Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Мен елімнің азаматымын" (4 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Мен елімнің азаматымын" (4 класс)

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №52 негізгі мектеп

Мерзiмі: 23.10.2015

Мұғалiмі: Өтемісова Ботакөз

Класы: 4 «А»

Оқушылар саны:

Тақырып: №8 Мен елімнің азаматымын

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ізгілік ,мейірімділік, елжандылық


Сабақ мақсаты: Мен елімнің азаматымын сүйіспеншілік құндылығынан туындайтынын түсіндіру.

Міндеттері:

- ізгілікке үйрету;

- мейірімділік қасиеттерін дамыту;

- елжандылыққа тәрбиелеу


Ресурстар: оқулық,дәптер аудио видео жазбалар,плакат түрлі түсті бояулар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi Т5 ережесі

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Одан соң нұр аяқтарыңызға одан әрі аузыңызға, тіліңізге, құлақтарыңызға, көздеріңізге де жетті. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.

7 сабақ 38-41-бет «Тілім – менің тірегім» С.Кәттебайұлы

1.Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?

2.Сендер өз тілдеріңді құрметтейсіңдер ме?

3.Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?

4. «Туған тілім – бабам тілі-өз тілім» дегенді қалай түсінесіңдер?

5. «Ана тілің – арың бұл» деген сөзді түсіндіріп беріңдер




Сергіту сәті

Жоғары карап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім

Айналамды бағдарлап,

Егеменді ел көрдім.

Сабақ барысын талқылау

Дәйек сөз.

Сүйіспеншілік бар жерде, байлық пен сәттілік бар

Халық даналығы

Сәттілік пен байлықты қалай түсінесіңдер?

2 рет ұлдарға , 2 рет қыздарға айтқызу

Дәптерге жазылады.


Мұғалімнің сыйы: Әңгiмелеу «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмнен үзінді

* Бейнероликтен не түсіндің?

* Жас жеткіншек Сұлтанның әрекетіне қандай болды?

*Сұлтанның бойындағы жақсы қасиеттер өз бойыңда бар ма? Қандай?


*Риясыз сүйіспеншілікті сен қалай түсінесің?

*Неліктен сүйіспеншілікті күннің нұрына теңейміз?

*Күнделікті өмірде ата-анаң деген мейірімділігінді қалай көрсетесің?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Елімді мақтан етемін» тақырыбында

1 қатар Ойшылдар

2 қатар Тапқырлар (сурет салды)

3 қатар Ептілер


Топпен ән айту. Р.Әлқожаның әні :

Атамекен

Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп,
Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,
Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа
Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп.
Қайырмасы:
О, менің атамекен нық тұрағым ,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын !
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түстес
Көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет


Мен сендік азаматтық сертімменен 
Дауысыңа дауыс қосам шертілмеген .
Мен сенің серпілмеген күніңе де 
Қараймын кереметтей серпінменен .
Қайырмасы:
О, менің атамекен нық тұрағым ,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын !
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте 
Көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет

Бәрін де мендегінің анамша ұғып ,
Тұрсың ба болашағыма алаңшы үміт .
Мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын 
Кететін сенен шығып , саған сіңіп .

Қайырмасы:
О, менің атамекен нық тұрағым ,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын !
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түстес
Көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет


Үй тапсырмасы.

8 сабақ 43 беттегі мәтінді оқып,мазмұнын білу.

8 сабақтағы дәптердегі жұмысты орындау



Сабақтың қорытынды минуты. Баяу музыка қосылады.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Рахмет.


























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров266
Номер материала ДВ-278591
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх