Инфоурок Другое Конспекты"Мемлекеттік тілді білу парызым"

"Мемлекеттік тілді білу парызым"

Скачать материал

ЭССЕ

Мемлекеттік тілді білу парызым

 

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.

1989 жылы, 22 қыркүйекте  Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң  қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі (статусы) берілді.

1993 жылы, 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.

Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тілді меңгеру – кез келген Қазақстан Республикасы азаматының міндеті. Шындығында, мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, оның шұрайлы тілін, қуатты күшін жете білу – біздің парызымыз. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халқымыздың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы» Біз үшін қазақ тілі ұлы. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін әлемге танытатын да оның тілі. Қазақ тілі арқылы күллі әлемге танытанын да оның тілі. Қазақ тілі арқылы күллі әлем тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін және өнерін таниды.

Президентіміз мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуына ерекше назар аударып отыр. Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру – бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы. Елбасы үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Үкімет алдына республикамыздың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі жөніндегі міндетті қойды.

Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруі  де  ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен дербес, тәуелсіз мемлекет болуының негізі – оның ана тілі деген екен.

         Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай  «Өз тілін, әдебиетін білмеген,  қадірлемеген адамды сауатты,  мәдениетті деуге болмайды», - демекші 

Адам баласы ес білген кезінен бастап, айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың  мәнін түсіне бастайды.  Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен  ұғынады, туған тілі арқылы игеріп, игілігіне жаратады. Өйткені көз жіберіп, ой елегінен өткізіп, таразылайды, болашағын жырлайды, келешегіне жоспар жасайды.

Ана тілі арқылы адамдар бір – бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады.  Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз отбасында тәрбиеленеді.

Ана тілі – халқымыздың өмір сүріп, қоғамды  жан – жақты дамытып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі.  Өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың дүниеге келіп, өмір сүруіне тікелей байланысты, екіншіден, ана тілін ұмытып,

ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім – тірбие  алмаған   халықтың келешегі жоқ. Себебі ол  халық  біртіндеп  тарих  сахнасынан  шығып қалады.

Өз ана тілін білмеген,  қадірлемеген  адам  өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел – жұртын да, Отанын  да сүйе алмайды. Біздің қазақ

халқында аса көрнекті, атақты ақын – жазушыларымыз өте көп. Сол ақын – жазушыларымыз ана тілі туралы көптеген өлеңдер, пікірлер,  мақал – мәтелдер, әңгімелер жазып, артындағы ерген інілері мен қарындастарына өшпес із қалдырып отырған.  Сәбит Мәуленов ағамыз қазақ тілі туралы былай деген екен:         Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,

Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.

Сол тілменен сәбилерді сөйлеттім,

Талайлардың көз жастарын құрғаттым.

Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім,

Сол тілменен көгершінге жем бердім.

Сол тілменен дүниеден кетемін,

Сол тілменен дүниеге  мен келдім. Деген екен.

Қазақ халқын құраған рулар мен тайпалар тарихта  ертеден – біздің жыл санауымыздан бұрын – ақ мәлім болған. Содан бері бұл тіл халқымыздың қатынас құралы болып келе жатыр. Қазақ тілі – ұрпақтан – ұрпаққа жеткен мұра.  Сондықтан да қазақ тілі халқымыздың талай ардагерлер ақындарының жыр арқауына айналған.

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңының  4 – бабында, Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,  заң шығару,  сот ісін жүргізу  және іс – қағаздарын  жүргізу тілі.

Қазақстан  халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. 

Үкімет өзге де мемлекетік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

Қазақстан  Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

Қазақстан  Республикасының барша  азаматының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық  ұйымдастырушылық материалдық – техникалық жағдайларды жасауға;

Қазақ диаспорысына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті – деп жазған.

         Осы жазылған Тіл туралы заңына қарамастан,  Қазақстанда туып – өскен  өзіміздің қазақ халқымыздың ішінде қазақ тілін өз ана тілім деп есептемейтін қаншама адамдарды  көп кездестіреміз. Автобуста, көшеде орыс тілінде сөйлеп, оған жараса ма, жараспай ма екеніне қармастан шүлдірлеп, бала сияқты былдырлап келе жататын бауырларымыз бен жерлестерімізді көресің. Немесе керек жеріңді сұрасаң «Ой, не знаю где – то  там», – деп   жауап береді. Ондай адамдарға қарапайым қарап тұрып – ақ, ішіңдегі бауыр етің іріп, қарның ашиды.  Е–е–е, осы адамдардың тәрбие берген ата – анасы қайда қараған?  Неге үйреткен? – деп ойым он жақта, санам сан жақта болады.

         Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі демекші туған ата – аналары  да туған жерлерінде өз үйінде мемлекеттік өз ана тілінде сөйлемесе, өзге тілде сөйлеп шүлдірлегенін қайтеміз? Қазақ халқы былай деген екен. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп бекерге айтпаған. Иә, мен онымен келісемін, керек кезінде қолданып, өз үшін өзге тіл барлығымызға керек екенін  ұмытпауымыз керек. Бірақ, ең бастымы – өз туған жеріңде, мемлекеттік тілде, өз ана тіліңде сөйлемесең, қайда сөйлесің? дегім келеді.

         Айта берсек бітпес жыр, таусылмас қазына. Ол үшін, осылардың барлығы талапқа сай болу үшін, қарапайым мектептерде, мекемелерде, жұмыс орындарында  мемлекеттік тілде қазақ тіліне бірте – бірте үйретіп, таза қазақша сөйлеп, қойған сұрақтарын мемлекеттік тілде жауап беріп, қатынас құралы мемлекеттік тілде болуына көмек көрсетуіміз керек деп ойлаймын.

Сөзімді түйіндей келе, болашақта мемлекеттік тілде барлық қарындастарымыз бен қауымдастарымыз Қазақстан Республикасы азаматтары, мемлекеттік тілді біліп қана қоймай, сол мемлекеттік тіл – қазақ тілінде сөйлесе екен деген қиялымыздан  ұшқан арманымыз орындалсын деп тілеймін.               Мемлекеттік тілді білу парызым.

Сол парызды ақтау керек өз үшін.

Өзге тілді білу керек әрине...

Білсең оны – білмесең де, өз үшің.

                    *******

Өз тіліңді құрметтейік ағайын

Құрметтейік, қадірлейік қазағым,

Менменшілдік болмау керек біздерде

Ол үшін де тырысайык талпынып,

*******

Орыс, қазақ, қытай деп бөлмей – ақ

Тату – тәтті тұрайықшы бірігіп,

Бірлік барда, тірлік болар әрине

Ол үшін де, тілді білу парызым! деп сөзіме бел будым.

 

 

Серікбаева Гүлназ Бауыржанқызы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мемлекеттік тілді білу парызым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2015 3503
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикбаева Гулназ Бауыржанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9573
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе