Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз" 3- сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз" 3- сынып

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

 Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділігі: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;

  Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату;

  Дамытушылығы : Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру.

 Тәрбие сағатының көрнекілігі:

 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, компьютер.

 2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

 3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

 Тәрбие сағатының барысы:

Психологиялық дайындық. «Әр елдің сәлемдесуі»

 Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған.

 Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

 Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

 Жаһандағы ең жауынгер халықта,

 Кім сенеді ту болмады дегенге ?!

 Батырлыққа уызынан жарыған,

 Ер түркіні байрағынан таныған.

 Өзі ақын, өзі әнші халықта,

 Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?!

 Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға,

 Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

 Қалай оның елтаңбасы болмайды,

 Түлігіне дейін салса ең – таңба ?! – деп ақындарымыз жырлаған екен.

 Бүгінгі Білім күніне арналған алғашы сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерімен бастауды жөн көрдім : «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындату.

 Мұғалім сөзі: Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

  ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса өз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне тоқталып өтейік.

 1.Айкөркем:Рәмізім-елдігімнің белгісі,

 Білу керек бала дағы ең кіші.

 Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

 Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

  М.с. Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп- өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек – алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

2.Айару:Қазақстан Туы

 Көк аспандай көкпеңбек

 Қазақстан жалауы.

 Көк емес ол тектен-тек

 Елдің ашық қабығы.

 Ақ ниеті – алтын күн,

 Асқақ арман-қыраны.

 Жалауы бұл-халқымның

 М.с.Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков – ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

Елтаңба негізі –Шаңырақ . Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлдүлі,ер-азаматтың сәйгүлігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып, жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр. «Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

 3.Гүлхан:Мәртебесі, мақтаны.

 Елтаңбасы елімнің

 Елтаңбасы елімнің

 Неткен әйбәт, әдемі!

 Тұнығындай көңілдің

 Ортада-аспан әлемі.

 Құт, береке, шаңырақ,

 Орын алған ол төрден.

 Қанатты қос арғымақ.

 Екі жақтан көмкеркен.

 Тәуелсіздік жолында

 Талай-талай тер тамған…

 Билігім өз қолымда,

 Еркіндігім-Елтаңбам.

 М.с.Жандарбек Мәлібекұлы – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.

  Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан -ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов ,Нұрсұлтан Назарбаев .

4. Әділет: Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, жаңа ғимараттар, ескерткіштер ашылғанда орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып,қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет болып саналады.

 Әнұраным –жан ұраным

 Айтар әнім, сөйлер сөзім

 Туған жерім сағынарым

 Бақыт-бірлік күн талабы.

 Тоқтамайды дабыл әні

 Мәңгі бақи шырқалады

 Республикам Әнұраны!

 М.с. Кеше ғана Лондон жерінде өткен дүбірлі ойындарда Қазақстан мәртебесін биіктеткен отандас спортшыларымыз халқымыздың көпшілігін рухтандырып жібергені айқын. Жат елде жалауы желбіреп, әнұраны  шарықтаған қазақ жерлестеріміздің әкелген жеңісіне дән риза болған әр Қазақстан азаматының өз елінің рәміздеріне деген сүйіспеншілігі, құрметі одан әрі асқақтай түсті. Қазақстан қоржынына алтын медаль салып, көк байрағын желбіреткен, гимнін асақтата орындап, өз жеңісін халқына арнаған батырларымызды атап өтейік. Олар: И.Ильин, В.Винокуров, З.Чиншалло, М.Манеза, О.Рыпакова, С.Подобедова С.Сәпиев, Ә.Ниязымбетов, Д.Гаджиев, М.Вольнова,А.Таңатаров, Г.Манюрова, И.Дычко.

5.Зарина:Илья Ильинге

 Әнұранын әуелетіп Алаштың,

 Абыройың ақша бұлттан әрі ассын.

 Бас игіздің бес құрлық, төрт мұхитқа,

 Менменсіген енді өзіңмен санассын.

 Бос кетпеді төккен терің Ел үшін,

 Ертегіден болмады кем ер ісің.

 Тау көтерген Толағайға төр ұсын,

 Құтты болсын, Қазақстан, жеңісің!!! (Т.Абылаев)

 6.Гүлдана: Олимпиада жүлдегерлеріне:

 Жимағы көп болғанмен жиғанынан,

 Барлығы адамзаттың иманынан.

 Сырда туған сымбатты сырбаз ұлдың

 Сырдың суы келмеді сирағынан».

 Әлемді бағындырса бағыланым,

 Мен қалай әуенімнен жаңыламын.

 Көк туым көтеріліп көк жүзіне

 Әуелеп бара жатты Әнұраны.

 7.Исламбек:В.Винокуровке

 Желдей жүйткі!

 Саған қарап таңдай қақсын әлемде,

 Ізің қалсын алтын болып әр елде.

 Қозғалтқышың тоқтамасын бас алға,

 Көк туыңның рухы жатыр мәреңде.

 Көрсет қане!

 Қайтпас қайсар бойда жігер көптігін,

 Алтын түсті күн сәулеңді төк бүгін.

 Алтын қолда, күміс белде, қола бар,

 Ал желбіре көкте биік көк туым!!!( Ақан Марғұлан)

Тарих тағлымы (білімдерін тексеру)

 1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

 1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.

 1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.

 1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.

 1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.

 1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.

 1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.

 1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.

 1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.

 1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді.

 2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық одақ құрылды.

 2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.

 2002 жыл. Денсаулық жылы.

 2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы

 2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.

2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.

 2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.

 2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.

 2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.

 2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.

 2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.

 2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті.

 2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

 2012 жыл. Лондон олимпиадасында 13 медальға ол жеткізді.

 Туған жер,Отан туралы мақал-мәтелдер айту

 Отанды сүю – отбасынан басталады.

 Туған жер – тұғырың.

 Отан – оттан да ыстық

 Татулық табылмас бақыт.

 Ырыс алды –ынтымақ.

 Бірлігі жоқ – ел тозады,

 Бірлігі күшті- ел озады. т.б.





 Тәрбие сағатын қорытындылау.

 8.Ботагөз: Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

 Көк туымды қалайша құлатармын.

 Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

 Бәріміз баласындай бір атаның.

 9.Ару: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

 Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

 Мен сенің салтанатты сағатыңа,

 Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

10. Ертарғын: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

 Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.

 Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

 Аспандат Атам қазақ Аруағын!

 Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Еліміздің Егемендігі жасасын!

 Тренинг «Біз тәуелсіз елдің бақытты ұландарымыз! »



hello_html_m3c138b0e.gif



М.с. Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін ,– деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.




Қр мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI

hello_html_6e2b72d9.gif

Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген.

hello_html_12cbc0d8.gif

Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi.Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

hello_html_5b65f4d.gif

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне.Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi.Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы

hello_html_72bdd6e3.gif

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме.

Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi.

Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады.

Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi.

Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Сөзін жазған: Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Музыка авторы: Шәмші Қалдаяков

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!


Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!



Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!


Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!


hello_html_m392cfc3d.gif

Краткое описание документа:

 Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділігі: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;

  Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату;

  Дамытушылығы : Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру.

 Тәрбие сағатының көрнекілігі:

 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, компьютер.

 2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

 

 3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Автор
Дата добавления 31.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров665
Номер материала 353507
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх