Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / "Мен елімді сүйемін" патриоттық әндер байқауының сценарийі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Мен елімді сүйемін" патриоттық әндер байқауының сценарийі

библиотека
материалов

Арбиген жалпы орта білім беру мектебі










hello_html_758570e2.gif




Патриоттық әндер байқауы сценарийі





Құрастырған:

Рахметова Гүлназира Каркауқызы









2015 жыл





1-жүргізуші: Гүлсана

Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Тәуелсіздік
Бүгінде 23 жасқа толды міне.

2-жүргізуші: Ақмарал

Әлемге той деп бүгін жар саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,
Туелсіздікке біз бүгін ән саламыз.

1-жүргізуші: Гүлсана

Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен елімді сүйемін!» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Ақмарал Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.


1-жүргізуші: Гүлсана

Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші: Ақмарал

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


1-жүргізуші: Гүлсана

Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде

2-жүргізуші: Ақмарал

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Мадина Қорғанқызына береміз.


1-жүргізуші: Гүлсана

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.


2-жүргізуші: Ақмарал Ендеше , құрметті көрермендер! Біз патриоттық әндер конкурсына қатысатын 2,4,7-сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық.

10. Байқауды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Әйтімов Қуаныш Әйтімұлы

2. Бектемірова Зарина Серікпайқызы

3. Мусанова Қайырпану Қабешқызы
1-жүргізуші: Гүлсана

Байқауға әннің орындалу шеберлігі,сахнада өзін ұстай білуі ескеріледі және ұпайлары жабық түрде бағаланады.
Жоғарғы ұпайы -10
Төменгі ұпай – 5
І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.
2-жүргізуші: Ақмарал

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастайық біз.
1-жүргізуші: Гүлсана

Сайысқа қатысушы оқушыларды қошеметтеп қарсы алайық:

  1. 2-сынып оқушылары: Рахметова Аяулым және Кептилеу Мария;

  2. 4-сынып оқушылары: Каркаков Мейіржан және Рахмет Бекарыс;

  3. 7-сынып оқушысы -Кубентаева Саяжан

  4. 7-сынып оқушысы-Рахметова Алуа

2-жүргізуші: Ақмарал

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Қазақ елі әні . Орындайтын Кубентаева Саяжан.
1-жүргізуші: Гүлсана

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

2-жүргізуші: Ақмарал

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Қазақтан, Жасасын!
1-жүргізуші: Гүлсана

Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!



2-жүргізуші: Ақмарал

Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.
Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,
Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда.

1-жүргізуші: Гүлсана


Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім?

2-жүргізуші: Ақмарал

Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,
Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,
Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.
«Астана» әні. Орындайтын 2-сынып оқушылары— Рахметова Алуа, Кепилеу Мария.
Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Гүлсана

Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егеменді алғаныма қуанам.


2-жүргізуші: Ақмарал

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Кенжебектей баламыз ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған.
1-сынып бүлдіршіндерінің «Отаным-алтын бесігім» өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.


1-жүргізуші: Гүлсана

Армысың ата-қоныс, атамекен,
Киелі қасиетті туған өлкем
Саған деген сезімім, сағынышым,
Жыр болып төгіледі жүрегімнен.

2-жүргізуші: Ақмарал

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі.

Құрметті қонақтар! Әділқазы алқалары қорытынды бағаларын шығарғанша «Балауса» би тобының орындауында «Көроғлы» биін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Гүлсана

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
Осымен байқауымыз тәмамдалды.
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.


2-жүргізуші: Ақмарал

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата баба рухына.


1-жүргізуші: Гүлсана

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты өнегесі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Сөз кезегі әділқазы алқаларында./ Орындарды белгілейді,хабарлайды/



2-жүргізуші: Ақмарал

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Хор «Атамекен»


1-жүргізуші: Гүлсана

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын! Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен елімді сүйемін!» патриоттық әндер конкурсы өз мәресіне жетті.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров3495
Номер материала ДВ-507030
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх