Инфоурок Школьному психологу Статьи"Мектептердегі дуалды оқытудың ерекшеліктері"

"Мектептердегі дуалды оқытудың ерекшеліктері"

Скачать материал

 

МЕКТЕПТЕРДЕ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

 

Куликова Сауле Кенесбаевна

 

Б. Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектеп, Қостанай облысы, Арқалық қаласы

 

Қазіргі әлеуметтік, экономикалық үдерістер тоғысқан күрделі даму кезеңін бастан өткізіп отырған Қазақстан Республикасы зиялы қоғамның талап-тілектеріне толығымен жауап беретін  жауапкершілігі, талғамы жоғары, ой-өрісі белсенді,  шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгерген жеке тұлға қалыптастыру.

Сондықтан, еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл үйлесімділік дуалды білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады [1].

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі - Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Германияда оқушыларға кәсіптік білім беруді насихаттау жұмыстары 5-сыныптан бастап, яғни оқушылар бастауыш сыныпты аяқтаған соң-ақ жүргізіле бастайды екен. 5-сыныптың оқушылары арнайы орталықтарда мамандардан түрлі кәсіп бойынша дәрістер тыңдайды, сонымен қатар олар оқу шеберханаларында болып, шеберхана оқытушыларының көмегімен әртүрлі заттар жасайды.  Бұл тәсіл де жас балаларды жас кезінен еңбекке баулып, келешек мамандығын таңдауына толықтай көмек береді. Бізде мамандықтардың  үгіт-насихат жұмыстары  9-сыныптан, 11-сыныптан  бастап жүргізіледі. Бұл елдегі жұмыспен қамту агенттігінің жұмысы жүйелі, жақсы жолға қойылған. Агенттік  қайта даярлау, еңбек нарығына сай білім беру бағытында көп шаруа тындыруда. Агенттіктен елдің қай қаласында, қандай мекемеде өзіңе жұмыс табылатынын білуге болады. Егер мамандығың сәйкес келмесе, қосымша қысқа курстардан білім алып шығуыңа көмек беріледі. Мектеп оқушылары да сол агенттіктің мамандарының көмегімен болашақ мамандығы бойынша толық ақпараттар алады. Сондықтан болар Германияда жұмыссыздар тым аз. Жастар жұмыспен толық қамтылған.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарының өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру [2].

 

 

 

Организационная диаграмма

        

Сурет 1 Дуалды оқыту жүйесінің жетістігі

 

Жоғарда аталып өтілген Германияның тәжірибесіне қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мектеп оқушыларының кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, бүгінгі күнгі өндіріске қажетті мамандықтар толық қамтамасыз етілер еді.

Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:

1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;

2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, болашақ кәсіби мамандардың контингетінің жоғарылауы;

3. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;

4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;

5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;

8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;

10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.

Бұл мақсатқа жетудің негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері екені сөзсіз[3].

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №375 бұйрығы негізінде Арқалық қаласы әкімдігі білім бөліміне қарасты Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары технология пәнін, дуалды жүйе бойынша қалалық өндірістік оқу комбинаты (УПК) қажеттілігін қанағаттандыру, болашақ білікті мамандарды бірлесе даярлауға толық жағдай жасалған. Оқу комбинатында «Аспазшы», «Көлік ісі», «Ағаш жонушы», «Сантехник», «Қаржы» кәсіптері бойынша мектепте алған теорияларын тәжірибеде ұштастыра отырып, оқу жылы соңында мектепаралық  оқу-өндірістік комбинатында оқушы сынақ тапсыра отырып, белгілі бір кәсіп иесі деген куәлік алып шығады.

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 Оқушыларымыздың өндірістік-оқу комбинатындағы сабақтан көрініс

 

Мен мектептің педагог-психологы ретінде оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтау барысында Д.Голландтың типтерін анықтау тесті, «Мен қаладым», А.Е. Голомштоктың «Қызығушылық картасы» әдістемелерін  пайдалана отырып  диагностика жүргіздім [Қосымша 1].

         Дуалды оқыту жүйесінің ерекшеліктері:

Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады;

Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді;

Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді;

Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді;

Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді;

Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан оқушы оны күнделікті көріп, игереді.

Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер [4]

Қорыта айтқанда, әлемдегі жетекші оқу орындарымен арадағы ынтымақтастық пен оқытушылардың дамыған шет елдерде білімдерін жетілдіруінің еліміздің  кәсіптік-техникалық білім беру саласын жаңғыртуда пайдасы зор.

           

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     ҚР білім берудегі дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған бағдарламасы

2.     Өндірістік оқыту сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану. Алматы, 2013ж.

3.     Кәсіптік бағдар беру мен дуалды оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі. Толеукул А.А. Алматы,2013ж.

4.     Қазақстанның барлық кәсіптік мекемелерінде білім беру жүйесі теориямен қоса практиканы қамтуы тиіс. Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігі. Алматы,2013ж. Дуалды білім беруді енгізу шарттары туралы. Альжанов М.К., Кузембаев Б.,Шаяхметов Б.К., Атамбаев Ж.Н. , Алматы, 2013ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мектептердегі дуалды оқытудың ерекшеліктері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 1241
    • DOCX 10.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куликова Сауле Кенесбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куликова Сауле Кенесбаевна
    Куликова Сауле Кенесбаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10240
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные аспекты психоанализа детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс повышения квалификации

Нейропсихология детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1013 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 296 человек

Курс повышения квалификации

Основы кризисной психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 325 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе