Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Мемлекеттік рәміздер туралы презентация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Мемлекеттік рәміздер туралы презентация

библиотека
материалов
Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің , келісімнің және жасампаздықтың 20жылы 20о...
Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан...
Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай, Теңгеміз бар тайға таңба басқандай. Көк...
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Тудың көгілдір түс...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Ортасында шұғылалы күн, оның астынд...
Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған-шаңырақ. Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі.О...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Дөңгелек нысанды және көгiлдi...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әНҰРАНЫ Осы Конституциялық заңда көздел...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бекiту 1) Қазақстан Республи...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын пайдалану тәртiбi   Қазақстан Респ...
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнi Сөзiн жазғандар:  Жұмеке...
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы     1992 жылдың 4-ші маусымы Қазақстан Ре...
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауда...
Жандарбек Мәлібекұлы Мемлекеттік елтаңбаның авторы
Жандарбек Мәлібеков 1942, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы – сәулетші. ҚР Елта...
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов — сәулетші. Уәлиханов Шота Ыдырысұлы (26.4.1932...
Шәкен Ниязбеков Мемлекеттік тудың авторы
Шәкен ниязбеков Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник,...
Шәмші Қалдаяқов
Шәмші Қалдаяқов 15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы...
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Мемлекеттік әнұранның авторы
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов 1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облыс...
Мемлекеттік Нышандар Ту, Елтаңба, Әнұран
Назарларыңызға рахмет!
28 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің , келісімнің және жасампаздықтың 20жылы 20о
Описание слайда:

Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің , келісімнің және жасампаздықтың 20жылы 20оптт Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтаныш!

№ слайда 2 Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан
Описание слайда:

Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт- дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарды құрбандыққа шала отырып, қол жеткізеді. Туым- теңдігім, Елтаңбам- елдігім, Әнұраным- айбыным!

№ слайда 3 Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай, Теңгеміз бар тайға таңба басқандай. Көк
Описание слайда:

Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай, Теңгеміз бар тайға таңба басқандай. Көк байрағым көкте биік желбіреп, Бірлікке шақырып бізді жатқандай.

№ слайда 4 Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн
Описание слайда:

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!

№ слайда 5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Тудың көгілдір түс
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске түсіреді.Ашық аспан бейбітшіліктің,аманшылықтың, белгісі болған. Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі-байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыранының бейнесі –қазақстандықтардың еркіндігінің, тәуелсіздігінің, бостандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

№ слайда 6 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Ортасында шұғылалы күн, оның астынд
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тiк жолақ түрiнде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесi алтын түстес. Тудың енi мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

№ слайда 7 Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған-шаңырақ. Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі.О
Описание слайда:

Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған-шаңырақ. Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі.Ол күн бейнесін, уықтары- одан тарап жатқан алтын сәулелерді елесте-теді.Елтаңбадағы тұлпар бейнесі-дала Пырағы, оның ғажайып шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздік-ке,бостандыққа жетелейді. Елтаңбаның маңдайшасындағы бесбұрышты жұлдыз –таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

№ слайда 8 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Дөңгелек нысанды және көгiлдi
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Дөңгелек нысанды және көгiлдiр түс аясындағы шаңырақ (киiз үйдiң жоғарғы күмбез тәрiздi бөлiгi) түрiнде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесiндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесi орналастырылған. Жоғарғы бөлiгiнде - бес бұрышты көлемдi жұлдыз, ал төменгi бөлiгiнде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесi, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.

№ слайда 9 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әНҰРАНЫ Осы Конституциялық заңда көздел
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әНҰРАНЫ Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақталады.

№ слайда 10 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бекiту 1) Қазақстан Республи
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бекiту 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының бейнесi (осы Конституциялық заңға 1-қосымша); 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi (осы Конституциялық заңға 2-қосымша); 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң музыкалық редакциясы мен мәтiнi (осы Конституциялық заңға 3-қосымша) бекiтiлсiн.

№ слайда 11 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын пайдалану тәртiбi   Қазақстан Респ
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын пайдалану тәртiбi   Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мынадай орындарда мiндеттi түрде көтерiледi (тiгiледi, орналастырылады): Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының, Парламентiнiң, Сенат пен Мәжiлiстiң, Үкiметтiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекеттiк ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттiң протоколдық практикасына сәйкес көлiк құралдарында - ұдайы;

№ слайда 12 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнi Сөзiн жазғандар:  Жұмеке
Описание слайда:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнi Сөзiн жазғандар:  Жұмекен Нәжiмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерлiктiң дастаны, Елiме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой. Қайырмасы: Менiң елiм, менiң елiм, Гүлiң болып егiлемiн, Жырың болып төгiлемiн, елiм! Туған жерiм менiң - Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерiм бар. Бiрлiгi жарасқан, Тәуелсiз елiм бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгiлiк досындай. Бiздiң ел бақытты, Бiздiң ел осындай! Қайырмасы: Менiң елiм, менiң елiм, Гүлiң болып егiлемiн, Жырың болып төгiлемiн, елiм! Туған жерiм менiң - Қазақстаным!

№ слайда 13 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы     1992 жылдың 4-ші маусымы Қазақстан Ре
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы     1992 жылдың 4-ші маусымы Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының туған күні болып тарихта және халықтың есінде мәңгі қалады.   Егеменді Қазақстанның қазіргі Елтаңбасы зор еңбектің, екі белгілі сәулеткердің шығармашылық ізденістерінің нәтижесі болып табылады: Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлихан, бұл жарыста жеңіп шығу оңайға соқпады. Болашақ елтаңбаның финалдық конкурста 245 жобасы және 67 сипаттамасы қатысқанын еске түсіру де жеткілікті.  

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауда
Описание слайда:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Т ойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына е рекше еңбек сіңірді. Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

№ слайда 16 Жандарбек Мәлібекұлы Мемлекеттік елтаңбаның авторы
Описание слайда:

Жандарбек Мәлібекұлы Мемлекеттік елтаңбаның авторы

№ слайда 17 Жандарбек Мәлібеков 1942, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы – сәулетші. ҚР Елта
Описание слайда:

Жандарбек Мәлібеков 1942, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы – сәулетші. ҚР Елтаңбасы авторларының бірі (1992). Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі. Ташкент политехникалық институтының сәулет факультетін бітірген (1964). 1964 жылдан Өзбекстан Республикасы ғылыми-инженерлік қала құрылысын жобалау институтында сәулетші, бас сәулетші болды. 1980 – 85 жылдары Наманган, Сарқан, Ташкент қалаларының орталықтарын безендіру мақсатында өткізілген бәйгеде Мәлібеков жеке авторлық еңбегі үшін І және ІІ дәрежелі сыйлыққа ие болған. Ташкенттегі метро салу құрылысына қатысып, ІІ дәрежелі сыйлыққа ие болады. 2003 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейді, профессор.

№ слайда 18 Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан
Описание слайда:

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан

№ слайда 19 Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов — сәулетші. Уәлиханов Шота Ыдырысұлы (26.4.1932
Описание слайда:

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов — сәулетші. Уәлиханов Шота Ыдырысұлы (26.4.1932 ж. туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауыл) – сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001).

№ слайда 20 Шәкен Ниязбеков Мемлекеттік тудың авторы
Описание слайда:

Шәкен Ниязбеков Мемлекеттік тудың авторы

№ слайда 21 Шәкен ниязбеков Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник,
Описание слайда:

Шәкен ниязбеков Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке-шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады. Орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкен Ниязбеков атақты «Мухинкаға» (Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесі) оқуға түседі. Студент кезінде ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына кетіру жұмыстарына қатысады. Шәкен Ниязбеков өзінің ең басты ұстазы ретінде Әбілхан Қастеевті атайды.

№ слайда 22 Шәмші Қалдаяқов
Описание слайда:

Шәмші Қалдаяқов

№ слайда 23 Шәмші Қалдаяқов 15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы
Описание слайда:

Шәмші Қалдаяқов 15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел.

№ слайда 24 Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Мемлекеттік әнұранның авторы
Описание слайда:

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Мемлекеттік әнұранның авторы

№ слайда 25 Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов 1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облыс
Описание слайда:

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов 1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Қошалақ деген жерде дүниеге келген. Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін. 1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясында оқыған. Содан кейін «Жазушы» баспасының редакторы, «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Баспалар жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы, «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған. Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды. Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикмет пен Ә.Файзи шығармаларын аударған.

№ слайда 26 Мемлекеттік Нышандар Ту, Елтаңба, Әнұран
Описание слайда:

Мемлекеттік Нышандар Ту, Елтаңба, Әнұран

№ слайда 27
Описание слайда:

№ слайда 28 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Автор
Дата добавления 24.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров7939
Номер материала 335450
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Комментарии:

1 месяц назад
спасибо
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх