Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Мен елімнің патриотымын" ашық тәрбие сағаты

"Мен елімнің патриотымын" ашық тәрбие сағаты


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

«Мен – елімнің патриотымын»


Күні: 01.09.2016

Сынып: 9

Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген

сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-

дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,

болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге

білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың

сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.

2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,

достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында

патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар,

мемлекет рәміздерін көрсету.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен оқушылар!Баршаңызды бүгінгі Білім Күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

- 2016 жыл – бұл әрбір қазақстандық үшін ерекше жыл болып саналады. Барша халық Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жыл толуын салтанатты тойлануына куә болып жатыр. Осы ширек ғасыр ішінде бүкіл қазақстандықтар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен тарихи дамуда ерекше серпіліс жасап, мықты, заманауи мемлекет құруда. Еліміздің бірлігі, татулығы мен табандылығы арқасында біз экономикалық өркендеу мен азаматтық бірауыздылыққа қол жеткіздік. «Мәңгілік Ел» қасиетті де қадірлі мемлекетке жету жолында қазақстандықтарды әлі де көптеген жаңа табыстар күтіп тұр.

- Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, 4 топқа бөлінейік. Мына қорапшадан бір-бір қағаздан алып, сонда Отан, туған жер туралы мақалдың бір сөзі жазылған. Орындарыңнан тұрып, бүкіл мақалды құрастыруға тырысыңыз.

1. «Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды»

2. «Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің»

3. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»

4. «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың»


ІІ. Негізгі бөлім.

  • «Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сіздердің назарларыңызға «Мен елімнің патриотымын» атты алғашқы тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз. Осы тақырыпты ашу үшін, ең біріншіден «Патриот деген кім?» деген сұраққа жауап беру тиіспіз. Осы тәрбие сағатымыз пікірталас түрінде өтпек. Сондықтан өз пікірлеріңді ашық және толық білдіруіңізді сұраймын. Тәрбие сағатымызға қонақ боп келген ата-аналарымызды эксперттер тобы болуыңызды сұраймын. Балалардың пікірлерін тыңдап, қосатындарыңыз болса, қысылмай өз ойларыңызды ашық білдіруіңізді сұраймын.

  • Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесіз? Әрбір оқушы өз ойын айтып берсін.

(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

  • Пікірлерің үшін рахмет! Иә, «патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында»: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі» – деп анықталған.

  • Ал, қазақстандық патриотизм дегенді қалай түсінесіз? Топ ішінде осы сұрақты талқылап, әрбір топтан бір оқушы жауап берсін.

(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

  • Қазақстан Республикасының Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» деп айтқан. Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.

  • Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінесіз? Өздеріңді патриот деп санайсындар ма?

(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

  • Әрбір топқа бірнеше сөйлемнің басы берілген, осы сөйлемдерді өз ойларыңмен толықтырыңдар.

  1. Менің Отаным бұл - .......

  2. Менің Отаным үшін ең қиын кезең болған - ........

  3. Өскенде мен......

  4. Менің Отаным.......... .............. қалар едім.

  5. Өз Отаныма ..................................................... үшін алғысымды білдіремін.


  • Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма? Бар болса қандай әндер? Әрбір топ ортаға шығып осындай әннің бір шумағын орындап берсін.

(Әрбір топ бір шумақ ән орындап береді)

  • Келесі тапсырма – әрбір топ патриот адамның портретін салуы тиіс. Сендердің пікірінше, патриот бойында болуы тиіс деген бес қасиетті таңдап жазыңыз. Олар мыналар:

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;

  • Портретті аяқтағаннан кейін әрбір топ шығып, өз ойларын ортаға салады.


(Әрбір топ өз портреттерін қорғайды)


ІІІ. Қорытынды бөлім.

  • Құрметті оқушылар міне, біз тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.

Осымен «Мен – елімнің патриоты» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!


Автор
Дата добавления 28.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров34
Номер материала ДБ-297088
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх