Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Мен қазіргі заман педагогімін ”Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кем

Мен қазіргі заман педагогімін ”Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кем



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Мен қазіргі заман педагогімін

Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі

кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп,

аянбай тер төгуіміз керек”

Н.Ә. Назарбаевтың “Нұрлы жол – болашаққа

бастар жол” 2014 жылғы қарашадағы

Қазақстан халқына Жолдауынан

Ұстаз-барлық мамандықтың , барлық ғылымның негізін қалаушы , құрметті есім. Мен өзім : « Қазіргі заманның ұстазы қандай болу керек?» – деген сұрауға: « Терең білім беретін, өз пәнін жақсы көретін , сабақта оқушыларын қызықтыра алатын жан иесі,» - деп жауап берер едім.

Қазіргі таңда ұстаз жаңа технологиямен , күнделікті жаңарып отыратын жаңа инновациялармен хабардар болып , өз шәкірттерін білім бұлағынан сусындата алатындай шеберлікті меңгерген тұлға деп бағалаймын және осы құрметке лайық болуды парызым деп білемін.

« Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да, тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл әрі шешен болуы керек. Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс,»- деп ұлы ұстаз Әбу Насыр әл Фараби айтса, ақын Ғафу Қайырбеков:

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- жүректің батылдығы.

Ұстаз болу- өмірдің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы,-

деп зор баға берген.

Кезінде А. Байтұрсынов : « Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы,»- деп ойын түйіндеген.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенбек. Әлемдік білім кеңістігінде білім беру жүйесін халықаралық дәрежеде биікке көтеру- кезек күттірмейтін мәселе. Бұны шешудің бір ұшы ұстаз қолында.

Мұғалімдер қауымына қойылар талап- білімді, мәдениетті, талапшыл жеке тұлғаны қалыптастыру. Әсіресе, қазіргі таңда жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушыларды қызықтыра бастады.

Менің мақсатым : химия- биология пәнінің жетістігін игеріп, әлемдегі кереметтің барлығын шәкірттеріме жеткізе білсем деймін.

Еліміздің өндірісінің барлық салаларының, тіпті біздің өмір-тіршілігіміздің сан-түрлі жағының химия өнеркәсібімен байланыстылығын күнделікті өмірден байқауымызға болатындығы даусыз нәрсе. Қазіргі кезде өндірістік процестерін, өндірістің күрделі өнімнің көпшілігі химияның өндіріске араласуынсыз өмірге келмейтіндігі белгілі жайт. Химия өнімдеріне деген сұраныс тек өндіріс саласында ғана емес, ол күнделікті тұрмыста да қажеттілік тауып үлкен сұранысқа ие болып,күннен-күнге өсіп отыр. Әлемдік жаһандану жағдайындағы, ғылыми-техникалық прогресстің дамуында химияның алатын рөлі зор. Химияны дамыту арқылы, әлемде табиғи шикізат қорларын үнемдеуге қол жетті. Мәселен, адамзат химиялық өнімдерді пайдалану арқылы қаншама, ағашты үнемдеп, тамырына балта шабудан аман алып қалғанынан ғана оның пайдалылығының біржағын көруге болады. Әрине, өндіріс қалдықтары мәселелері әлемді толғандырып, әлі-де соңына дейін шешілмеген күйі қалып отыр.

Әлемнің жаратылыс танымы, бір жағынан, табиғат туралы бұрынғы алынған білімді қорытындыласа, екінші жағынан, химия- биология ғылымына жаңа идеялар мен жаңа түсініктерді, жаңа принциптер мен болжамдарды енгізіп келеді. Бұның өзі әлемнің үздіксіз дамуын, өзгеріп отыратындығын көрсетеді. Небір кереметтер қарапайым жандардың түсінігінен туып, ғылым негізіне айналады. Сол керемет ойлардың иесі менің сүйікті шәкіртім болмасына кім кепіл! Мен бұған кәміл сенемін. « Өнерлінің өрісі ұзақ»- демей ме халқымыз, олай болса, білім теңізінде құлашты кең сермеп өрге жүздім.





Сулейманова Жанар Жамқанқызы

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы

Абай орта мектебі химия- биология пәнінің мұғалімі



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Мен қазіргі заман педагогімін

”Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі

кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп,

аянбай тер төгуіміз керек”

Н.Ә. Назарбаевтың “Нұрлы жол – болашаққа

бастар жол” 2014 жылғы қарашадағы

Қазақстан халқына Жолдауынан

Ұстаз-барлық мамандықтың , барлық ғылымның негізін қалаушы , құрметті есім. Мен өзім : « Қазіргі заманның ұстазы қандай болу керек?» – деген сұрауға: « Терең білім беретін, өз пәнін жақсы көретін , сабақта оқушыларын қызықтыра алатын жан иесі,» - деп жауап берер едім.

Қазіргі таңда ұстаз жаңа технологиямен , күнделікті жаңарып отыратын жаңа инновациялармен хабардар болып , өз шәкірттерін білім бұлағынан сусындата алатындай шеберлікті меңгерген тұлға деп бағалаймын және осы құрметке лайық болуды парызым деп білемін.

Автор
Дата добавления 19.05.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров187
Номер материала 287760
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх