Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?»

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?»

Скачать материал

                                                                       Өзіңді-өзің танысаң істің басы,

                                                                      Түзеген өз ғаламын болар дана.

                                                                                              Ақжан әл-Машани

 

Тақырыбы: «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?»

 

 

Мақсаты:

«Адамның» жоғары құндылық ретіндегі мәнін кеңейтіп түсіндіру. Жалпы құндылықтар арқылы адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

 

Міндеттері:

Өзін тануға, өзінің қол жеткізген табыстарын саралауға, шығармашыл ойлауға бағыттау.Өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдері:

 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы, тыныштық сәті, әңгімелесу, талқылау жаттығулары, шаттық шеңбері.

 

Сабақтың жабдықталуы:

Проектор, музыкалық сүйемелдеу, маркер, ақ қағаз, дидактикалық материалдар, айна.

 

Барысы:

Шаттық шеңбері: Тілек айту.

Қызығушылықты ояту.

1.Танысу тренингі (өздерін таныстырып өтеді).

2.Екі шындық, бір өтірік.

3.Амандасу «Бумба-Юмба тайпасы» (Маңдай, құлақ, иық, шынтақ, тізе)

Топқа бөлу:тренинг: «Үш түс-үш есік»

Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Тренир қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.Жауабы төмендегіше:

Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.

Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.

Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.

 

ІІ.Мағынаны тану

-Не көріп тұрсыздар? (ақ қағаз, қара ноқат)Топтастыру стратегиясы.

 -Әрбір адамның бойында жақсы қасиеттері болады, өз бойыңыздағы асыл қасиеттерді бағалаңыз және қабылдаңыз, сонымен қатар, ол қасиеттеріңіз сіздің өз күшіңізге сенімділік береді және қиын сәттерді жеңе білуге көмектеседі.Ешқашан өз қабілеттеріңізді төмендетпеңіздер.

І-топ

1.       «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» деп өздеріңе сұрақ қойып көрдіңдер ме?

2.       Алдыңа қандай мақсат қойдың?

3.       «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы?»

 

ІІ-топ

1.Ұстанымың қандай?

2.Өз өміріңді қалай бағдарлайсың?

3. «Ең керекті кісі кім?»

 

ІІІ-топ

1.Адам баласына өмірде не қажет деп ойлайсыңдар?

2.Психологиялық саулық деген не?

3.«Ең керекті іс не?»

 

                Өздерің айтқандай, әр адам өзін-өзі қабылдай білсе, жасаған іс-әрекеттерін бағалай алса, сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын жоғалтпаса, болашағын жоспарлай алса біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болатын еді.Өмірімізде ғажайыптар көбірек болатын еді.Денсаулығымыз жақсарып, басқа адамдармен қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді.Біз өзімізді шығармашыл тұлға  ретінде қалыптастыратын едік.Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді.

 

-Ал енді бойымыздағы жақсы қасиеттерді жазайық н/е суретпен салуға болады.Сонымен қатар, өзіміздің бойымызда жоқ, бірақ болса екен деген қасиеттерді жазуларыңызға, суретін салуларыңызға болады.

 

Мына төмендегі сызба бойынша тізім жасауға сіздерге 5 минут уақыт беріледі.

 

Маған өзімнің бойымнан  не ұнайды?

Өз бойымнан қандай қасиеттерді өзгерткім келеді?

 

 

 

 

 

Талдау үшін  қойылатын сұрақтар:

1.Сұрақтарға жауап бергенде қандай сезімде болдың?

2.Сізге сенімділік қалай әсер етеді?

3.Бойыңызда қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

 

 

«Ой толғаныс»

І-топ

«Менің болашағым» тақырыбында эссе, өлең жазу

 

ІІ-топ

«Менің болашағым» тақырыбында сөз, сурет, таңба, сызба, рәміз арқылы шығармашылықпен бейнелеп көрсетіңіз.

 

 

 Мәтінмен жұмыс

Гүлдің сыры (аңыз).

 

                Бір күні хан бақты аралап жүрген кезінде қурап бара жатқан ағаштарды, бұталарды және гүлдерді байқайды.Таңданған хан еменге бұрылып мән-жайды сұрайды.Сонда емен: «Мен қарағай секілді ұзын бола алмадым, сол себепті мен құса болып қурап бара жатырмын»- дейді.Хан қасындағы қарағайға қарап еді, ол: «Жүзім ағаштары сияқты жеміс бере алмағанымнан қурап бара жатырмын»- дейді.Ал, жүзім ағашы болса өзінің раушан гүлі сияқты құлпыра алмайтындығына өкінді.Тек бір ғана ырғай гүлі жайқалып өсіп тұрды.Таң-тамаша болып тұрған ханға ырғай гүлінің айтқаны: «Сен мені отырғызған кезде менен ырғай гүлінің өскенін қаладың.сен егер менің орныма еменді, қарағайды, раушан гүлін өсіргің келсе, соларды отырғызушы едің.Сондықтан мен өзімнің ырғай гүлінен басқа ешкім бола алмайтынымды білгендіктен мені отырғызған адам маған қарап ләззат алсын деп, әдемі болып гүлдеуге тырыстым »-дейді.

 

Әрбір адамның, яғни сіздің бұл өмірге келуіңіз кездейсоқтық емес, демек әлемге сіз керексіз, әйтпесе сіздің орныңызға басқа адам дүниеге келетін еді.Әр адам өмірге келген соң өзіне лайықты міндеттелген борышын адал атқаруы тиіс.

-Не үшін сіз басқа адам болуыңыз керек?Неліктен басқа біреуге еліктеуіңіз керек?Сіз бұл өмірге өз үлесіңізді қосу үшін келдіңіз және бұл сіздің ғана қолыңыздан келеді.Өзіңізге мұқият қарасаңыз, сіз сияқты адам бар, бірақ дәл сіздей адам бұл әлемде жоқ екенін байқайсыз, сондықтан басқа адам болудың қажеті жоқ.Демек, адам өзі ғана өз өміріне қуаныш, жарық нұр сыйлай алады.

 

 

 

Андирова Айман Амандыковна, Мұхит атындағы ЖОББМ-нің педагог-психологы, БҚО.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 705 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 15789
    • DOCX 43.5 кбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Андирова Айман Амандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Андирова Айман Амандыковна
    Андирова Айман Амандыковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 55825
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретические основы детской и подростковой психиатрии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 104 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы психологии личности, социальной и дифференциальной психологии

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Перинатальный психолог: психологическое сопровождение беременности, родов и послеродового периода женщины

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек