Инфоурок Другое Другие методич. материалыМектептен тыс тәрбиелік шара "Теңізшевройл компаниясы кәсіби мамандармен кездесу"

Мектептен тыс тәрбиелік шара "Теңізшевройл компаниясы кәсіби мамандармен кездесу"

Скачать материал

  

 

 

Атырау қаласындағы «химия- биологиялық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

ұстаз – ұйымдастырушысы Смаева Гаухар Әбдірқызы

 

                                       «Бір күн өндірісте» жобасы

    Атырау қаласындағы «химия – биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Бір күн өндірісте жобасы» аясында  10 «С»   сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары - кәсіби бағдар беру инспекторы  Елеутов К.К, экономика пәнінің мұғалімі Санжанов А.К  өткен аптада қаламыздың орталығында орналасқан ТеңізШеврОйл компаниясының    экономикалық дамуымен, қазіргі таңда мұнай саласында  тапшы техникалық мамандар жөнінде ақпарат алу  үшін кәсіби мамандармен кездесті.

Кәсіби маман иелері Ислямов Ерлан, Құспанғалиева Асель, Калиев Марат компанияның  құрылу тарихынан бастап, даму сатыларын егжей – тегжей таныстырып өтті.                                                                                                           Теңізшевройл – Қазақстанда 1993ж 6 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен Кеннет Дерр Алматы қаласында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорын құру туралы 40 жылдық келісімге қол қойғалы белсенді жұмыс атқарып келе жатқан мұнай – газ өндіретін  ірі кәсіпорын. Олар жасалған шарт бойынша Теңіз және Королев кен орындарын игеру жөнінде келісімге келген. Қазіргі кезде кәсіпорынға:      Шеврон, Эксон Мобил, ҚазМұнайГаз, ЛукАрко компаниялары енеді.                 2008 жылы  Екінші буын зауытының барлық өндірісінің пайдаланылуға берілуі қазіргі бес технологиялық желіде өндіріліп жатқан өнімді екі еселеуге мүмкіндік берді және өнімдер көлемін азайтуда өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етті. 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде ТШО үшін темір жол мұнай тасымалдаудың негізгі көлік түрі болды. Мұнайдың негізгі барар орындары Қара теңіздегі порттар – Одесса, Феодисия (Украина) және Батуми еді. Бірақ кейін компанияның тасымал көлігі жөніндегі басымдықтары өзгерді. Қазіргі уақытта ТШО өндірген табиғи газды Қазақстанның газ құбырына тасымалдау үшін Теңіз – Құлсары газ құбырлары пайдаланылуда, 2004 жылы ТШО бұл газ құбырының екінші тармағының құрылысын салып, оны Орта Азия – Орталық магистральды газ құбырына жалғады, бұл құбыр – Орталық Азиядан, соның ішінде Қазқстаннан, Ресей арқылы батыс елдеріне қарай газ экспортын қамтамасыз етеді.

    Экскурсия барысында ТШО – ның  мұнай-газ өндіруші ірі компания ғана емес, әлеуметтік қайырымдылық жобаларды ұйымдастыратыны ерекше назарда болды. Олар түсетін табыстың бір бөлігін халықтың әл - ауқатын жақсарту, жастарды көзі ашық , көкірегі ояу азамат етіп өсіру мақсатында жұмсайды.  2007 жылы ТШО кәсіпорыны Сарықамыста орналасқан 374 отбасына арнап Атырау қаласындағы Лесхоз ықшамауданынан жеке кент тұрғызды. Және де Атырау облысының, Жылыой ауданындағы және Атырау қаласындағы мәдениет мекемелеріне, балалар үйлеріне, интернаттарға, қарттар үйлеріне, ауруханалар мен клиникаларға, мүгедектер ұйымдарына және тұрмыс деңгейі төмен адамдарға демеушілік көмек көрсетуде. Қалған 377 отбасына Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде  де  жаңа тұрғын үй кешенін салды. Сонымен қатар, Теңізшевройл экологиялық мәселелерді жоюға да үлес қосуда. Құлсары қаласында жасыл өсімдіктерге толы әдемі саябақтың құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Мектеп оқушыларын  қала тұрғындарының балалары үшін салынатын  жаңа балабақша ғимаратының макетімен де таныстыруды ұмытпады. Бұл қала тұрғындары үшін атқарылып жатқан игі істердің бірі екеніне қуанып қалдық.

     Оқушылар осы сапарда  өздерінің көкейлерінде жүрген көптеген  сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен ашық  бөлісті. Кәсіби мамандардан кеңес алған жоғары сынып оқушыларының осы салаға деген қызығушылығы артты. Сондай – ақ, қазіргі таңда сұранысқа ие болып отырған элиталық мамандықтың бірі – инженер маманы екенін біліп, болашақ мамандық таңдауда маңызды қадамдардың бірі болмақ.

 

 Ұстаз – ұйымдастырушы Смаева Г.А

суреттерді түсірген: 10 «С» сынып оқушысы Нұржанұлы Әлихан

                                                                         

       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектептен тыс тәрбиелік шара "Теңізшевройл компаниясы кәсіби мамандармен кездесу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 743 472 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2017 711
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смаева Гаухар Абдировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смаева Гаухар Абдировна
    Смаева Гаухар Абдировна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32295
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление поведением и создание благоприятной атмосферы в классе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 114 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек