«М. Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін
инновациялық орта мектеп» КММ
«Мен елімді жырлаймын» атты
музыкалық-поэтикалық фестивальдің
сценарийі
Дайындаған мұғалімдер: Қаракүшікова Б.Б.
Петропавл қаласы
2016 жылы
Сценарий «Мен елімді жырлаймын»
1-жүргізүші : Армысыздар жаны жайсаң қазақ елі!
2- жүргізүші: Қайырлы күн, ғарыштаған Қазақстан,
Асқақтаған Қызылжар жұртшылығы ,
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сахналық көрініс.
2-оқушы :
Біз, жас ұрпақ – Қазақстанның болашағымыз
Біз оны салуға және сақтауға,халықтар арасындағы
Бейбітшілік пен достықты бекітуге барлық күш жігерімізді жұмылдыруға міндеттіміз
«Отан» әні (вокал тобы)
1 -оқушы : Тәуелсіздік-менің атым ,
Келдім , міне 21 жасқа
Сендер мені шақырып ,
Келдім міне қонаққа
1-жүргізүші: Келдің міне 21 жасқа
Құттықтаймын, келші тағы мың жасқа
«Сәлем» биі
Слайдтар
2- оқушы: Біздің Байрағымыз – Тәуелсіздік
Мақсатымыз – бейбітшілік пен құттылық
3 -оқушы: «Бұл өмірде біздің жалғыз ғана
Отанымыз бар. Ол –Қазақстан
Бұл сөздер президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі»
4 -оқушы: Шықты тарап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті
Ол да аямай жанын салды
Жету үшін мұндай сыйға
Президенттің – Нұрсұлтанды
Көгіндей тудай сыйла .
5- оқушы: Рәмізім –елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі .
6-оқушы: Тәуелсіздік туы көкте желбіреді
Халқым менің шаттық үнге кенелді
Содан бері бүгін, міне 21 жыл
Еркіндіктің еңсесін тіктегелі
7-оқушы: Астана - арман қала
Сарыарқа төсінде Күн болып қарайды
Сән беріп Есілге Шуақ боп тарайды
Жас қала - Бас қала Әлемге нұр шашқан
Астана өсуде Астанам арайлы
8-оқушы:
Алатау ақ өткелім Қанаттары талмасын
Махаббатым көктемім Дәулет болып айналсын
Қос қыранның тұрағы Жұмыртқасын бақ құсым
Арманыңа жеткенің Бәйтерекке байласын
1-жүргізуші:
Кең-байтақ Қазақстан біздің туған өлкеміз, оның асқар таулары мен айдың көлдері жайкалған орманы мен жасыл жайлауы. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ақ бесігі.
Армян, әзірбайжан, шешен ұлттардың билері
2 жүргізүші:
Әр кезде құрметті достар достықты дәріптейік
Осы елде, осы жерде туып өскен барлық ұлттың Қазақстан ортақ үйі естең шығармандар.
1жүргізүші:
Ендігі айтарым, жастар халқын сүйсе деймін ,
Елі үшін, еркіндік үшін күйсе деймін.
Бүрынғы өткен батыр, бабалардай
Жерін, халқын, елін қорғап жүрсін деймін
2 жүргізүші:
Болашақтын асуына Нұрағамен
Жастар бірге барса екен қол ұстасып.
Қазағым, еркіндігін құтты болсын !
Мәнгі бейбіт елімізде өмір болсын !
Ән «Жаса Қазақстан»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.