Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Мен- қазіргі заман педагогімін эссе

"Мен- қазіргі заман педагогімін эссе

Скачать материал

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Естай атындағы жалпы білім беру мектебі

Математика пәні мұғалімі Ахметова Айсулу Омаровна

Эссе «Мен- қазіргі  заман педагогімін»

 

1965-тің күзі еді

Қоңыр күздің басталған кез күзеуі.

Алғашқы рет аштым мектеп есігін,

Бұл өмірде мәңгі қалған із еді.

Қайша ұстаз қолға ұстатып қаламын,

«Оқы» деген сөзі есімде анамның.

Ұстазым мен анашымның сол сөзін,

Бір Алланың айтқаны деп санадым.

Солай атқан білімдегі ақ таңым,

Аналардың ақ сенімін ақтадым.

Әріп танып, хатын оқып туыстың,

Зерек зейін әжемнен де мақталдым.

Айтқандары бойға нұр боп тараған,

Ұстаз, ұстаз әрқашанда ұлы адам.

Сол кез біліп ұстаздардың өресін,

Бала жүрек ұстаздықты қалаған.

Айтты. Оқыдым бәрін бойға сіңірдім,

Үйренуден көрген жоқпын бүгін мұң.

Қандай болсын бір ұшқының бар шығар,

Жүрегіммен жазған осы жырымның.

Ұстаздықта жатыр қанша ұлылық,

Ұстаздықтан ескен дәйім жылылық.

Мұңайғанда әлі күнге жүремін,

Сен сіңірген жақсылыққа жылынып.

Ең алғашқы ұстаздарым Қызылту мектебінде оқытқан Қайша Тұрсынбаева, ерлі -зайыпты Жағиша мен Мұқаш Мүбәрәковтар, Көкіш Әміржанов т.б мақтан тұтамын, солардың берген білім, тәлім тәрбиесі менің қалыптасуыма, мамандық таңдауыма бағдар берді.

Бәрі есімде балалығым-өткен күн,

Қызылтуда жабылды да мектебім,

Үзілмейтін үмітімді арқалап,

Қашырдағы интернатқа кеткенмін.

Интернатта бүлдіршіндей баламыз,

Қарсы алды Қабидендей ағамыз.

Жүректерге ізгілігін қалдырып,

Бұла жанда жүрсің ұстаз мәңгілік

Адалдығың, адамдығың менде де

Әр күн сайын тұрады екен жаңғырып

Жаны жайсаң, жүзі көркем әдемі

Ақ пейілді Қатша Оспанқызына,

Дәйім, дәйім ұқсағымда келеді

Ұстаз болу батырлардың өзін де,

Ұстаз болу ақындардың сөзінде,

Ұстаз болу өмірдің күн шуағы,

Ақ сәулесін құятұғын сезімге

Жақсы істі жаны жайсаң ұғар-ау

Ешқашанда сөнбек емес күн анау.

Тереңкөлде мектеп ұстаз атында,

Ұстаздықты ардақтаудан шығар- ау

№ 3 Тереңкөлдің мектебі,

Өткен менің өмірімнің өткелі.

Мектеп Қатша Оспанова атында,

Бұдан асқан мәртебеде жоқ тегі

1969- 1973 жылдары аралығында 8 жылдық білім негізін, тәлім тәрбиесін бойыма дарытқан Качиры интернатының тәрбиешілеріне, сол кездегі №2 Качир орыс - қазақ мектебінде қызмет еткен аяулы да, ардақты ұстаздар қауымына алғысым шексіз, өйткені менің мамандық тандауымның дұрыстығын, сол ұстаздарым өз еңбектерімен қөңіліме бекіте түсті.Міне,   сондықтан  ұстаздық  мамандықты таңдап  1973-  1977 жылдар  аралығында  қазіргі  Б Ахметов  атындағы  педколледжде оқып, бастауыш  сынып  мұғалімі  мамандығы  бойынша  бітірдім.Оқу  бітірген  жас  маман  ретінде мені     жолдамамен қазіргі   Ақтоғай  ауданының  Шілікті  негізгі  мектебіне жіберді.Шалғай жатқан   ауыл  мектебі қашанда  мамандарға  зәру, мұғалім  жетіспеуінің  салдарынан  математика  пәнінен  сабақ  беруіме тура  келді.

 

1977-нің күзі еді

Қоңыр күздің басталған кез күзеуі.

Алғашқы рет аштым  сынып есігін,

Бұл - өмірде мәңгі қалған із еді.

Қайша ұстаз қолға ұстатқан қаламды

Ұсындым  мен  ұстазы  боп  баланың.

Содан  бері  38  жыл  өтті. Өзімнің бар саналы ғұмырымды бала тәрбиесіне арнадым. Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округіне қарасты Шілікті ауылында халық мүддесі мен қоғамның талабына   сай   28  жыл қызмет  атқардым. 2005 жылдан бері Естай атындағы жалпы білім беру  мектебінде  қазақ  сыныптарына   математика пәнінен сабақ беремін.2003 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-ден математика-физика мамандығы бойынша жоғары білім алып шықтым.  Жоғары   санатты ұстазбын.    Бар  мақсатым  балаларға  математикадан  сапалы  білім,жан- жақты  тәрбие  беру  болды.   «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек.Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп Әбу – Насыр – Әл Фараби айтқан.Өзімнің ұстаздық жұмысымда осы  нақыл  сөзді  үнемі  назарда  ұстадым, өйткені  әрбір  пән  мұғалімі сонымен  бірге    сынып  жетекшісі.Ал қазіргі құбылмалы заманда тәрбиеге басты назарды отбасында да, мектепте де , аудару керек. Мектептегі ұстаз баланың екінші ата-анасы,  болашаққа жөн  сілтер ақылшысы,оның  мейрімге  толы жүрегі шәкірт  бойындағы  талай ағаттықты  кешіре біледі,  білімі  мен ақыл-ойының  қуаты талай  тентекті жуасытып, тәртіпке баулып, есейтіп  ержеткізген.Сондықтан әр шәкірт  өзіне үлгі болған, сүйікті мұғалімін  өмір  бойы ұстазым  деп  құрметтеген.

 Қазіргі кездегі ғылым мен техниканын тез қарқынды дамуы жас жеткіншектен  терең білімді, шығармашылық қарқынды талап етеді.Сондықтан әр мұғалімнің  міндеті өз пәнінен оқушылардың  интелектісін,шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру ,өзін – өзі тәрбиелеуге бағдарлау.

   Өз тәжірибемде пайдаланып өткізілген сайыс – сабақтар,эстафеталық жарыстар,ойын сабақтары оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне,ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін  арттыруға,жауапкершілікті сезінуге,ұйымдастыру , басқару қабілеттерін ашуға көмегін тигізгені анық.

   Көп жылғы тәжірибеден байқағаным: егер  сабақтан тыс,іс- шараларды белгілі бағытта әр түрлі бағдарлы өткізсе, тиімді ұйымдастырса оның нәтижелі болатындығы.Әр пәннен жылда өткізілетін апталықтар оқушыны шыңдайды, әркез білуге,  белсенді болуға  талпындырады,  жеке тұлғаның  дамуына ықпал  әсерін тигізеді. 

