725804
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеРабочие программы"Мен өлеңді жырлау үшін келгенмін" Мұқағали Мақатаевқа-85 жыл

"Мен өлеңді жырлау үшін келгенмін" Мұқағали Мақатаевқа-85 жыл

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

hello_html_m6c821190.gif



Аз ғана өмір сүрсе де артына өшпес мұра қалдырды. Ол өмірді сүйіп өтті. Ал, енді балалар, Мұқағали  ағамыз  жайлы  сыр  шертейік. 
       «Менің  анкетам»
Шырайлым:  Туған  жерің?
Данил:  Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
Шырайлым: Туған жылың?                        
Данил: 1931.Құрдасымын Шәмілдің.
Шырайлым:  Шыққан тегің?
-
Данил: Шаруамын.
Шырайлым: Білімің ше?
Данил: Орташа ғой.
-    Алайда өзім жоғары бағалаймын.
Шырайлым: Ана тілің?
Данил: Қазақша.
-    Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
Шырайлым: Қайда істедің?
Данил: Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.
-    Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.
 
Шырайлым: Міндеттісің бе әскерге?
Данил:  Міндеттімін.
-    Міне мұнда көп мағына бар.
Шырайлым: Мекен – жайың ?
Данил: Жерде  жүрген  ақын  деген  пендемін,
         Қағаз, қалам, уақыт  бер  аздаған .
         Мен  өмірді  жырлау  үшін  келгенмін !



















«Қанай орта мектебі»КММ





resize_mans

5,6 сынып

Ашық тәрбие сағаты



Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: С.С.Сейтбеков



2015-2016 оқу жылы


ТақырыбыМен өмірді жырлау үшін келгенмін»


Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан- жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали жырларын, дастандарын, әндерін айта отырып, ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.


1-Жүргізуші: Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! М.Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.

2-Жүргізуші: Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевты «мен өмірлі жырлау үшін келгенмін» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

1-оқушы «Арыз жазып кетейін» Шырайлым

1-Жүргізуші: М.Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз аулында дүниеге келді. Ақын өзінің шынайы таланты, сырға толы, тұнық та мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегіне жол тапқан. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Қазақ жерінің Райымбек бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туған жерін тамсана жырлайды.

2-оқушы: «Шыда, Шыда» Арайлым

2 -Жүргізуші Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінің мүшесі, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды.

3-оқушы «Ей өлең» Арайлым

1-Жүргізуші М.Мақатаев Нарыңқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстанда», «Мәдениет және тұрмыс», қазіргі «Парасат», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

4-оқушы «Фантазия» Айзат

2-Жүргізуші: М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.


1-Жүргізуші: Айналасына ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды. «Дариға – жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір – өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр» шығармаларымен жырсүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.

5-оқушы «Барлығыда сендердікі» Дамир

2-Жүргізуші: М.Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұнайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шыңдықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған.

Аз ғана өмір сүрсе де артына өшпес мұра қалдырды. Ол өмірді сүйіп өтті. Ал, енді балалар, Мұқағали  ағамыз  жайлы  сыр  шертейік. 
   
Көрініс: «Менің анкетам» Шырайлым Данил

1-Жүргізуші: М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.

ән: «Туған жер» Аида

1-Жүргізуші:М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.

6-Оқушы «Керемет-ай» Кирилл

2-Жүргізуші Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

Деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдерң еш уақытта өлмейді.

9-Оқушы «Сатқаны мен сатпаймын дінімді мен» Әсел

2-Жүргізуші Ұрпақтары Мұқағалиды ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.

1-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.









М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі-Мұхамедқали
“Ұ” дегеніміз- ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали
атамыз зор сеніммен аманат етті.
“Қ” дегеніміз-Қарасаз ,яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы , Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл.
“А” дегеніміз- “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр” кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев .
“Ғ” дегеніміз-Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”.Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып , жырларын мәңгілікке қалдырған.
“А” дегеніміз-Асқар Оразақын. Асқар-ақын , зерттеуші. Мұқағалидың бар шығармаларын зерттеп ,4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы.
“Л” дегеніміз-Лашын,Мұқағалидың өмірлік жары . Шын аты Ләсима Әзімжанова .
“И” дегеніміз-имандылық .Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды.

Хор: «Есіңе мені алғайсын»

Қорытынды

1-Жүргізуші :
Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз .

Общая информация

Номер материала: ДВ-483205

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного вуза»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.