Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Статьи / Мен елімнің патриотым 5 сынып

Мен елімнің патриотым 5 сынып


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Елімнің батыры .............. hello_html_m4a051a7a.png

Жоспар.

1.Халық батыры болу, есте сақтау, тарихта қалу.

2. Исатай Тайманұлының біз білмейтін шынайы батырлығы.

3.Махамбеттің жыр батыры болуы.

4.Еліме күн туса, батырдың бірі мен болам.



Елімнің батырларын мақтанышпен айту, әңгімелеу немесе олар туралы жыр шумақтарын келтіру көкірегімде сайрағалы қашан.

Мен елімнің батыры болуға әрбір сыныптасымды, әрбір досымды шақырамын. Оны кез-келген іс-қимылымыздың адал атқарғандығында жүзеге асады.

Тарихи жазбаларға зер сала отырып, халқымда болған көптеген ұлт-азаттық, халық-азаттық көтерілістердің басшылары нағыз батырлар дер едім. Соның ішінде менің көкірегімді сайратқан Бөкей ордасындағы көтеріліс болды. Исатайдың халқы үшін қиналғаны, жанын жегідей жегізгені. Жайық бөлімінде беріш руының старшыны бола отырып, патшаға жағымпазданған қазақ шенеуіктерінің іс-әрекеттеріне қарсыласумен болды. Исатайдың қөзқарасының дұрыс қалыптасуы, санасының еркіндігі, халқының азаматы болуына нағашысы Жабай Бегалыұлының ықпалы зор болды.1814 жылдан-1817 жылға дейін старшындық қызметте жүріп, көптеген сатқындықтардың куәсі болды. Бұл жұмыстары досы Махамбетті шындықты қақ жаратын ақындыққа алып келді.

1817 жылдан бастап патша шенеуіктерімен қарым-қатынасы салқындай бастайды.1817-1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылады. Махамбет Өтемісұлы 1829-1830 жылдары Калмыков түрмесіне қамалады. Екеуіне жабылған жаланың бәрі патша шенеуіктерінің мүддесіүшін шешілген еді.Түрмедегі Махамбет орыс жазушысы, этнографы В.И.Дальмен және оқымысты,саяхатшы Г.С. Карелинмен тығыз қарым-қатынаста болды. Махамбет жырлары көтерілістің мақсаты мен талабын айқындап көрсетіп жатты. Махамбеттің жырларын халық ауызба-ауыз жатқа айтып, патшаға жағымпазданғандардың ашу ызасын туғызды.

Махамбеттің Исатайды терең сүюі, егіле, емірене жылауының негізгі себебі – оның өн бойындағы жақсы қасиеттері езушілердің қанды тырнағынан халықты босатуға жұмсалуы. Бұған ақынның барлық өлеңдері айғақ. Исатайдың патриоттығын айқындауда «Мінген ер» айрықша орын алады:

Күншығыстың астында,

Күнбатыстың тұсында,

Қарындасым барды деп,

Қабырғасын сөксе деп,

Қанын судай төксе де,

Қайыспас қара нарды деп,

Маңдайынан күн өтіп,

Жауырыннан жел өтіп,

Күн астынан жеткен ер.

Айтып- айтпай, не керек,

Исатайды өлтіріп,

Серкесінен айырылып,

Сергелдең болды біздің ел.

Исатайды ақынның терең сүйіп, тебірене жырлауынынң түп тамыры батырдың ел үшін еткен ерлік істерінде жатқандығының бұл өлең куәсі тәрізді.

Исатайдың оған ерген халықты елі, жері үшін көрмегені жоқ. Онда губернатор В.А.Перовскийдің, Геккенің, Пакатиловтың, Жәңгірді өз халқына қарсы қоюы, көтеріліс басшыларының ызасын тудырған. Жәңгірханның патша өкіметімен байланыса отырып, халқына жасаған еңбектері: зайырлы мектептері, мешіттері халықтың сауатын ашуға еңбегін тигізді.Хан мен халық арасында жүретін жандайшаптардың арқасында халық езілді,тоналды да, Махамбет өлеңдері Жәңгірханға айтылды немесе халық наразылығы күшейіп Исатайдың батырлығы көзсіз ерлікке бағаланды.

Исатайдың хан сарайына баса көктеп кіруі, подполковник Геке мен Меркулов топтарына қарсы тойтарыс беруі де, Махамбет жырларынан анық көруге болады. Нағыз хас батыр өз өмірін отқа да, суға да салған міне біздің батыр Исатай. Ең көңілсізі халыққа жағымсыз тиетін жаңалық 1838 жылғы 12 шілде болатын. Ауыр жараланған Исатай батырымызды жалдамалы әскер казактары қылышпен шауып өлтірді.

Бұл ерлікке қанша тағзым да аз болар. Елімнің ертең деп жүрген біз жастар осындай елімізге шын берілген болсақ болғаны, соның өзін ерлікке санаймын.

Сыртқы істермен шұғылдансам елімнің есесін жібермеймін.

Әскер болсам шекараны күзетемін.

Дәрігер болсам халқымды емдеймін.

Кәсіпкер болсам елімді көркейтуге үлес қосар едім.

Қарт шағымда батырлар тарихын жазар едім.

Еліме басқа ел зиян тигізер болса, алғы шепке шығар едім, деп мен шығармамды аяқтаймын. Бәріміз тек халқымыз үшін адал қызмет жасайық.

Мен қазақ азаматы ретінде тарихымдағы өшпес ерлік жасаған айбынды батырларым туралы әрқашан мақтан тұтам.

hello_html_68038902.jpghello_html_1e81dc72.pnghello_html_m20fd0dd8.png




Автор
Дата добавления 25.11.2016
Раздел История
Подраздел Статьи
Просмотров43
Номер материала ДБ-388918
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх