Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Научные работы / МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ НӘТИЖЕСІ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ НӘТИЖЕСІ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУ

библиотека
материалов

МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ НӘТИЖЕСІ – МҰҒАЛІМНІҢ

КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУ


КӨПБАЙ ҚАЛДЫГҮЛ ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия


Мектептегі әдістемелік жүйе – күрделі құрылым. Қазіргі мектеп мұғаліміне артылар жүк ауыр. Сол жүкті көтеріп жүру әрбір мұғалімнен білім мен білікті, шығармашылық пен тынымсыз еңбекті талап етеді. Мұғалім жоғары немесе арнаулы оқу орнын бітіріп келе салысымен, кәсіби деңгейі жоғары маманға айналмайды. Онда тек білім мен тәрбие берудің іргетасы қаланып, қалғаны мектеп өміріне араласқан соң қалыптасатыны сөзсіз. Бірақ барлық мектептің әдістемелік жүйесі мен мұғалімді кәсіби тұрғыдан шыңдау тәжірибесі бірдей емес. Мұғалім оқушы бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін өзінің кәсіби құзыреттілігі жоғары болу керек.

Ел арасында мынадай бір тәмсіл бар: «Жиһанкез ел аралап келе жатып, тау басына қарай ақ тер-көк тері шығып тас арқалап бара жатқан үш адамды кездестіреді. Оған бұл нәрсе қызықты болып көрінеді де, жиһанкез бірінші адамнан: «Неғылып жүрсің?» деп сұрайды. Бірінші адам тістеніп: «Көрмей тұрсың ба немене, тастарды тауға алып бара жатырмын» деп жауап береді. Жиһанкез екінші адамға да осы сұрақты қояды. Ол терең күрсініп: «Мен өміріме осылай қаржат табамын» деп жауап береді. Жиһанкездің сұрағына үшінші адам: «Мен үй салмақшымын» дейді.

Осы үш адамның іс-әрекетінде қандай ерекшелік бар? Олардың қайсысына ауырырақ. Неліктен?

Бұл тәмсілдің арғы мағынасы: адамдардың арқалап жүрген тастарының қаншалықты ауырлығына байланысты емес, іс-әрекетінің мақсатсыздығы, мағынасыздығы. Шынымен де адамның әрбір ісі нәтижесімен бағаланатыны түсінікті ғой. Адамның алға қойған мақсаты қол жеткізуге тиісті соңғы нәтижесін көрсетіп тұрады. Адам қол жеткізуге ұмтылған нәтижесін, өз жұмысының ең соңғы көрсеткішін неғұрлым нақты білсе, соғұрлым өз мақсатына ең қолайлы әрі тиімді әдістерді дұрыс таңдай алады, жеңілдеу жолдармен жүруге мүмкіндіктерді ашады.[1]

Осы жоғарыда айтылған тәмсіл білім берумен, тәрбиелеумен тікелей байланысты. Олай болса, бұл жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін педагог мақсатты дұрыс қойып, ең соңғы нәтижесі қандай болатынын нақты болжай білуі тиіс.

Қайсібір мектеп болмасын мұғалімдерінің кәсіби деңгейі жоғары болса, сол мектептің қол жеткізер нәтижесі жоғары болады. Сондықтан мектептің әдістемелік жұмыстарында мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан үнемі өсуін, тоқтап қалмауын қадағалап, сонымен қатар соған бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып отырған жөн.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында гимназиямызда білім жетілдірудің жүйесі жасалған. Бұл жүйе бір-бірімен тығыз байланысты 5 кезеңнен тұрады.

Ақпараттандыру кезеңі. Бұл кезеңде мұғалімдердің білім жетілдіру курстарынан өтуі жөнінде ақпараттар жинақталды, бес жылдық жоспар жасалып, әрбір оқу жылының соңында келесі жылға мұғалімдердің сұраныстары анықталды. Мұғалімдер өздері өткісі келетін білім жетілдіру курстарына сұраныс берумен қатар, өздерін толғандырып жүрген, қиыншылық туғызатын мәселелерді айқындайды. Бұл кезең оқу жылының соңында, келесі жылға дайындық бағытында жүргізіледі.

Диагностикалық кезең. Білім жетілдіру бағытындағы әдістемелік курстардың тақырыптары мен мақсаттары анықталады. Әдістемелік курстардың жұмысы бірнеше бағыттарды қамтиды:

  1. Заңнамалық және нормативті құжаттармен танысу

  2. Оқытудың инновациялық технологияларын меңгеру.

  3. Жекелеген пәндерді оқытудағы қиындықтарды жеңу.

  4. Тәрбие жұмыстарындағы мәселелерді талдау.

  5. Пәндерді оқытудың әдістемесін жетілдіру.

Кәсіби біліктілікті көтеру кезеңі. Әдістемелік курстардың тақырыптары мұғалімдерге бөлініп беріледі, курс жұмысы мұғалімдердің білім жетілдіруін жыл бойы үздіксіз жүргізіп отырды. Бұл жұмыс алғаш басталған жылдары сабақ жоспарын жазудағы қателіктер, мұғалімдердің сабақтың типін, түрлерін дұрыс жазбауы, оқушыларды бағалаудың стандарттарын білмеуі, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді жасай алмауы, диагностика, мониторинг, рейтинг туралы түсініктерінің аздығы, нормативті құжаттарды білмеуі сиятқы кемшіліктерді болдырмауды мақсат етілді. Осы тақырыптарды күн тәртібіне қойып, 2-3 мұғалімге бір тақырыптан бөлініп берілді және ол жылдың басында айтылды. Ай сайын белгіленген күні бастауыш сыныптың барлық мұғалімдері жиналып, жыл басында берілген тақырып бойынша дайындалып келген мұғалімдердің іздену жұмыстарын тыңдап, лекция жазып отырды және түсінбеген сұрақтары бойынша талқылау жұмыстарын жасады. Бұл тақырыптар таза теориялық тұрғыдағы мұғалімге әдістемелік көмек ретінде ұйымдастырылды. Мұғалімдердің арасында оқу орнын бітіргеніне 20-30 жыл болғандары бар, олар сол бұрынға таптауырын болған әдістерінен шыққысы келмейді, сонымен қатар жас мұғалімдер да бар. Олардың қолдарында барлық әдістемелік құрал, кітаптар бар деп айта алмайсыз. Ал енді жыл бойы өткен тақырыпты үйрену үшін орталық кітапханаға 10 рет барар еді. Бұл жерді әрі мұғалімнің уақыты үнемделді. Бірі білмегенді бірі толықтырып, ақырында кемшіліктер жойылды. Тақырып бөлініп берілген мұғалімдерге жыл ішінде берілген бір ғана әдістемелік жұмыс болғандықтан, тыңғылықты дайындалу талап етіліп отырылды.

Келесі оқу жылында білім жетілдірудің бағыты инновациялық технологияларға, кейбір пәндердің ерекшеліктеріне арналды. Осылай әрбір жылдың тақырыбы мектептің алға қойған мақсаты мен мұғалімдердің сұраныстарына сәйкес іріктеліп отырылды.

Практикалық кезең. Бұл алынған теориялық білімдерді біліктілікке айналдыру үшін практикамен ұштастырып отыру маңызды. Осы мақсатта мұғалімдердің шығармашылық сабақтарында курстарда алған білімдерін пайдаланып көрсетуі талап етілді.

Тәжірибе алаңы. Бұл кезеңде түрлі әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылды. Семинарлар, конференцииялар, дөңгелек үстелдер, педагогикалық шеберханалар т.б. Әдістемелік курс жұмыстарына қойылмаған тақырыптар да кезектен тыс қаралуы мүмкін. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейде тәжірибелі жұмыстарды көріп келген мұғалімдерге, сондай-ақ басқа мектептің тәжірибесін көрген, белгілі бір тақырып бйынша білімін жетілдірген мұғалімдерге арнайы күн белгілеп, тәжірибесі ортаға салынды. Мысалы: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» тақырыбында курстан өткен мұғалімдерге семинар өткізу тапсырылды.

Сараптамалық кезең. Жыл бойы таңдап алынған тақырыптарға талдау жасалып, өтілмей қалғандары келесі жылға қалдырылды.Сондай-ақ жақсы дайындықпен келіп, мол ақпарат берген мұғалімдерге алғыс білдірілді. (Кейбір таңдап алынға тақырыптар маңыздылығына байланысты келесі жылға тағы да қойылу мүмкін).

Ескерте кететін жай әрбір таңдалған тақырып өзекті болуы керек, ол мұғалім үшін маңызды болса, нәтижесі де зор болады және мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліген көтеріп отыруға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар таңдалған тақырып мектептің жыл бойына таңдап алынған мақсаттары мен міндеттерінен шығып кетпегені абзал.

Осы жұмыс түсініктірек болу үшін бір тақырыптың нәтижелі ұйымдастырылуына мысал келтірейін. Мақсат: бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық құзыреттіліктерін арттыру.

1-кезең. Әрбір мұғалімнің ақпараттық технологияларды меңгеру мүмкіншілігін анықтау үшін сауалнама әзірлеп, деңгейлерін білу ( үйінде компьютер бар ма, ақпараттық технологиялар бойынша курстан өткен бе, компьютерде жазу жаза ала ма, қандай бағдарламалармен жұмыс жасай біледі, интерактивті тақтамен еркін жұмыс жүргізе ала ма т.б) Нәтижесінде анықталғаны мұғалімдердің түгелге жуығы интерактивті тақтамен жұмыс жасауға қиналатынын білдік.

2-кезең. Мектепішілік екі айлық білім жетілдіру курсының бағдарламасы жасалды.

3-кезең. Әрбір жұма сайын информатика пәнінің маманы бастауыш сынып мұғалімдеріне дәріс беріп әрі практика жүзінде үйретті.

4-кезең. Осы курстардың нәтижесінде әрбір мұғалім интерактивті тақтаны пайдалана отырып шығармашылық сабақ өткізді.

5-кезең. «Бастауыш сыныптардағы оқу үрдісінде интерактиві тақтаны пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Бұрынғы білім беру үрдісінде «ашық сабақ» ұғымы көп пайдаланылатын. Әрине, мұғалімнің өз деңгейін, кәсіби дайындығын көрсетуде оның пайдалы тұстары мол екені дәлелденген. Қазір де бұл ұғым арагідік кездесіп жатады. Мектебімізде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көрсету, озат тәжірибені насихаттау, өзара сабаққа қатысып тәжірибе жинақтау мақсатында соңғы бес жылда мұғалімдердің шығармашылық есеп беру күндері осы жоғарыда айтылған «ашық сабақтың» орнын басты деуге болады. І санатты мұғалімдер қараша айында, ІІ санатты мұғалімдер ақпан айында, разрядты мұғалімдер сәуір айында шығармашылық есептерін береді. Олар шығармашылық сабақ, сыныптан тыс жұмыс көрсетіп, көрмесін, портфолиосын әзірлейді.

Мектепте жүргізілген әдістемелік жұмыстар мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталуы тиіс. Жыл сайын мұғалімдердің кәсіби дамуына сараптама жасалып, талқылап отырған жөн. Мұғалімнің кәсіби деңгейлерін төмендегі талаптармен бағалауға болады:

  1. Өз пәнін білуі

  2. Дидактиканы меңгеруі

  3. Инновациялық технологияларды меңгеруі

  4. Өз білімін жетілдіруі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы

  5. Ғылыми ізденіспен айналысуы

  6. Өз білімі мен тәжірибесін нәтижеге бағыттай алуы

  7. Ақпараттық технологиялырдың мүмкіндігін тиімді қолданы алуы

  8. Педагогикалық әдебі

  9. Сынып жетекшілігін атқаруы

  10. Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, жауапкершілігі

  11. Баспасөзге материалдарын жариялауы, пеагогикалық зерттеулермен айналысып, тәжірибесін көрсетуі

  12. Өзара сабаққа қатысу, талдау жасау мүмкіндігі

  13. Әдістемелік жүйесінің қалыптасуы

  14. Портфолиосының жасақталу деңгейі

  15. Оқушылардың білім сапасын, білігі мен дағдысын бағалай білуі

Кәсіби дамуды жетілдіруде мектеп медиатекасының ролі зор. Мектеп медиатекасында үлгілі сабақтар, тәрбие жұмыстарының үлгілері, сыныптар тыс жұмыстар, әдістемелік жұмыстар, жүйелер мен кешендер, электронды портфолиолар, білім сапасының сараптамалары, өткізілген іс-шаралардың бейнетаспалары т.б жинақталады. Медиатеканың артықшылығы: қағазбастылық азаяды, көп нәрсені шағын ғана орында сақтауға болады, қағаздан гөрі көрнекі жасалған сабақ, тәрбие жұмыстарының үлгілерін көріп танысу арқылы мұғалімдер үйренеді әрі үйретеді.

Мұғалім – үнемі оқып үйреніп, зерттеп жүргенде ғана, кәсіби тұрғыдан өседі. Ол үшін елімізге танымал ұлы адамдардың еңбектерін, педагогикалың ой-пікірлерін оқып үйрену қажет. Гимназияда жыл сайын жүргізілетін «Ұлтымыздың ұстаздары» жобалар сайысының мақсаты: ел құрметтеген даналардан үйрену. Алғашқы кезде бұл жұмыс оқушылармен ұйымдастырылған болатын. «Ұлтымыздың ұстаздары» жобалар сайысының салмағы мен маңыздылығы ұстаздар үшін ерекшелігін ескере отырып, бұл жұмысты мұғалімдер арасында педагогикалық зертхана түрінде өткізуге шешім қабылдадық. Тұңғыш қазақ даласына білім нұрын себелеген Ыбырай Алтынсарин, «Әліппенің атасы» атанған Ахмет Байтұрсынов, алғаш рет «Табиғаттану», «Жануартану» оқулықтарын жазған Халел Досмұхамедов, ұстаз бейнесі мен беделі туралы құнды пікірлер қалдырған Спандияр Көбеев, оқу-ағарту саласында көптеген өнегелі істерімен жолбасшы болған С.Сейфуллин т.б халық құрметтеген арыстарымыздың еңбегін зерделеп оқу барлығымызға үлкен тәжірибе мектебі болары сөзсіз. Осындай нәтижелі жұмыстардың бір сәтінде мынадай бір қазынаға жолыққанымызды атап өтсек:

Сонау ерте кезеңде-ақ ұстаз беделі туралы айтылып келеді. Ыбырай Алтынсариннің ізбасары С.Көбеев ағамыз мұғалім беделін көтерудің төмендегідей үлгілерін ұсынады:

  1. Қоғамдық жұмыстарды белсене атқаруы қажет

  2. Педагогика ғылымын егжей-тегжейлі білуі міндетті

  3. Мұғалім өз пәнін өте жақсы білумен қатар, басқа пәндерден де хабары болғаны жөн.

  4. Ол кластың құрамын, әр баланың жеке бас ерекшелігін зерттеп үйренгені дұрыс.

  5. Балалар ұжымымен қоян-қолтық араласып, оларға талаптар қойып, олардың орындалып отырылуын бақылауға міндетті.

  6. Мұғалім жүріс-тұрысы, киген киімі, сөйлеген сөзі арқылы үлгілі болуы қажет.

  7. Мұғалім баланы жақсы көруі қажет. [2]

Бұл пікір қазіргі мұғалімге қойылатын талаптармен үндесіп жатқан жоқ па?

Қорыта айқанда, жан-жақты құзыреттілігі жоғары, еліміздің мәртебесін көтеретін тұлға қалыптастыру үшін мұғалім де соған сай болуы керек. «Болат қайнауда шынығады» дегендей мұғалімді қалыптастыратын, кәсіби құзыреттілігін көтеретін мектептегі әдістемелік жүйенің жұмысы нәтижеге бағытталуы тиіс.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.Р.Каскатаева, Е.У.Медеуов «О современной тенденции подготовки педагогических кадров» , «12 жылдық білім беру» журналы №12/2010жыл

2. «Білгенге – маржан», «12 жылдық білім беру» журналы №8/2010жыл

























Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Научные работы
Просмотров264
Номер материала ДБ-041299
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх