылық тілетіп,ойларын тек қана жақсы ойлармен толтырып,рухтарын оятамын. Әрбір өзің-өзі тану пәнін өз мәнінде сабақ өткізгенде ғана әрбір оқушының ойында:

Мен кіммін.?

Менің өмірдегі мақсатым не?

Өзімнің ішкі «менімді» қалай тани аламын?

Қазіргі сәтте қалай өмір сүре аламын?!-деген сұрақ туындап жауабын өмірден іздей бастайды. Абай өз шығармаларында осы сұрақтың жауабын,жету жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Абай Құнанбайұлы ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Оқушыға дұрыс тәрбие берілгенде төмендегідей құндылықтар қалыптасады .Бұл құндылықтар:

Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.

Олар бөлінбейді, өзара байланыс жасайды.

Ақиқат – интеллектуалды аспект.

Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект.

Тыныштық – эмоциялық аспект. Міне осы жалпыадамзаттық құндылықтардың барлығын Абай өлеңдерінен,қара сөздерінен оқуға болады және оны оқушылардың бойына сіңіріп,келешекте нағыз,толық адам болып шығуына көп көмегін тигізері сөзсіз.

Қорыта келгенде ; Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында "… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз және мұның барлығы өзін-өзі тану пәнінде берілген тақырыптарда оқушыларға өте қажеттілігін көрсетіп тұр. Бойында сүйіспеншілік сезімі бар, ,шыншыл,дұрыс әрекет жасайтын, адамның жаны тыныштықта өмір сүретінін оқушыға Абай шығармалары арқылы сіңіре, алсақ біз өзін-өзі тану мұғалімдері Тәуелсіз Қазақстанымызға қосқан азғантай үлесіміз деп білемін.



Краткое описание документа:

Ғасырдың ғажап  азаматы – Нұрсұлтан Назарбаев

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты: Елбасының өмір жолдарына түсінік беру. Қоғамдағы орынын түсіндіру. Оқушыларға Қазақстан мемлекеті мен астанасы туралы, оның рәміздері жайында тереңірек мағлұмат беру.
Отаншылдық сезім мен тұрақты мінез - құлықтың беки түсуіне ықпалету: адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі тілейміз. Ғасырдың ғажап азаматы – Нұрсұлтан Назарбаев атты ашық тәрбие сағатымыз дыбастауға ұрықсат
етіңіздер. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүзден аса ұлты бар мемлекеттібасқарып, экономикалықтығырықтан да, нарықтыққиындығынан да, ұлтаралық  араздықтан  да халқымызды  аман – саужетелепкележатқанбілгірбасшымыз.
Атыңнан
айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз
күнінтудыкенелебер.
Мерейін
құттыболсынНұрата,
Ғасырдың
тойыболшыкелеберер.
«Елімменіңаңсаған
Тасбұғауданбосаған» дегендейқоғамдаөмірсүрушіәрбірадамтәлім - тәрбиесіз, өнер - білімсіз, еңбексізөмірсүреалмайды.
Тәуелсіздігіміздіңарқасындаұлттықрәміздеріміз - Елтаңбамызелдікеншіміздіерекешелеп, Көкбайрағымыздыкөккебиіккекөтерілді, Әнұранымыздыәлемдегіқауымтыңдапқұрметтейді. (ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікӘнұраныорындалады)
Мен - қазақпынмыңөліп, мыңтірілген,
Жөргегімдетаныстыммұңтілімен.
Жылағандажүрегімкүнтұтылып,
Қуанғандакүлкімненкүнтүрілген.
Мен - қазақпын, биікпін, байтақелмін,
Қайтатудым, өміргеқайтакелдім.
Мен мың да біртірілдіммәңгіөлмеске -
Айтабергімкеледіайтабергім.
Ж. Молдағалиев
2 - бөлім: Н. Назарбаевтыңбалалықшағынанүзінді.
1 - оқушы.
ҚазақстанРеспубликасыныңтұңғышпрезидентіНұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 - шілдесінде Алматы облысынақарастыҚарасай батыр ауданыныңШамалғанселосындатуды. ШығыскүнтізбесібойыншаНұрсұлтанағаұлужылыдүниегекелген. Тағдырыкүнментығызбайланысты. Бұлжылытуғанкісілердіңерекшекүш - қуатқаиеекендігінолардыңарасынанерекшеіскермемлекетбасшыларышығатынынайтады. ЕндіПрезиденттіңтуғанкүні 6 саны шындықты, ашықтықтыжәнесенімділіктібейнелейді. Бұлкүнідүниегекелгенадамдарбейбітшілік пен тыныштықтысақтаужолындааянбайқызмететіп, халықтыңтұрмыс - жағдайларынжақсартуға бар күш - жігерінжұмсайдыекен.
2 - оқушы.
Нұрсұлтанаға орта бойлы, жазықмаңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттаймомақанкөрінгенімен, көзініңоты бар, ұстамды, байсалдыеді. Сабаққаалғыр, елгезек, денебітіміқайратты, күшті, қағылез, сергек бала болатын. Солкездіңөзіндеұйымдастырушылыққабілетібайқалыпқалатын. Балалардыүйіріп, артынанертіпжүретін.

Автор
Дата добавления 14.01.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров496
Номер материала 297705
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх