Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Мен қандай адаммын?» тренинг
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Мен қандай адаммын?» тренинг

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі»РМҚК






БЕКІТЕМІН

Директордың әлеуметтік

және тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2016жыл





Тақырыбы: «Мен қандай адаммын?» тренинг






Дайындаған: Байбатшаева Г.С.




















Семей

2015-2016 оқу жылы


Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

« »сәуір 2016ж








































Тренинг тақырыбы: «Мен қандай адаммын?»

Тренинг мақсаты: жасөспірімдердің өзіндік анықталуын қалыптастыру. Өзіне баға беру, өз ерекшеліктерін білу, өз мүмкіндіктерін анықтау, жалпы талдау жасауды меңгерту.

Тренинг міндеті:

  • оқушыларды өзіндік диагностикаға үйрету, рефлексияға үйрету;

  • өз мінез-құлқынын реакциясын, қатынасын, қажеттілігін түсіндіру;

  • өз кемшіліктері мен қателіктерін жете түсінуін қалыптастыру.

Тренинг көрнекілігі: Тренингке қойылатын мақсат пен міндеттер жазылған плакаттар, шар, үнтаспа.

«Өзіңді - өзің қалай қабылдайсың» атты тренинг жүргізу.

Бұл тренингтің мақсаты - оқушылардың өз-өзіне деген және өзгелерге деген сыйласым, өзінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу. Көрнекілік негізінде шарлар, плакатқа жазылған сөздер, үнтаспа және тренинг сабағының мақсаты мен міндеттері қабырғаға ілінді. Жалпы тренинг сабағы 4 турдан тұрады:

l. «Ұйымдастыру» - мұнда балалар бір-біріне күлімдеп сәлем береді, бір-біріне күлкі сыйлайды.

2. «Өз - өзіңді қалай қабылдайсың» - мұнда әр оқушы өзінің жағымды және жағымсыз жақтарын қағазға жазады.

3. «Жақсының жақсылығын айт, нұры толсын» - бұл турда бір оқушы өзіне жақын, ұнататын бір баланың жақсылығын, жағымды жақтарын айтады. Бұған 5 минут беріледі.

4. «Өзгені тани білесің бе?" - мұнда әр оқушы қалаған бір оқушыны таңдап, атын айтпай жасырын түрде оған мінездеме береді, ал топ сол жасырылған оқушыны табуы керек. Егер таба алса, онда топ жасырын оқушыны толық біледі деген сөз. Ал таба алмаса топ ішіндегі қарым-қатынас күшті, тығыз орнатылмаған.

5.Қорытындылау

«Өзіңді қалай қабылдайсың?»

Сабақтың мақсаты: Өз - өзіне деген және өзгелерге деген сыйласым, өзінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу.

Сабақтың көрнекілігі. Тренингке қойылатын мақсат пен міндеттер жазылған плакаттар, шар, үнтаспа.

1.Үйымдастыру.

Сәлеметсіздер ме балалар, «Өзіңді - өзің тани білесің бе?» деген такырыптағы тренингімізді ашық деп жариялаймын.

Бірінші кезекте бір- бірімізді жақсы танып білу үшін амандасу қажет.

Қазір көтеріңкі көңіл-күй мен күліп жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Енді бір-бірімізге күлкі сыйлайық. Амандасуды мейірімді күлкімен бастайық.

Міне, бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып, жақсы сөздер айтамыз. Мейіріммен күліңіздер.

Енді өзперініэдіи сезімдерінізге назар аударыңыздар.

Мейірімді күлкі мен әдемі жымиып та кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе, айналасына адамдар мен жақсылық өзі - ақ келеді.

2. «Өзіңді-өзің қалай қабылдайсың?»

Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «менің кемшіліктерім» деп, ал оң жағына «менің жетістіктерім» деп өз ойларын бүкпей ашық жазуы керек. Бес минуттан кейін 3-4 оқушының өз жазғандарын топпен талдауға саламыз. Бұл әрекетке он минут уақыт беріледі. Төмендегі ережені есте сақтаған жөн:бір - біріне сұрақ қоюға болады, бірақ сын айтуға тыйым салынады.

3. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын».

Бұл өмірде мейірімді адамдар көп, өзімізге ғана мейірімді болмай, өзгелерге де мейірімді турде қарайық. Жақсы сөз жаныңызды жадыратады, қуаныш сезімі билейді. Енді өзгелерге де жақсылық сыйлап көрейік. өзіңнің жақын танысың туралы қандай жақсы, жағымды пікірлер айтар едің? Дайындыққа бес минут беріледі. Көңліңіз қалаған адамды таңдайсыз да, ол туралы әңгімеңіз қысқа да нақты болуы шарт, әсіресе қандай қасиетін бағалайтыңызды айтып тоқталу керек.

4 тур. «Өзгені тани білесің бе?»

Мұнда сіз қалаған бір адамыңызды тандап, оның аты-жөнін айтпай, сол адамға мінездеме бересіз.Сипаттама бергеннен кейін топ сіздің қай адамға сипаттама жазғаныңызды табу керек. Егер де жасырын адамды таба алса, онда топ сол адамды тани біледі деген сөз.Мұнда тек қана жақсы жақтарын ғана емес, сонымен қоса жағымсыз жақтарын да айтуға болады

5. Қорытындылау .

«Бұл керемет!» әр қатысушы «бүгінгі тренингтен не алдым?» деген сұраққа жауап береді, ал қалғандары әр қатысушыдан кейін «бұл керемет!» деп бас бармағын көрсетеді.

 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Бабайцев В. Ю. Личностно- ориентированный

  2. тренинг в процессе подготовки будущих учителей к воспитательной работе с трудными детьми ( учебное пособие по технологии воспитательной работы для студентов- педагогов и учителей). - М., 1997

  3. Прутченков А. С. Трудное восхождение к себе. - М., 199

  4. Психологические программы / под редакций И. В. Дубровиной. Екатеренбург., 1998 ж


Психолог: Байбатшаева Г.С.




Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров278
Номер материала ДБ-007400
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх