Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыМен көктемді іздеймін... 7-сынып

Мен көктемді іздеймін... 7-сынып

Скачать материал

Бөдене орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

«Жыл сынып жетекшісі-2019» аудандық сайыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Мен көктемді іздеймін...

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Аманова А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Мақсаты: Тарихы ұрпағына өнеге, киелі туған жерімізде бойында тек қана ақындық қасиетпен ғана емес, сонымен қатар өн бойынан сан өнердің құпиялы сырлары бар тұлғаларымыздың мұраларын жас ұрпаққа насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 

Көрнекілік құралдар: бейнеролик, ақын портреті, слайдтар, кітап, картиналар, мүсіндер көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер;

 

Өтілу барысы:

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тәлімді адамдармен кездесіп, тәрбиесін танытар «Мен көктемді іздеймін...» атты тәрбие шарамызға қош келдіңіздер!

Шарамызды бастамас бұрын бүгінгі қонағымыз болар тұлғаны білу үшін алдарыңызға осы тұлғаны танытар қасиеттері мен ақпараттарды алдарыңа ұсынамын,  кім жайында екенін тауып көріңіздер!

 Ақын, суретші, Суретшілер одағының белді мүшесі, 4 бірдей өлеңдер жинағының авторы, ұлағатты да ардагер ұстаз, қамқор әке,

 

Мұғалім:

-         Дұрыс айтасыңдар балалар, Мұрат Мөңкеұлындай, Махамбеттей даналарымыздың құнарлы топырағында дүниеге келген суретші әрі ақын ағамыз Тілек Халин ағайымыз.  Осы ағайымызбен жүзбе-жүз кездескіміз келе ме, оқушылар? Олай болса  Тілек ағайымыз бүгін бізде қонақта. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

-         Амандасу, қошеметпен қонағымызды қарсы аламыз.

 

-         Мұғалім:

Қамшы сипар желмая сауырына,

Тарих-көштен сыр  тартқан  тауым мына,

Шөгіп жатыр Дендерім қазынасын

Үнсіз ғана басып ап бауырына!- деп жырлаған «Дендер тау» өлеңінің үзіндісінен-ақ  Индерімздің қазба байлықтары, тарихы терең екенін ұғынамыз.

 

Мұғалім:

Мың бояуым, мұң сезімім, Өмірім,

Ал өмірден естіледі  небір үн...

Тамылжытшы Табиғатым, нұрланып,

Жарқырасын көп бояулы Көңілім!-деп  жырлаған ағамыздың  өлеңдерінен ақындық қасиеттен бөлек туа біткен таланты бар сурет өнерінің  де хас шебері екенін аңғартқандай.

 

 

Халин Тілектің бейнелеу өнеріндегі жетістіктері

1982ж - Атырау облыстық мәдениет басқармасының І-дәрежелі дипломы (облыстық көрме)

1985ж - Мәскеуде өткен бүкілодақтық халық шығармашылығы Фестивалінің лауреат  атағы (медаль) 

1988ж - Атырау облыстық мәдениет басқармасының ІІ-дәрежелі дипломы (облыстық көрме)

1991ж - Атырау қаласы көрме залы - жеке көрме (50 картина қойылды)  

1993ж - Атырау облысы өнер мұражайы (көрме) І-дәрежелі диплом, «тума талант» куәлігі

1996ж - Қазақстан Республикасы білім министрлігінің Құрмет Грамотасы

1999ж - Атырау кіші өнер академиясы (жеке көрме, 24 картина қойылды) 

2000ж - Атырау М.Өтемісұлы атындағы драма театры. «Ақ – ерке Жайық» халық шығармашылығы фестивалі (гран-при, бас жүлде)

2002ж - «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі.

2002ж - Мақатта өткен ауданаралық облыстық көрме – І орын

2003ж - М.Өтемісұлы мерейтойына арналған шығармашылық конкурс (өлең)-ынталандыру.

2005ж - Кәсіпқой суретшілердің облыстық көрмесі – ынталандыру (ұлы жеңістің   60-жылдығына)

2006ж - Кәсіпқой суретшілердің облыстық көрмесі – ІІІ орын «Желтоқсан желі» атты

2007ж - Бейнелеу пәні мұғалімдерінің байқау конкурсы – бас жүлде.

2011ж – Атырау облысы маслихатының «Алғыс хаты»

2011ж – Бейнелеу мұғалімдерінің облыстық (Т.Халиннің) авторлық семинары

2013ж –Бейнелеу өнері бойынша республикалық симпозиумға қатысушы

2014ж – Атырау қаласы – жеке көрмесі

2015ж -Суретшілер Одағына мүшелікке қабылданды

2015ж –Кәсіби суретшілердің Ұлы Отан соғысына арналған көрмесі-ІІ орын

2016ж – «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекелік медалі»

2017ж – Индер ауданында шығармашылық кеші өтті

2018ж –Республикалық поэзия күніне қатысушы

               Республикалық Пленарға қатысушы

2019ж – Республикалық «Махамбет» атындағы сыйлықтың иегері

Бірнеше көркем туындысы Италия, Түркия елдерінде.

 

 

Ауданымыздың мақтанышы  Тілек ағайымызбен бірге өткізгелі отырған тәрбие шарамызға  тағы да қош келдіңіздер!

 

Мұғалім: Тілек Қалыұлы  –өнер өріне құлаш сермеп өрелі биіктерге қол жеткізген өнерпаз. Ол-суретші, ол-ақын, ол-қоғамдық ой толғаушы. Ендеше ақындық пен қатар суретшілікті  жанына серік еткен ағамыздың өзіне  сөз берсек. Өзіндік бір сырға толы суреттеріңіздің бірнешеуін ала  келіпсіз. Енді осы сурет  туралы  бірауыз  сөз айтып  отырсаңыз.

 

(Ағай сөз сөйлеп картинкаларын түсіндіріп отырады.)

 

Ағайымыздың бірнеше картинкалары дүниеге келген. Әр суреттің өзіне тән тарихы мен салынған уақыты да әртүрлі. Осындай әдемі дүниелерді талантты өнерді бағалаған ауылымыздың азаматтары мен ағайымыздың өзінің ұсынысымен былтыр ғана шағын галереясы ауылымызда ашылған болатын. Ашылу салтанатына ауданымыздың сол кездегі әкімі Серік Бисешұлы өзі арнайы келіп ашқан болатын. Бұл да ағайымыздың еңбегінің бағалануы деп түсінеміз.  Бұл галереяға  ауылымыздың тұрғындары, оқушыларымыз кез-келген уақытта ағайымызбен келісіп кездесіп, картинкаларын көре алады. Осы сөзіміздің дәлелі ретінде сіздерге қазір ағайдың шағын галереясын ұсынамын.

 

  Бейнебаян көрсету    (ағайдың шағын галереясынан үзінді көрсетіледі).

Мұғалім:

Ағай картинкаларыңыз бен қатар бұл жерден мүсіндерді де көзіміз шалып отыр. Осы дүниелер туралы не айта алар едіңіз?

 

Ағайдың жауабы.

 

Мұғалім:

 Демек сіздің бойыңызда мүсіншілік өнердің де табылғаны деп білеміз ғой. Қандай тамаша!

 

 Сурет салудан басқа өлең шығаратын өнеріңіз де бар. Тіпті осы өлеңдер жинаққа айналып, «Мен көктемді іздеймін» (2008 ж),  «Керуен көңіл» (2011 ж), «Өмір шуағы» (2013 ж), «Дала рухы» атты өлеңдер кітаптары жарыққа шықты. Осындай өнеріңізге тәнті болып, сіздің өлеңдеріңізбен сусындап жүрген жас жеткіншектерімізге сөз берсек.

 

Өлеңін жаттатып 2 оқушыға айтқызу

 

Презентация көрсету. (Ағайдың өлеңдері туралы) 

 

«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дейді.

 Ақын ағамызға қандай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. Тілек  ағай, бізді сусындатар мәңгі сарқылмас жырларыңыздың алдында құрметпен бас иеміз!

Қыл қаламның ұшы арқылы ішкі сырларын суреттеумен қатар, өзегіндегі өрнектердің өлең тілімен де көрсете білетін ақын.  Ақынның кітаптары  шапқан сайын шындалып, биікке өрлеп келе жатқан шабыт иесі ой шынайылығымен, табиғи тынысымен, өз оқырманының өлеңге деген ынтызарлығын арттыра түскендей.

     

-         Ендігі Сізбен жүргізер балалардың сұхбатына шынайы, нақты жауап беруге дайынсыз ба? Олай болса, сізге сәттілік тілей отырып алғашқы сауалдарымыздан бастасақ...

 

 

(Оқушылар сауалы қойылады)

1.     Тілек ағай, адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең- балалық шағы ғой.  Сол балалық дәуреніңіз қалай өтті?

2.     Тілек  ағай, сіздің қалам ұстап, шабыт тұлпарына мінуіңізге не түрткі болды?

3.     Тілек  ағай, бала кезіңізде кітапқұмар болдыңызба?

4.     Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?

-         Мұғалім: «Балаға бағыт- бағдар беретін ата- анасы», ал сізге ата- анаңыз қандай бағыт берді?

-         Оқушылар сауалына кезек берейік.

5.     Тілек  ағай, мектепте оқып жүргеніңізде қандай үйірмелерге қатыстыңыз?

6.     Оқушы болғанда қандай болдыңыз?

7.     Тілек  ағай, бала кезіңізде неге құмар болдыңыз?

8.     Бос уақытыңызда немен айналысатын едіңіз?

9.     Тілек  ағай, шығармашыл адамның көбі көңіл- күйдің адамы дейді. Сіз қандай адамсыз?

Мұғалім:

-          Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы, 5 жаман қасиетіңізді айтыңызшы... (санап айтқызу)

-         Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы қасиетіңізді бүгінгі жастардың бойынан көре аласыз ба?

(Оқушылар сауалы қойылады)

10. Ақын ретінде сізді көбіне не шабыттандырады?

11.  Балалық шағыңыздан есіңізде қалған бір қызықты естелігіңізді айтып беріңізші.

Мұғалім:

-         Адам баласының мықты боп қалыптасуына үш нәрсе байланысты дейді. Олар: ата- ана, ұстаз және кітап. Әдебиет әлеміне қадам басуыңызға осы үшеуінің қайсысы әсер етті деп ойлайсыз?

-         Сізбен жүргізген бүгінгі сұхбатымыз ұнады ма?

-         Олай болса, сіздің туындыларыңызды үнемі оқып, жаттап үлгі алып жүрген оқушылардың өнерлерін тамашалайық.

-         Сіздің шығармашылығыңыздан «Поэзия минуты».

(Тілек ағайымыздың  шығармаларынан үзінді тақпақтарын оқиды.)

 

Мұғалім:

-         Сіздің жолыңызды қуып, ақындық өнерге бет бұрыс жасап жүрген шәкірттеріңіздің сізге арнаған арнауларын қабыл алыңыз.

(Оқушылар шығарған өлеңдерін оқиды)

-         Қорытындылау. Оқушыларға жылы лебізіңізді білдірсеңіз.

 

-         Ағай жайында бір 30 минутта айту мүмкін емес. Алайда осындай керемет талант иесі барын сіздерге таныстыру әрі таныту тәрбие шарамыздың басты мақсаты. Сонымен қатар осы тәрбие шарасынан кейін ағайымыздың өлеңдерімен, картинкаларына деген қызығушылықтарыңыз оянса, демек тәрбие шарамыз өз мақсатына жеткені. Ендігі кезекте шарамызды ағайымыздың сөзіне жазылған және де жергілікті Бөдене ауылының музыканты, әуесқой сазгеріміз Кенжеғұл Жалғасбайдың әуеніне салынған әсем әнімізбен қорытындылаймыз. 

Әні: Жалғасбай Кенжеғұл

Сөзі: Халин Тілек

  « Ұлым сағын» әнін қабыл алыңыздар.

Орындайтын: Нығметолла Гүлхан және сынып оқушылары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мен көктемді іздеймін... 7-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2019 423
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халин Саламат Серикович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халин Саламат Серикович
    Халин Саламат Серикович
    • На сайте: 5 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5917
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 781 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 982 человека

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 405 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 536 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 24 регионов

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек