Инфоурок Другое Другие методич. материалыМенің Отбасым ең керемет,5сынып

Менің Отбасым ең керемет,5сынып

Скачать материал
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым – ең керемет

Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ой бөлісу.

Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу.

Көрнекілігі: Презентация, бейнебаян: «Менің отбасым», шарлар, гүлдер.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар 5 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Менің отбасым – ең керемет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».

-Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?

Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

І. « Жүректен — жүрекке» шеңбері.

Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.

 Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Жаркынбай Назира орындауындағы «Ата-әже» әнін қабыл алыңыздар.

Сыныптың қыздарының орындауындағы қазақ биін қабыл алыңыздар.

Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

ІІ кезеңіміз «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл кезеңде

1-топ. Отбасы туралы өлең жолдарын айтады.

2-топ, «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.

3-топ. «Бақытты  отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.

4-топ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.

Алшан Аскар орындауындағы «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

ІІІ кезең . «Конверттегі сұрақтар»

«Біз баламызды танимыз ба?» деп аталады. Бұл кезең ата — аналарға арналады. Ортаға 6 ата-ананы шақырамыз.

Құрметті ата-аналар конверттің біреуін таңдап, ондағы сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.

1

1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

2

1. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

2. Балаңыздың сүйікті асы не?

 №3.

1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

4.

1. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

2. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

5.

1. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?

2. Балаңыздың жағымды және жағымсыз қасиеттерін атаңыз.

Сыныптың ұлдардың орындауындағы «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

Анаң-күнің жүрегің,

Әкең -өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Әжең- асыл ардағың,

Атаң- дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Ағаң –қамқор асқарың,

Інің- мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын

Бейнебаян «Менің отбасым-ең керемет»

1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?

2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?

3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?

Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Кері байланыс: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.

Қорытынды сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Дербесалиевна апайға беріледі.

Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.

 

Сынып жетекші: Кушакбаева Урингул Калиевна









hello_html_m22239654.jpg

















hello_html_64fa1468.png

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал
Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного вуза»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.