   Өз тәжірибемде ұйымдастырып өткізген:  «Таңғажайып алаң», «Алтын қақпа», «Алтын сақа», «Жұлдызды сәт», «Көңілді тапқырлар сайысы», «XXI-ғасыр көшбасшысы», «Не?Қайда?Қашан?»  барлығы дерлік әр жыл сайын мазмұны жанартылып, жаңа бағытта өтті. Бұларды ойдағыдай өткізу үшін, жақсы нәтижеге жету үшін тынымсыз еңбек,ізденіс,шығармашылық жұмыс қажет. Оқушылар өткізілген математикалық апталықтардағы барлық тапсырылған,жоспарланған жұмысқа аса ынтамен белсенділік пен жауапкершілікпен қарайтын. Ауыл жастары өнерден құр алақан емес,  домбырада ойнап ,ән айтып сайысатын.Сол  қабілетті талантты оқушылардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, әр жылдары «Математикалық айтыс» та өткіздім.Айтыс арқылы оқушылардың  шығармашылық ізденісін, өнерге қабілетін дамытып,  әдемілікті сезінуге талпындыру негізгі  мақсатым болатын. Айтыс  мазмұнын өзімнің жеке құрастыруым ондағы негізгі   тақырып  «сандар, олардың  қасиеттері» негізінде   ұсынылып , ал оқушылар өз қабілет, мүмкіндігіне қарай әдемі әуез тандай отыра, әрі қарай дамытып ,домбырада сүйемелдеп  орындап келтіретін.Тәрбие өскен ортаға да,отбасына да,тәлім-тәрбие алған мектебіне де  оқытып  білім  берген  ұстазына  да  байланысты. «Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»-деген сөз  осы  жолдардың нақтылығын  көрсеткендей. Сонымен бірге «таза» қазақ мектебі ғана қазақи тәрбиені оқушы бойына дарыта алады, өйткені мектептегі барлық іс-шаралар қазақ тілінде өтетін болады.Ал аралас мектепте жағдай басқаша: жалпы мектепішілік іс-шаралар екі тілді қамтуы тиіс,оқушы араласатын орта екі тілді қажетсінеді,оның тиімді жағы да сол сияқты,тиімсіз жағы да бар.Тиімдісі қазақ баласы екі тілде еркін сөйлегенмен араласатын орта тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.Бұл  менің 

 өз  тәжрибемнен  түйгенім.

«Қазақ мектептері- қазақтарға білім берудің басты құралы... біздің барлық үмітіміз қазақ халқының келешегі осы мектептерде .Сондықтан мектептерде  жақсы білім берілетін болсын...Ғылыммен қаруланған,әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп,бүкіл халыққа әсер ете алады.» - деп кезінде Ы.Алтынсарин айтқан.Міне осы айтылған ойлар бәрімізді ойлантса керек.Сондықтан  үнемі оқып,ізденіп,өз  ойларыммен бөлісу  үшін,тәжрибе  алмасу  үшін түрлі  деңгейдегі  ғылыми  конференцияға қатысуға  тырысамын.Атап  айтқанда, 2011жылы  ақпан  айында ПМПИ -50 жылдығына орай өткізілген аймақтық    ғылыми конференцияға қатысып, «Шағын комплектілі мектеп» атты  баяндама  оқыдым,  ол конференция  материалдары  топтастырылған СD жинаққа  енді.  Сол  сияқты 2013 жылдың    мамыр айында осы оқу орнында өткізілген « V Капенов оқулары» атты ғылыми конференцияға «Математика пәнін  оқыту үшін заманауи оқулық қажет» атты баяндама ұсындым,ол  да конференция  материалдары  топтастырылған СD жинаққа  енді.  2014жылдың 11сәуірінде ҚР ғылымжәне білім Министрлігінің қолдауымен С.Торайғыров атындағы Павлодар ПМУ-ң ұйымдастырылуымен өткізілген XIY Сәтпаев оқуларына «Математика сабағында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың пәндік және тұлғалық нәтижесін арттыру» жобасын ұсындым.Жоба жинаққа енді.

Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаев білім  кеңістігінің  өркендеуіне  жағдай  жасап  отыр,ұстаздар  қауымының    көпшілігі   оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық  негіздерін 7 модуль идеясын оқып  үйренуде.Қазіргі  заман  мұғалімі  тек өз пәнінің терең  білгірі болуымен бірге тарихи-танымдылық хабары  мол,жаңа педагогикалық технологиялармен  жұмыс жасай  алатын, оқыту  мен оқуда АКТ-ны  пайдалана алатын болуы  тиіс деп есептеймін. Менің  ұстанымым: « өмір бойы»  білімді жетілдіру,іздену ,шығармашылық қабілетімді шыңдау өздігінен оқып үйрену. Мен-қазіргі заман  педагогімін. Ендеше заман үрдісінен қалмай, жаңаны жатсынбай озық  идеяны,жаңа технологияның  тиімді  тұстарын  қолдана білуұстаздық  парызым  деп білемін. Сондықтан деңгейлік курсқа  арналған «Мұғалімге  арналған нұсқаулық» пен « 21 ғасыр табалдырығында» атты кітаптарды  өздігімнен оқып үйренудемін.

 Кемеңгер А.Байтұрсыновта  қазақ мектебіне,жаны ашығандықтан өз заманында былай деп ой қорытқан: -  «Мектептін жаны мұғалім.Мұғалім қандай болса мектебі һәм сондай болмақшы...Әуелі біз елді түзетуді,бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.Неге десек,болыстық та,билік те, халықтық та оқумен түзеледі.Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі»- деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.   Сөз соңында айтарым: әр мұғалім – пән мұғалімі,  сынып жетекшісі , ендеше  әркім қызмет етер саналы ғұмырында өзіне сеніп тапсырылған жас буын жеткіншекке сапалы білім нәрін сеуіп,саналы тәрбие берсе, қазақ мектебінің түлектері шын  мәнінде ұлт мақтанышына айналмақ.Ұстаздан  шәкірт озып  жатса төккен  тер  мен адал  еңбектің  ақталғаны  емес пе?!

Мен- ұстазбын, бала жайын ойлайтын

Шәкіртімнің қызығына тоймайтын

 Мен- ұстазбын,білім шыңына  бойлайтын,

Үйренуден,ізденуден талмайтын-деп ақындар  жырлағандай қарапайым ауыл ұстазының Тәуелсіз Қазақстанымыздың жас  жеткіншектерін оқыту  мен тәрбилеуде   «тамшыдай» болса да үлесі бар болса,онда тынымсыз еңбегінің нәтижесінің  болғаны.

Қорыта келгенде,мен-қазіргі  заман  педагогімін,ендеше менде жетістіктер болуы заңдылық,себебі әрбір іс-әрекет нәтижеге  бағытталған  болуы тиіс. Сондықтан,2004 жылы «Математика және физика» журналында «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар »  атты  материалым           жарияланды .  2009 жылы       «Математика және физика» журналында «Биофизика»  атты  10-11  сыныптарға  арналған физикадан факультативтік бағдарламам      жарияланды.Бірнеше әдістемелік әзірлемелер интернетте «Мульти урок»  және «  Инфоурок» сайтында   орналасқан. Алгебрадан  жаратылыстану- математика  бағытында  оқитындар  үшін 10-11  сыныптарға   арналған  қолданбалы  курс  үшін  « Функция  және  оның  графиктері» атты   өзімнің құрастырған  бағдарлама  негізінде  жұмыс   жүргізудемін. Мектептегі  математика-физика-информатика пәндері бойынша әдістемелік бірлестіктің    жетекшісімін.2012 жылы  аудандық  «Үздік  әдістемелік бірлестік»  конкурсында  3- орын  иелендім. «Менің педагогикалық  мамандығым» атты I Халықаралық  педагогикалық щеберлік конкурсының дипломымен (2013), «Ұлағатты ұстаз» республикалық  конкурсының «Әдістемелік әзірлемелер» номинациясы бойынша дипломен II-орын,  (2013) «Ұлағатты ұстаз» республикалық  конкурсының « Элективті курстар бағдарламасы»  номинация бойынша дипломен  III-орын (2013),Облыстық кешенді тексеру кезінде сапалы жұмысы үшін Мектеп әкімшілігінің Алғыс хатымен(2013), )    Павлодар  облысының  Білім беру басқармасының Алғыс   хатымен / қыркүйек, 2014/   ҰБТ-2015  бойынша математикадан 100 пайыз  сапа көрсеткенім  үшін Ақтоғай  аудандық білім  беру  бөлімінің  Алғыс хатымен  марапатталдым. « Шәкірт  жүрегіне  жол  тапқан  ұстаз» ҚР білім  беру  жүйесінің  үздік қызметкерлері  жинағына  ендім  (2014) .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мен- қазіргі заман педагогімін эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 455 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 1670
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Айсулу Омаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Айсулу Омаровна
    Ахметова Айсулу Омаровна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6940
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции