Инфоурок Другое Конспекты«Мен - елімнің патриотымын!» (7 сынып)

«Мен - елімнің патриотымын!» (7 сынып)

Скачать материал

Сатақтың тақырыбы:  «Мен - елімнің  патриотымын!» 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру,Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, ұлтжандыққа, тәрбиелеу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, бейнеролик

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме балалар, мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Жаңа оқу жылы құтты болсын.

Біздің туған жеріміз, алтын бесігіміз-кең байтақ Қазақстан. Қазақстан-біздің Отанымыз. Ал біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Мен - елімнің  патриотымын!» 

ҚР мемлекеттік әнұраның орындаймыз

Мұғалім:

Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.

Кіріспе: «Мен - елімнің патриотымын» атты бейне таспаны қараймыз.

Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.

Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама  қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25).[1] Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты.

Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.

Рио-де-Жанейро қаласында өткен  Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы  қоржынында 3 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль бар.

Мұғалім: 25 жыл толып отырған тәуелсіздігіміз өздерін көргендей бізге оңайлықпен келген жоқ. Олай болса осыны бағалай білейік.

 

Балаларға сұрақтар:

-                     «Патриот» сөзін қалай түсінесіндер?

-                     Өз еліннің патриоты болу үшін не істеу керек?

-                     ҚР конституция күні қашан?

Ата-аналарға сұрақтар:

-                     Қазақстанның астаналары болған қалаларды атаңыз.
Жауабы:
2. 1919 - 1925жж. Орынбор қаласы,
3. 1925 - 1929жж. Қызылорда қаласы.
4. 1929 - 1997жж. Алматы қаласы.
5. 1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
6. 1998ж. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

-                     1986 жылы болған оқиға не айта аласыз? (қайда, қашан)

-                     Боровской селосына биыл неше жыл?

 

Мақал-мәтелдер оқылады, сіздер қалып қойған сөзді тауып, оны келесі екі тілге аудару керексіз.

-                     1)Отанды сүю — …басталады. (отбасы-семья-family)

-                     2)Отансыз адам — … бұлбұл. (ормансыз-лес-forest)

-                     3)Ер қанаты — …(ат-лошадь-horse)

-                     4)Ел көркі — …, өзен көркі – тал. (мал-животное-animal)

-                     5)Ел құлағы …(елу-пятьдесят-fiffty)

-                     6)Әкенің қадірін, балалы болғанда … (білесің-знать-to know)

-                     7)Халық күші алып … (күш-сила-power)

-                     8)Адал ұл ер боп туса … тілегі. (ел-страна-country)

-                     9)Отан … ыстық. (от-огонь-fire)

-                     10) Ер туса – елдің көркі,

-                     Қыз туса — …көркі. (жер-земля-world)

Ата-аналарға балаларын құттықтау үшін сөз беріледі.

 

Қорытынды: :Біз,тәуелсіз Қазақстанның жас азаматтары,кең байтақ еліміздің келешекте еңселі де іргелі елге айналуына үлесімізді қосамыз.

 Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мен - елімнің патриотымын!» (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.09.2016 1768
    • DOCX 19 кбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметбекова Гульжан Халеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметбекова Гульжан Халеловна
    Ахметбекова Гульжан Халеловна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75625
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой