Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш"

библиотека
материалов

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Спатаева Индира Жуматаевна

«Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш».

Мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру;

Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;

Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;

Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! (Әнұраны орындалады)

Жоспар: І бөлім: “Еліміздің рәміздері”

ІІ бөлім: “Тұғыры биік Қазақстан”

ІІІ бөлім: Қорытынды

Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-бөлім, 98-баптан тұрады. 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын,бүкіл болмыс ерекшелілігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба,Туын,Әнұран-

Тәуелсіздікке тәнбелгі-

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән берді,

Иесі оның мына біздер,-деп тәрбие сағатымыздың біріншіі бөлімі «Еліміздің рәміздері»- көшейік.

Көк жүзінде көгілдір

Гүл жайнаған мөлдір нұр.

Қазақстан жалауы-

Азаттықтың алауы.

Желбірейді аспанда,

Отан орны асқарда.

2-оқушы: Ту

Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

3 - оқушы: Елтаңба

Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,

Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.

Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.

Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.

Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.

Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.

Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,

Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.

Шаңырақ тұр арқау болып,бар жүгінді арқалап,

Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.

Елім үшін шексізөмір,тіршіліктің нышаны,

Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.

Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,

Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.

Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,

Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.

4 – оқушы:

Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.

5 – оқушы: Әнұраным

Әйгілісің әуеніңмен әлемге,

Әнұраным, пәктігінді дәлелде.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.

Жүрегінен орын алып елімнің,

Шартараптан шарықтаумен көріндің.

Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,

Белгісісің кең жазира жерімнің.

Әрлі әуенің шартарапты шайқады,

Күштілігін бүкіл халық байқады.

Шабыт берген Әнұранды әрқашан

Маңғыз елім мақтанумен айтады.

Мұғалім: Мемлекеттік туымыздың авторы кім?

7-оқушы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғаоғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

Мұғалім: Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?

8-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас саулетшісі, қазір Астанада тұрады.

9-оқушы: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызыметкері.

Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?

10 – оқушы: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған.

Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.

11 – оқушы: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған.

1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге днйн ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

12 – оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған.

Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келеді.

Мұғалім:

Отаным Қазақстан туған елім,

Кең екен ғой қаншама дархан жерің.

Қасиетті қара жерді қалың жаудан

Қоршап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің.

Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,

Табиғат та тербеледі тірі жандай.

Көкірегіңде тізілген тауларыңның

Арасынан батқан күн, атар таңдай.

Қазақстан елтаңбаң бар, әнұраның,

Көк байрақта қалықтап тұр бақ қыраның

Жан жағы оюланып әшекей боп

Тауыпты көк аспан, күн тұрағын.

Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,

Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.

ІІ бөлім: «Тұғыры биік Қазақстан»

1. Тәуелсіздікті қай жылы алды? Қазан айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады (1992)

2. Қазақстанның егенмендігі туралы декларацияны қай жылы қабылдады? (1995)

3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)

4. Қазақстанда қанша облыс бар? (14

5. 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды. (2011)

6. ҚР-ның жаңа Астанасын атаңыз (Астана)

7. Ұлттық валюта теңге қашан айналымға енгізілді? (1993)

8. ҚР-ның қазіргі конституциясы қашан қабылданды? (1995)

9. ҚР-ның рәміздерін атаңыз (елтаңба,ту, әнұран) 1991

10. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы

қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды. (1991)

11. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады (1992)

12. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.(1993)

13. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды. (1995)

14. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран

қабылданды. (2006)

15. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады. (1991)

16.Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. (1992)

17. Қысқы VII Азияда олимпиадасы (2011)

ІІІ бөлім: Қорытынды.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді.

Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін

сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров273
Номер материала ДВ-090495
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх