Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мемлекеттік тіл - менің тілім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мемлекеттік тіл - менің тілім

библиотека
материалов




Бекітемін

Орталық әдіскері

____________А.Қ.Қарсабаева

«____»______________2014 ж.











Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні онкүндігі аясында өткізілген ісшараның әзірлемесі

Тақырыбы: Мемлекеттік тіл - менің тілім




Топ деңгейі: Базалық






















Мақсаты:

  1. Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тыңдаушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және құрметтеуге баулу.

  2. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру.

  3. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы өзге ұлт өкілдерінің дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, гүлдер, шарлар, буклеттер.



1. Жүргізуші:

Құрметті қауым! Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

2. Жүргізуші:

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай

кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

1. Жүргізуші:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші,

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері емханасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай қызметкерлердің арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

2. Жүргізуші

«Асыл тастан, өнер жастан шығады»,- деп дарынды,

«Халық айтса қалып айтпайды», әрқашан да нанымды, - дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазылар алқасының төрағасы – ...................................................

Қазылар алқасының мүшелері:








1. жүргізуші

2. жүргізуші

1. Жүргізуші -

Сонымен сайысымызға кезек берсек:

Кім білімді, өнерпаз, білейікші,

Сайыскерлер алғыр деп жүрейікші.

Қазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші, - деп қатысушыларды қошеметпен ортаға шақырамыз.

2. Жүргізуші 1сайыскеріміз – –

  1. Жүргізуші 2сайыскеріміз – –

2. Жүргізуші 3 сайыскеріміз – –

  1. Жүргізуші 4 сайыскеріміз – –


2. Жүргізуші

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезең 5-тен бастап 10 ұпайға дейін бағаланады.


1-Жүргізуші 1- кезең "Сәлемдесу"

2- Жүргізуші 2 - кезең "Жыр парағы" (өлеңді мәнерлеп оқу)

1- Жүргізуші 3- кезең " Кім көп мақал-мәтел біледі?"

2- Жүргізуші 4- кезең Үй тапсырмасы: "Тақырыптық әңгіме құру"

1 - Жүргізуші 5 - кезең " Іс қағаздарын дұрыс толтыру"

2- Жүргізуші 6 - кезең "Өнерлінің өрісі кең" (өз өнерін көрсету)


1- Жүргізуші

Бірінші кезең «Сәлемдесу» немесе «Таныстыру».

«Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.

« Өзге емес өзім айтам өз жайымды...».

Әр сайыскер өзін таныстырып өтуі керек

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа.

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына,- деп 1-ші сайыскерді ортаға шақырамыз.

Екінші кезекте –

Үшінші кезекте –

Төртінші кезекте –

2. Жүргізуші

  1. Екінші кезеңді «Жыр парағы» деп атап, қазақ ақындарының шығармасынан өлеңдерін мәнерлеп оқып жарысайық.





Бірінші кезекте –

Екінші кезекте –

Үшінші кезекте –

Төртінші кезекте –


1. Жүргізуші Қазылар алқасы 2 кезеңнің қорытындысын шығарғанша, ән тыңдалады.

2. Жүргізуші

Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші кезеңі мақал-мәтелдерге арналады. «Кім көп мақал-мәтел біледі?» сайысы және мақал мәтелдегі сызылған сөзді аудару.

Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз, алдын-ала дайындалған парақтарды суырып ондағы мақал-мәтелдің аудармасын жазу керек.

/ Берілген уақыты 3 минут./

1. Жүргізуші

«Білекті адам бірді жығады, білімді адам мыңды жығады»,-деп,

біздің сайыскерлеріміз дайындалғанша, көрермендердің қазақ тілінде

мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік.

Берілген мақалды аяқтап ,жалғасын табу керек:

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Сөз атасы -құлақ, жол атасы -тұяқ, су атасы- бұлақ.

Еңбек- адамның көркі, адам- заманның көркі.

Жыланның уы -тісінде, адамның уы- тілінде.

Тіл – қылыштан да өткір.

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

2. Жүргізуші Сайыскерлерді ортаға шақырамыз,мақал – мәтел айтудан жарысады санына шектеу қойылмайды, кім көп айтса ұпайы да көп болады.

Бірінші кезекте –

Екінші кезекте –

Үшінші кезекте –

Төртінші кезекте –


1. Жүргізуші Құрметті сайыскерлер парақтарыңызды қазылар алқасына тапсырыңыздар.




2. Жүргізуші

Ал біз төртініші кезеңді бастаймыз. «Тақырыптық диалог құру» Ол үй тапсырмасы болған. Әр сайыскер арнайы тақырыпқа сұхбатты дайындап, сахналау керек.


Бірінші кезекте – «Дәрігерде»

Екінші кезекте – «Дүкенде»,

Үшінші кезекте – «Бурабайда»,

Төртінші кезекте – «Асханада»


1. Жүргізуші Қазылар алқасы 3,4-ші кезеңнің қорытындысын шығарғанша, ән тыңдалады.


2.Жүргізуші. - Бәрекелді, сайыскерлер өте жақсы! Енді сайысымыздың келесі бөліміне көшеміз бұл бөлім жазбаша өтеді, яғни мемлекеттік тілде ауызекі сөйлей білумен қатар сауатты жаза білуге де дағдылануымыз керек. Сол мақсатта сайысымыздың келесі бөлімі «Іс қағаздарды дұрыс толтыру» деп аталады. Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз, алдын-ала дайындалған конвертті таңдайсыз, конвертті ашып, қазылар алқасына көрсетіңіздер.

/Берілетін уақыт 5 минут./

Өтініш, сенімхат, қолхат, түйіндеме.


1. Жүргізуші

  • Құрметті көрермендер,ал қазір викториналық сұрақтарға жауап берейік.


  1. Қазақстанда неше облыс бар?

  2. Қазақстан неше елмен шектеседі?

  3. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

  4. Қазақстан Конституциясын қашан алды?

  5. Қазақстан рәміздері қандай?

  6. Мемлекеттік тіл мерекесі қай күні тойланады?

  7. Осы жылы Көкшетау қаласы неше жылдығын тойлады?

  8. Көкшетау қаласы нешінші жылы құрылды?

  9. Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

  10. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?


Сайыскерлер жазғандарын оқиды,содан кейін бағалау үшін қазылар алқасына береді.






2. Жүргізуші

Өнерлі адамға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен.

Алтыншы сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.

Осы кезеңде сайыскерлер өз өнерін көрсетеді.

Бірінші кезекте –

Екінші кезекте –

Үшінші кезекте –

Төртінші кезекте –

1. Жүргізуші Қазылар сайыстың қорытындысы шығарғанша, ән тыңдалады.

2. Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

1. Жүргізуші - Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Халық жауы атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.

Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

2. Жүргізуші «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты қызметкерлердің арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Осы сайысымызға белсене қатысқандары үшін сайыскерлерге алғысымызды білдіреміз.

Бірге: Аман сау болыңызар!
























Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні онкүндігі аясында өткізілген

ісшараның әзірлемесі

Тақырыбы: Мемлекеттік тіл - менің тілім











Дайындаған:

Орталық оқытушысы Д.В.Орлова











Көкшетау қ.

2014 ж



Автор
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров189
Номер материала ДВ-212804
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх