Инфоурок Другое Конспекты«Мемлекеттік тіл – мерейім» атты байқауының СЦЕНАРИІ

«Мемлекеттік тіл – мерейім» атты байқауының СЦЕНАРИІ

Скачать материал

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қалыбаева Бағила Қаржаубайқызы

 

 

«Мемлекеттік тіл – мерейім» атты байқауының

                              СЦЕНАРИІ

(фанфар ойналып, жүргізушілер сахна ортасына шығады)

 

1 жүргізуші:    Алқалы жұртым, армысың,

                          Көшпелік түгел, бармысың?

2 жүргізуші:   Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар.

1 жүргізуші:   Күн шаңырақты күміс отау далам бар.

                          Сүйсініңдер, суретіне қараңдар.

                          Туып өскен Отаным – Қазақстан

                          Күлімдеп гүл жайнаған гүл шығыстан.

2 жүргізуші:   Қазақ жері – достықтың гүлстаны

                         Дархан осы – мерейлі ырыс бағы

                         Күрестерде, еңекте, мерекеде

                         Мұнда сан ұлт қолдасып, ту ұстады.

1 жүргізуші: - «Татулық пен ынтымақ болған жерде ғана қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнайды» дейі халқымыз.

     Қазақстан Республикасы алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдерінің тату – тәтті өмір сүруі де осының айғағы болса керек.

 

2 жүргізуші: - Ия, кең байтақ елімізді мекен еткен әр халықтың өкілдері түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, ел бірлігінің негізін қалап келеді.

 

1 жүргізуші: - Қазақстан елінің Көк байрағын әлем чемпионатында желбіреткен Ольга шишигина, қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгерген Қазақстан халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақын Надежда Лушникованы мақтан тұтамыз.

 

2 жүргізуші: - Иә, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, сондағы жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, Қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазақ халқынан кем білмейді.

Ендеше, болашағымызды баянды етер қаруымыз – тілімізге арналған « Мемлекеттік тіл – мерейім» атты байқауға

Бірге: - Қош келдіңіздер.

1 жүргізуші:    Құндығында бесіктің

                         Қазақ тілін үйрендім

                         Сол арқылы бой жазып,

                         Азамат боп өсіппін.

2 жүргізуші:  Бейбіт күн – тыныштық

                         Біз үшін тым ыстық

                         Ырыс, құт тұтқасы

                         Ынтымақ, туыстық.

1 жүргізуші:  Сильнее дружбы силы нет

                         Чудесней дружбы чуда нет

                         Когда мы вместе – выше небо,

                         Щедрей, лучистей солнце нет.

2 жүргізуші:  Достығымыз жарасқан,

                         Ақпыз, қара, сарымыз

                         Қара жер мен көк аспан,

                        Ортақ дала туымыз.

1 жүргізуші: Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан. Ұлы бабамыз Төле би кезінде «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» дегендей, Қазақстан мемлекетінің түкпір – түкпірінде достығы жарасқан, Отанын сүйетін, елін – жерін қорғайтын, патриотты рухта тәрбиелеген әр түрлі ұлт өкілдерінің ұрпақтары өсіп келеді.

     Ендеше, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озады дегендей, бүгінгі байқауға қатысушы үміткекерлерімізді қол соғып, қошаметтеп, сахна төріне шақырайық.

 

2 жүргізуші: - Құрметті көпшілік қауым!

Бүгінгі күні бізді мерекемен құттықтап, өздерінің игі тілектерін білдіру үшін, қонақтар мектеп басшылығы келіп отыр.

1 жүргізуші: - «Сөз – өмірдің салихалы түйіні, әрбір сөзде жатыр маржан бұйығы» демекші, бүгінгі үміткерлерімізді көмейінен төгілер әрбір сөздің маржанын моншақтап отырар қазылыр алқасымен таныстырып өтейік.

1)    Кожакова З.К. – оқу ісінің орынбасары

2)    Нұрғалиева К.Ж. – әдіскер

3)    Боккарина Г.Б. – әдіскер

4)    Жақсыбаева З.Ж. – қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің жетекшісі.

5)    Шоханова Ж.Д. – ағылшын пәні бірлестігінің жетекшісі.

2 жүргізуші:  Меніңше, қонақтарды, қазылар алқасын, көрермен көпшілікті байқаудың шартымен де таныстыратын уақыт келіп жеткен сияқты.

1 жүргізуші: - Дұрыс айтасың. Байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сонымен, үміткерлеріміз 4 кезең бойынша өзара күш сынасады.

Бірінші кезең: Таныстыру. Қатысушы өзін мемлекеттік тілде таныстырады.

Берілетін уақыт 3 минутқа дейін.

 

Екінші кезең: Әдеби викторина. Мемлекеттік тілде халықтар достығы мен тілге қатысты мақал-мәтел айту. 8-10 мақалдан кем болмауы керек7

 

Үшінші кезең: Викториналық сұрақтар. Қазақ тілінде «Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында тарих және географя пәндері бойынша қойылатын 3 сұраққа жауап беру.

 

Төртінші кезең: Шығармашылық өнер. Қатысушылардың қалауы бойынша өнерлерін тамашалау. Яғни, қазақ тілінде ән айту, аспаптар жанырында ойнау, көркемсөз оқу немесе прозалық шығармаларды нақышына келтіре айту. Белілетін уақыт 5 минутқа дейін.

 

2 жүргізуші: Сонымен қатар, бүгінгі байқау 5 балдық жүйемен бағаланады. Әр байқаудан кейін қазылар алқасы бағаларын беріп отырады.

 

1 жүргізуші:    Қаза тілі – атаң, анаң,

                           Қуат алар Отан содан.

                           Дүниеге ешбір асыл,

                           Тең келмейді қатар оған.

                           Дұшпаныңда бас иетін,

                           Тілің – ұлттық қасиетің                  - дегендей

Міне, байқауымыздың бірінші кезеңі де аяқталады. «Таныстыру» кезеңінің бағасын әділқазылар алқасынан сұрамас бұрын, үміткерлеріміздің барлығын сахна төріне шақырайық.

Қазылар алқасынан бірінші кезеңнңғ бағасын беруін сұранамыз.

 

2 жүргізуші:    Көп ішінде сөйлеген,

                           Шешендіктің белгісі.

                           Көпке сөзі ұнаған,

                            Көсемдіктің белгісі -дегендей, келесі байқауда үміткерлер мемлекеттік тілде халықтар достығы мен тілге қатысты мақал- мәтел айтады. Айтылатын мақалдардың саны 10-15 –тен кем болмауы керек.

 

Екінші кезең: Әдеби викторина

Қазылар алқасынан екінші кезеңнің бағасын беруін сұранымыз.

 

1 жүргізуші:     Туған жерді сүю – парыз,

                            Сүю үшін – білу парыз.

                            Күзетінде тұру парыз,

                            Қасиетін ұғу парыз – дегендей,

Байқауымыздың викториналық сұрақтар кезеңінде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында үміткерлеріміз тарих және география пәндері бойынша қойылатын 3 сұраққа жауап береді. Олай болса, барлық үміткерлерімізді сахна төріне шақырамыз.

 

Үшінші кезең: Викториналық сұрақтар

Қазылар алқасынан үшінші кезеңнің бағасын беруін сұранамыз.

 

2 жүргізуші: «Өнерлі елден, өнерлі бала туар» - деп атам қазақ айтқандай байқауымыздың келесі кезеңінде қатысушылардың өнерлерін тамашалаймыз. Олар өз қалауынша таңдап алған әр түрлі жанр бойынша өз өнелерін сіздердің назарларыңызға ұсынады.

 

Төртінші кезең: Шығармашылық өнер.

Қазылар алқасынан төртінші кезеңнің бағасын беруін сұранамыз.

 

1 жүргізуші: - Міне, біраз уақытқа созылған байқауымыз да өз мәресіне жетті. Ендеше, бүгінгі байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтап беру үшін сахна төріне қазылар алқасын шақырамыз.

 

Жеңімпаздарды марапаттау.

2 жүргізуші:   Қазақ жері маған да болған мекен

                          Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?

                          Досқа – дарқан, дұшпанға сонша қатал,

                          Сүйем оны, сағынып, самғап жетем!

1 жүргізуші:    Бірлік пенен ынтымағы халықтың

                           Көгімізде жарқыраған жарық күн

                           Ырыс, дәулет бақыты үшін халқының

                           Жайнай берсін, жайнай берсін – алтын күн.

 

 

«Атамекен» әні орындалады.

 

2 жүргізуші:     Қуан далам, қуанатын күн бүгін,

                            Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

                           Тіл туралы заңым ендік күшіне,

                           Паш еткендей кескен жаңа күндігін.

                           Қуан, халқым! Күшіне енді Тіл заңы,

                          «Сүйінші» деп ақындарың жырлады.

                           Ел елдігі бағаланар тілімен,

                           Сол арқылы бағаланар гүл бағым!

 

 

    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мемлекеттік тіл – мерейім» атты байқауының СЦЕНАРИІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 366 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 2324
    • DOCX 20.8 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалыбаева Бағила Қаржаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қалыбаева Бағила Қаржаубаевна
    Қалыбаева Бағила Қаржаубаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7742
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой