- 04.12.2018
- 2403
- 13
Курсы
Другое
6-БӨЛІМ: САЛТ-ДӘСТҮРДІ БІЛУ НЕ ҮШІН КЕРЕК? № 1 ҰОҚ
Тақырыбы: Мен ертегі оқимын |
Мектебі/МҰ: |
||
Күні,айы: |
Педагогтың аты-жөні: Хасенова Риза Ораловна |
||
Мектепалды сыныбы/тобы: |
ҰОҚ-ға қатысқан тәрбиеленушілер саны |
ҰОҚ-ға қатыспаған тәрбиеленушілер саны |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну 0.1.4.1 Қарапайым сұрақтарға ым-ишара (мысалы, затқа немесе суретке нұсқау), сөздер және қысқа фразамен жауап қайтару 0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану 0.3.1.1 Ақпаратты сурет, иллюстрациядан табу және сәйкестендіру 0.4.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізу 0.5.1.1 Сөйлеу барысында заттың атауын білдіретін сөздерді қолдану |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсінеді, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.Берілген ертегі атауларын атай алады, ертегіні сурет арқылы атай алады.«Мен ертегі оқимын», «Мен ертегі тыңдаймын» сөйлемдерін орынды қолдана алады. Тәрбиеленушілердің басым бөлігі: Қарапайым сұрақтарға ым-ишара, сөздер және қысқа фразамен жауап қайтара алады. Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, ертегілерді ажырата алады. Кейбір тәрбиеленушілер: Өзі білетін ертегінің қысқаша мазмұнын өз сөздерімен айта алады. |
||
ҰОҚ барысы |
|||
ҰОҚ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
|
ҰОҚ басы (2-5 минут)
ҰОҚ ортасы (6-25 минут) |
(ПК) Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексеру.ҰОҚ-ның басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.ҰОҚ мақсатымен таныстыру.
(ПК,Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс. Педагог балаларға ертегі сөзінің мағынасын түсіндіреді, себебі осы сабақта балаларбірнеше ертегінің атауын үйренеді әрі осы бөлімнің соңында олар қандай ертегі білетіндерін айта алады. Содан кейін педагог балалардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша «Мен ертегі оқимын», «Мен ертегітыңдаймын» сөйлемдерімен таныстырады.Балалар берілген үлгі бойынша сөйлемдерді қайталайды. Балалар сабақта сурет бойынша ертегіні атай алуды ғана үйренеді. Әліппе-дәптер.Аудиодиск:6.1.1 (ПК,Ұ) Осы сабақтағы 2-тапсырмада балалар педагогтің сұрағын тыңдап, жауап беріп жаттығады. Педагог «Сен не істейсің?» сұрағы бойынша суреттермен жұмыс істейді.Бірінші сурет бойынша балалар «Мен ертегі оқимын», ал екінші сурет бойынша «Мен ертегі тыңдаймын» деген сөйлеу үлгілерін үйренеді. Содан кейін балалар арасында сұрақ бойынша жұмыс жүргізіледі. Ол үшін балалар топқа бөлінеді. Сұрақ қоятын бала ортада тұрады, басқа балалар оны қоршап дөңгеленіп тұрады. Ортада тұрған бала қарсысында тұрған балаға «Сен не істейсің?» деп сұрақ қояды. Тәрбиеленуші екі жауаптың біреуін айтады. Мысалы: Сен не істейсің? Мен ертегі оқимын. Мен ертегі тыңдаймын. Сөйтіп ойынжалғаса береді. (ПК,Ұ) 3-тапсырма бойынша педагог балаларды сурет арқылы ертегі атауларымен таныстырады. Ертегі атаулары: ≪Қасқырмен түлкі≫, ≪Бауырсақ≫, ≪Піл, керік, қоян≫.Балалар берілген ертегі атауларын тыңдайды,қайталайды, сурет бойынша атайды.Балалар педагогтің «Бұл қандай ертегі?» сұрағына суреттер бойынша жауап береді. (ПК, Т) 4-тапсырмада «Қасқыр мен түлкі» ертегісі бойынша суретті бояуға тапсырма берілген. Балалар сурет бойынша ертегінің атауын тағы бір қайталайды, графикалық нормаларды сақтауға, түс таңдауға машықтанады. (Ұ) 5-тапсырмада балалар қасқыр, қоян,бауырсақ, түлкі, керік, піл, ертегі, оқимын,тыңдаймын сөздерін тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ү, қ, і, ң дыбыстарын қайталайды. |
Әліппе- дәптер. Аудиодиск: 6.1.1
Аудиодиск: 6.1.5 |
|
ҰОҚ соңы (26-30 минут) |
(Қ)ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орнатады. Балалар ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
|
|
Настоящий материал опубликован пользователем Хасенова Риза Ораловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалУчитель казахского языка начальных классов
Файл будет скачан в форматах:
Материал разработан автором:
Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна
учитель биологии и химии
Об авторе
Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна. Инфоурок является информационным посредником
Сабақ жоспары
Биология 10 класс
Тақырыбы: Митохондрияның құрылымы мен қызметтері
Оқу мақсаты: 10.1.4.5 - митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату
Сабақ мақсаттары:
Бағалау критерийлері:
Тіл мақсаттары:
Құндылықтарды дамыту:
Еңбек және ынтымақтастық: Зертханалық тәжірибе арқылы топта жұмыс істеу
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну.Қарапайым сұрақтарға ым-ишара (мысалы, затқа немесе суретке нұсқау), сөздер және қысқа фразамен жауап .Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану.Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізу.
7 356 839 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 334 716 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.