Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / «Мектептегі тәжірибе» рефлексивтік есеп.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

«Мектептегі тәжірибе» рефлексивтік есеп.

библиотека
материалов

Жунусбаева Марал Турмысовна Астана қаласы, ФМБ НЗМ

география пәні мұғалімі 2014-2015 оқу жылы

3 деңгей, В3 есебі


«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша рефлексия

Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп

Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Үшінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруін түсінуі және бағалай алуы болып табылады, (МАН,6б) соған байланысты бағдарламаны оқи келе, менің өзімнің ең басты іс-әрекетімді сапалы білім беруге, оқушылардың қабілеттерін дамытуға, оларды өздік жұмысқа баулуға бағыттадым. Бағдарлама аясында алған білімдерімді қолдану барысындағы алғашқы іс-әркетім кафедра меңгерушісі Г.Ә.Нургалиевамен ақылдаса отырып, кафедрадағы пән мұғалімдеріне (Жанузакова П.И., Масатбаева С.С.) жалпы деңгейлік курстағы Кембридждік оқыту тәсілінің теориясымен, басты жеті модулдің мазмұнымен таныстырып, оқыту үрдісіне қолданудың жолдарын көрсетуден бастау алды. Бағдарламаның мазмұнымен толық танысқан соң әріптестерімнің тарапынан қызығушылық туындап, ынтымақтастықта жұмыс жасауға кірістік. Кембридждік тәсілдің сындарлы оқыту теориясын өз тәжірибеме енгізу мақсатында 7 «с» сыныбын таңдап алдым, себебі бұл оқушыларға тьютор болдым және соны пайдаланып, ата-аналарымен кездестім, кездесу барысында осы тәжірибемді осы сыныпта бастауды ескерткен болатынмын, сондай-ақ жалпы бағдарлама мақсатын, модулдердің ерекшеліктерін, оқытудың әдіс-тәсілдерін жеткілікті түсіндірдім, ата-аналар тарапынан қызығушылық тудырған мәселелер оқушылардың өздігінен білім алуы, күтілетін нәтиженің болуы және белсенді әдістер арқылы оқушылардың іс-әркеттері, дегенмен де, кейбір ата-аналарда түсінбеушілік туындады, яғни бағалаудың дәстүрлі бес балдық жүйеде болмауы, оған жауап қалыптастырушы бағалау бойынша оқушының әр-бір іс-әрекеті бағаланатындығы және оқушылар бір-біріне бағалау жүргізе алатындығы айтылды. Оқыту үрдісіне өзгерістер енгізуді сабақ жоспарынан бастадым, алдымен ынтымақтастық орта құру, табысқа жетуге жағдай жасау, оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, бағалау, рефлексия. Бағдарламада көрсетілгендей «Егер білімді игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін еске сақтау қиындық тудырады, тестен немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады» ( Мұғалімге арналған нұсқаулық, б 33) соны ескере отырып, сабағым нәтижелі болсын деп, оқушылардың белсенді жұмыс жасауы үшін сабақтың басында өткен мен жаңаның арасындағы байланыс арқылы проблемалық сұрақтарды қоюды шештім, сол арқылы оқушылар тақырыпқа шығады және алдарына мақсат қояды, оқушыларға бейнефильмдер, суреттер, белгілі бір жағдаяттар арқылы сабақ тақырыбын анықтау және сабаққа мақсат қою ұсынылды, оқушылардың берген жауаптары дәл мақсатты айта алмасада, ықтимал жауаптары өте қатты ұнады. Оқыту мен оқудағы өзгерістер мен үшін қызығы мен қиындығы қатар жүрген идеялар болды, сол қиындықтарды жеңу үшін, «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell,1967; Vygotsky, 1978) атты танымал педагогикалық тәсілдерді өз сабағыма тиімді қолдану үшін, тренеріміз Г.Д.Жампеисовадан кеңес алу негізінде оқу үрдісімде бірлескен жұмысты жасаудың түрлерін меңгере бастадым, соның нәтижесінде сабақтағы бірлескен жұмыс оқылатын пәннің мазмұнымен ғана шектелмей, оқытуда оқушыларды қолайлы атмосферамен қамтамасыз ету болып табылды, басқаша айтсам, оқу үдерісінде оқушыларға өздерін еркін сезінетіндей жағдай жасалса және қалай оқу керектігін үйретсе оқытудың мәні табысты және сапалы болатындығына көзім жетті. Топқа бөліп оқытуда алғашықыда топ ережесін, бағалау критерилерін өзім құрастырдым, бұдан туындаған қиыншылықтар біріншіден, топқа бөлу кезіндегі уақыттың көп кетіп қалуы, екіншіден, оқушылар бөлінген топтарда ортақ пікірге келе алмай, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде кедергілер орын алды. Оқушылардың топтық жұмыстарға төселмегендігі бірден байқалып тұрды, сынып ішінде дау туындап, оқушылар арасында түсінбеушіліктер болды. Бұл мәселені шешу үшін курс кезінде әріптесім А.Тайботанованың өткізген сабағындағы қолданған топқа бөлу әдісін таңдап алып, келесі «Жер қыртысының қозғалыс түрлері» сабағымда топтарды ұйымдастыруда оқушыларға «сөз қиындыларын» беріп, сол арқылы топтастырдым және өздеріне топтың ережесін шығартқыздым да, тақтаға ілгізіп қойдым, бұл оқушының өзін-өзі реттеудің бір жолы болып табылды, себебі оқушылар өздері құрған ережелерін бұзбауға тырысты және олар үшін өте қызықты болды. Топ ережесінде ең басты назарда не болуы керектігіне көңіл бөлгізіп, бағыт бердім, мысалы ұйымшыл болу, бір-бірі тыңдау, уақытты үнемдеу. Топқа бөлген соң оқушыларға белгілі бір ролдерді таңдап алу керектігін айттым, әр оқушы өзінің рөлі бойынша жауап беретіндігі анықталды, осының арқасында оқушылардың бір-біріне деген сенімділігі артып, бірлесе жұмыс жасауға бет бұра бастады, яғни әрқайсысына жауапкершілік жүктеу арқылы және уәж тудыру арқылы азда болса бұл кедергілерді жойдым деуге болады. «Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, осы мақсатта мұғалім оқу ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» (МАН, б 38) делінген, олай болса оқушылар белсенді жұмыс жасап, сапалы білім алуы үшін өздігінен жұмыс жасауға бағытталған әдіс-тәсілдерді таңдау және сыни тұрғыдан ойлауға байланысты тапсырмаларды құрастыру кезіндегі мәселелерді шешу мақсатында және бағдарламадағы 7 модулді оқыту үрдісіне енгізе отырып, тізбектелген сабақтар жоспарының топтамасын жасау үшін бірнеше рет осы бағдарламаның тыңдаушысы қазақ тілі мұғалімі Б.К.Уристимовамен кеңесе отырып, яғни сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қандай формада жұмыс жасау, қандай белсенді тәсілдерді қолдануға болады және сыни тұрғыдан тапсырмаларды қалай құрастыру керек екендігі жайлы ақылдасып, ынтымақтастықта жұмыс жасадым, соған байланысты бірнеше әдістерді таңдап алдым, соның ішінде «6 қалпақ», «Сэнквейн», «Ментальды карта», «Галерея» әдістерінің тиімді өткендігін айтуға болады, осы әдістер арқылы оқушылар сабақта белсенділік танытып, тақырып мазмұнын өздігінше түсінуге тырысты. Ал тапсырмаларды жас ерекшелігене сай сыни тұрғыдан құруға келгенде сұрақ қоюдың «нақты, концептуалды, пікірталастық, күрделі» түрлері қолданды, мысалы «геосинклиналь» терминін қандай жағдайда пайдаланымыз және қай деректерден іздеуге болады?, Цунамидың жақындауын қандай белгілерге байланысты сезуге болады?, яғни сұрақтар оқушыны ойланта отырып жауап беруін көздеп тұр, бұдан мен өзім үшін де, сұрақ қоюдың түрлерін игергендігім байқалды. Оқыту үрдісінде рефлексия жасау, оқушылардың өз жұмысына есеп беруі деген сөз, бұл қалай жүзеге асырылуы керек деген сауалға тренеріміз Н.Р. Бейсенгалиевпен кеңесе отырып, рефлексия мен кері байланыстың ара жігін ажыратып алдым, рефлексия әр тапсырма соңынан оқушылардың нені түсінгендігін, нені түсінбегендігіне есеп беруі арқылы қолдандым, оқушылардың тапсырма орындау барысындағы жіберген қателерін түзетуге бағыт бере отырып, кері байланыс орнаттым. Бұның негізінде оқушыларда да, менің өз басымда да өзін-өзі реттеу жүзеге асырылды. Оқушыларды өздігінен жұмыс жасата отырып, мен өзіндік рөлімнің ауысқандығын байқадым, себебі сабақ барысында оқушылардың тапсырмаларды өздігінен орындады, мен қажет кезіде ғана бағыт беріп отырдым, көбіне оқушылардың бір-бірінен сұрауын талап еттім, соның арқасында өзара оқыту жүзеге асырылды, кейбір сөздердің анықтамаларын немесе қажетті ақпараттарды сұрағанда табу көздерін айтып, бағыт беріп отырдым, бұдан оқытуды басқарудағы көшбасшылықтың жүзеге асырылғандығын байқадым.

Егерде бұл тәсілдерді үнемі сабақтарда қолданып отырсам, оқушылардың арасында сыйластық, құрмет, бірін-бірі тыңдау, бір-бірінің пікірімен санасу, топта, сыныпта өздерін еркін сезіну, қысылмай сөйлеу сияқты дағдылары қалыптасатындығына көзім жетті, ең бастысы оқушы айтайын деген ойын жеткізе білуді үйренеді, сол себепті оқытуда ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына мұғалім көшбасшылық жасап, тұлғаның әрекет жасауына еркіндік берсе, біршама жетістіктеге жетіп, жасаған істері нәтижелі болатындығын байқадым.



Қолданылған әдебиет:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей,үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012





Автор
Дата добавления 09.12.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров1403
Номер материала ДВ-244681
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх