Инфоурок Начальные классы Статьи"Мектепті жаңашаландыру бағытындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі"

"Мектепті жаңашаландыру бағытындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі"

Скачать материал

Мендигалиева Гульвира Светкалиевна

Есбол орта мектебі











hello_html_a3798fe.png



Мектептегі оқу үрдісін жаңашаландыру бағытында

әдіс-тәсілдердің тиімділігі


















Мектептегі оқу үрдісін жаңашаландыру бағытында

әдіс-тәсілдердің тиімділігі

ХХІ ғасыр- қанатын кеңге жайып қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету- еліміздің болашағына қызмет ету деген сөз. Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк туын биікке көтерер намысты қазақ ұланын тәрбиелеу және білім нәрімен сусындату әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі- жас ұрпақты саналы тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана- білім.Осы білімді бала санасына ептілікпен құю-бұл мектептегі ұстаздардың еншісінде. Қазіргі таңда оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін шыңдауды қажет етеді. Әр ұстаз жаңа заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде өз шеберлігін, шығармашылығын жылма-жыл өзгертіп, оқушы белсенділігін арттыратын оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса,игі нәтижеге жетері сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен болатын.

Осы орайда ұстаздар қауымына түсер салмақтың жеңіл болмасы анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын. Қазіргі таңда Назарбаев зияткерлік мектебі» жанынан Кембридж университеті білім беру факультетінің және педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша педагог мамандарды деңгейлеп оқыту курстары өткізіліп жатыр. Жаңашаландыру бағытында мен осы игі бастаманың куәгері болып, аталмыш курстың тыңдаушыларының қатарынан табылып, 2013 жылдың қараша айында бірінші /ілгері/ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталып қайттым. Бұл курстың негізгі мақсаты «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды және оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады».

Осы оқыған білімімді мен де жай иеленіп қана қоймай оны тәжірибе арқылы өзім еңбек етіп отырған мектебімнің жай-күйін анықтап, оның дамуына өз үлесімді қосқым келді.

Есбол орта мектебі 85 жылдық тарихи шежіресі бар қанатын кеңге жайған, сан шәкіртті үлкен өмір жолына аттандырған республика көлемінде жетістіктерге жетіп жүрген білім ордасы.2003 жылы 12 жылдық білім беру бағытында тәжірибе алаңы болып бекітіліп, жұмыс жасады. Мектеп нәтижеге бағытталған білім беру және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған білім мекемесі.

Тәжірибенің өзгеруі-бұл білімнің өзгеруі. Сапалы дамыту жұмысына жаңа технологияларды енгізгенде ғана өзгертушілік әсері болады. Мектеп тәжірибесін жетілдіру жұмысыма әріптестерім қолдау көрсетіп бірлесе жұмыс жасауға құлшыныстарын білдірді. Осы бағытта мектептің даму жоспарына өзгерістер енгізу үшін бір мақсат пен бір тілекте қолдау көрсетіп жұмыс жасайтын мұғалімдерден қоғамдастық құрдым. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, қызығушылығы жоғары, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардан құралған кәсіби қоғамдастық «Нұрлы жол» деген атаумен өз жұмысымызды бастадық. Осы кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып, мектептің даму жоспарына өзгерістер енгізу үшін жоспарланған жұмыс түрлері қазіргі таңда беріліп отырған әлемдік бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс таралуы үшін аянбай, қолдан келгенше еңбектенуге жұмыстандық.Мектепті дамыту жоспарына енгізген бағытым «Оқу мен оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін оқу үдерісіне енгізу арқылы, оқушылардың белсенділігін арттыру» деген тақырыбы анықталды. Ондағы мақсатым: Оқу мен оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқыту нәтижесін, оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру.

Өзгерістер енгізу үшін тәлім алушы әріптестеріме даму жоспарының тақырыбына сай коучинг пен тәлімгерлік жұмыстарын, бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыра және «Лессон Стади» тәсілімен зерттеу сабақтарын өткізуді жоспарға енгіздім. Білім дәрежесіне, кәсіби деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен ұстап тұра алмайды. Сол себепті мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастық ортасы құрдым. Өткізілетін коучингтердің тақырыптары анықталып алынып, коучинг нәтижесінде әріптестер өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етілді. Олай болса енгізілген әдіс-тәсілдерге тоқталсам:

  • Жас ұрпаққа сапалы білім беру бағытында ең бірінші топтық оқытуға басты назар аудардым. Топтық оқыту арқылы мұғалімдер оқушылармен бірлесе, ұжымдаса жұмыс түрлерін жүргізеді. Берілген тапсырмалар барысында әртүрлі проблемалық жағдаяттарға жауап беріп, сыни көзқарастары қалыптасады. Осы орайда, «Топтық жұмыс әдісі арқылы сыни ойлауды қалыптастыру» тақырыбында коучинг өткіздім. Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл әдіс оқушылар бойына сыни ойлауды қалыптастыру, ақпаратты ұғыну, талдау, бағалау, жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады. Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау модулінен білетін білімдерін кеңейтті. Осы әдістің негізгі идеялары жазылған мәтіндер үлестірдім. Түсінгендерін постерлерге түсірді.

  • Келесі басымдық Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағы» әдістемесі. Бүгінгі жедел өзгеріп отырған әлемде жаңа шығармашыл, сындарлы, жаңа идеялар мен даму жолдарын мүмкіндік беретін ойлауға деген қажеттілік артып отыр. «Ақылдың алты қалпағы» әдістемесінің мақсаты: Әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру" . Бұл тәсілді әр мұғалім өзінің сабақтарында жиі пайдалану арқылы оқушыларды жүйелі сөйлетуге, өз ойларын қорытып, өмірмен байланыстыруды үйренді.

  • Келесі басымдыққа алынған тәсіл «Диалогтік оқыту». Диалогтік оқыту арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «саламатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу- оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Сондықтан да әр мұғалім өз сабақтарында оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік жасатуға тырыстым.

Қазіргі таңда білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда. Осы бағытта аудан, облыс мектептерімен және басқа облыс мұғалімдерімен желілік байланыста болып, шығармашылық тәжірибелермен, жаңа идеялармен бөлісудеміз.

Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда ғана мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-қатынастар және ұжымдық тәрбие жатыр. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым-қатынас деңгейі бұл мектептің ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып табылатыны дәлелденген. Бұл тәсіл ынтымақтастық, жәрдемдесу және бірлесіп жұмыс істеуге негізделген кәсіби даму мен оқыту нысанын көздейді. Бұл мектепке мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп оқитын оқу қоғамдастығы ретінде қарау дегенді білдіреді.

Ғұлама ғалым әл-Фараби «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деп ой түйген екен. Олай болса, алда мақсат айқын, осы мақсатқа жетуде талмай еңбектену нәтижесінде білімді, саналы, еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған ұрпақ тәрбиелеуге атсалысамыз деп сенімді түрде айта аламыз.


Тыңдағандарыңызға рахмет!





























5


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мектепті жаңашаландыру бағытындағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 1282
    • DOCX 104.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мендигалиева Гульвира Светкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66189
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе