Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Мен отбасыммен мақтанамын» кездесу кеші

«Мен отбасыммен мақтанамын» кездесу кеші

Скачать материал

hello_html_m4a65926.jpg






Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко қаласы

Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебі

Өткізген: МДТЖО: Ахметова Айнұр Өндірғалиқызы



«Мен отбасыммен мақтанамын»  

Үлгілі, өнегелі отбасылармен кездесу кеш. 


 Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Ата - ана мен баланың өзара қарам - қатынасы жақсы, бір - бірін түсіне алатын, үлгі бола алатын отбасы.

-         Құрметті қонақтар, ұстаздар ,ата- аналар, оқушылар,! Бүгін  «Мен отбасыммен  мақтанамын» атты  кездесу кеші. “Отбасы- адамзат бесігін  тербеткен ұя” болса  баланың  бас  ұстазы- ата- анасы. Бала-  әкеден ақыл, анадан- мейір  алды. Ата- анаға  баладан  жақын  ешкім  жоқ. Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін?  Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Обасы, жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?

- Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі, өнегелі

Сонымен, бүгінгі ата- аналар мен балалар бірлескен «Мен отбасыммен мақтанам ын » атты кездесу кешімізге  қош келдіңіздер.

 Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз.

Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын  ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.Ата- анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала- адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата- ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды.

І бөлім таныстыру (слайдтар көрсетіледі)

Ендеше бүгінгі кездесу кешімізге арнайы шақырылған отбасыларымызбен таныс болыңыздар.



1. Қартбаевтар отбасы.

Қартбаевтар отбасы Калиев Мұхтар, Уразбекова Эльмира

1995жылы 12 тамызда отау құрды. 2қыз 4 ұл тәрбиелеп отыр. Калиев Мұхтар Түпқараған су жүйесінде қарауыл, Уразбекова Эльмира Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінде мұрағатшы.

-Үлкен ұлы Қартбаев Ерлан 1996ж дүниеге келген, қазақша күрестен аудандық, облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегері. Қазіргі таңда 25 маусым 2015жылдан бері Отан алдындағы борышын өтеуде.

- Қартбаева Камшат 1998жылы дүниеге келген. 2014-2015 оқу жылында мектепті жақсы аяқтап ҰБТ 81 ұпай жинап Орал қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы университеттің грант иегері ,І курс студенті.

- Қартбаев Ернұр 2000 жылы дүниеге келген. Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы. Аудандық, облыстық "Жас жол инспекторлары" сайысының жеңімпазы.КТК ойындарының жеңімпазы.

-Қартбай Қошкелді 2003жылы дүниеге келген. Е.Өмірбаева атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы. Екпінді. Мектепішілік, аудандық шахмат ойындарының жеңімпазы.

- Қартбай Азамат 2005жылы дүниеге келген. А.М .Горький мектеп лицейінің 5 сынып оқушысы. Мектепішілік , аудандық математика пәнінен пәндік олимпиада жеңімпазы.

-Мұхтарқызы Ақниет 2009жылы дүниеге келген. Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебінің даярлық сыныбының тәрбиеленушісі


2. Табынбаевтар отбасы

Табынбаев Мұратбай ағамыз 6қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр.

Аліпбергенова Анаргүл  Бүгінде 8 баланың анасы.Алтын алқа иегері  Ол өзін ең бақытты анамын деп  санайды.  Өйткені Анаргүлдің басты байлығы-балалары.

1. Берікбай Мариям 1998ж дүнеге келген. Ақтөбе қаласындағы Байшов атындағы колледждің І кур студенті

2. Берікбай Мадина. 2002 жылы дүниеге келген. Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің 8-сыныптың екпінді оқушысы. Аудандық ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы.

3. Мұратбай Ұлдана 2004ж 5-сынып оқушысы

4. Мұратбай Жаңылсын 2007ж дүниеге келген. 3сынып оқушысы.

5. Берікбай Жансерік 2008ж 1-сынып

6. Мұратбай Нұрсауле 2010

7. Берікбай Нұрдәулет 2012ж

8. Мұратбайқызы Қарақат 2014ж



3. Жетжановтар отбасы.

Жетжанов Айболат 4 қыз,1 ұл

Аманғалиева Оразгүл

Мектебімздің атынан 2014жылы "Әке мен бала "слетіне қатысып ауданнан

2 орынға ие болды, 2014ж "Мерейлі отбасы " сайысына қатысып ,Ауданнан бас жүлде, облыстан 2-орын (350 000) , Аудан әкімінің, АІІБ "Үлгілі отбасы " Алғыс хаттарымен марапатталды.

1.Ерсайынов Мейрамбек 2004 ж, 6-сынып "Өнер " мектебінде жыр-терме уйірмесіне қатысады

2. Ерсайынова Мәнсия 2005ж 5-сынып "Өнер " мектебінде қобыз үйірмесіне қатысады

3. Ерсайынова Ақжүніс 2008ж 1-сынып оқушысы.

4.Айболатқызы Қарлығаш 2010 даярлық сыныбының тәрбиеленушісі

5.Айболатқызы Ақнұр 2012 "Балбөбек балабақшасының" тәрбиеленушісі.


МДТЖО: Есқуатова.А Баяндама


ІІ. Бөлім. «Адамның бақыты балада».

- Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық ,сіздер секілді отбасылармен таныстырайық деп отырмыз.Ендеше мен сіздерге алғашқы қояр сұрағым.

1. Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіз?

2.Отбасындағы ана рөлі қандай үлгі болу керек деп ойлайсыз?

3. Отбасындағы әке рөлі қандай болу керек деп ойлайсыз?

4. Қазіргі қоғамымызда жанұядағы негізгі тәрбие ананың қолында, әке көлеңкеде қалып жүр,неге деп ойлайсыздар?Қандайой атасыздар?

5. Біздің менталитетімізде бала ешқашан ата-анасына , үлкен адамдарға қарсы сөйлемейді, кейбір жанұяларда осындай жағдайлар кездеседі. Өз көзқарастарыңыз қандай? Ой айтсаңыз?

6. Бала тәрбиесіне  қатысты  қазаққа  тән  қандай  қасиеттерді  дұрыс  деп  санайсыз?

7. Бала үшін  ата-ананың  қайсысының  беделі  күшті  деп  ұғасыз?

8.Дені сау, тәрбиелі, өрелі  бала  өсіру  үшін  не  қажет  деп  білесіз?

9.Ата-ананың бала  алдындағы  міндеттері  қандай  деп  ойлайсыз?

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз жырлағандай ортаға 10сынып оқушысы Шахы Мөлдірді шақырамыз "Әкем, анам"


 

«Ана- сая  болар  бағың  болса,

Әке-асқар  тауың»  дейді  қазақта.

Бір  күн бар  жылатар  күн,  жұбатар  күн.

Бір  күн  бар  мұңайтар  күн,  қуантар  күн.

Мейлі  ол  шаңырақ  сәтті  болсын, сәтсіз  болсын,

«Әке»  деген  сезімді  ұмытар  кім?!

Ана- жарық  сыйлаған  жан  екенсің,

Ана- шуақ  шашатын  таң  екенсің,

Ана – өмір,  ана – бақыт,  ана-  жүрек

Деп  соққан  жүрегімнің  әні  екенсің, -деп ситуациялық сұрақтар


ІІІ. Бүгінгі кешімізге келіп отырған отбасыларымызға арналған ситуациялық сұрақтарымды берсем деймін:


 1. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын»,- деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?


2. «Ура, мама, мен «бес» алдым!» Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе?- деп, бірінші сыныптың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ жылдар өте береді, біз «Ура, мама, мен бүгін «бес» алдым!» деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз.Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімнің кеми беретіні неліктен деп ойлайсыз?


3. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы.
Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»- деді. Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?


4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?

 

Қипақтайды кит етсе анаң, әкең:     

Қайтсем ғана осыны адам етем? 

Басқалардың осындай балалары,   

Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?

Ойым емес, оллаһи, біздікінің       

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен...   

4-бөлім "Әке-ана -бала"

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.                                     

Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі,         

қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы,  өзгелермен қарым-қатынасы,өнерімен білімі-баланың көз алдындағы  үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.   Отбасының пейіл-береке, ынтымағы  үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады.


Ал қыз балаларға деген әкенің ролдерінің бірін тамашаласақ. Ортаға әкелерімізді шақырамыз. Сіздерге бір ситуациялық сұрақ қойып қарасам. Жолдастарыңыз үйде болмаған кезде қыздарыңызды сабаққа жіберуге тура келеді. Сол кездегі әрекетіңіз. Өздеріңіздің қыздарыңыздын шашын өріп сабаққа дайындап жіберсеңіз. Қыз баланың шашын өріп беру.



Анаңыздың жақсы көретін сүйікті тағамы, әні, жемісі

Әкеңіздің жақсы көретін тағамы, түсі,әншісі

Балаңыздың сынып жетекшісі, сүйп тыңдайтын әншісі, жан досы

 Туа сала тұлпардың жалын тартқан, 

Қырғиларға қызығып қарап өтем.   

Жарық сыйлап маңына, жылу сыйлап, 

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!   

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау,     

Болмаса да топ жарған дана бөтен, 

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,    

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?.. ...

Үміт пенен күдіктің ортасында,          

Ата-ананың жүрегі талады екен!

 

5. Қорытынды сөз Мектеп  директоры: Ибраева.Г.С


Отбасында қоғамымызға жарамды мығым тәрбие беру арқылы, мемлекетіміздің дамып-өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.Қалың жұрттың қаймағы бұзылмай, қазақ отбасының шаңырағы шайқалмай, алтын күн аспанында елдік туымыз мәңгі желбіреп, асыл мұраттарға жетелеген айбынды үніміз асқақтай берсін!

  Бүгінгі кездесу кешіне  келген үлгілі, өнегелі отбасыларымызға  рахмет айтамыз! Ой бөліскендеріңізге  рахмет !







 1. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын»,- деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?


2. «Ура, мама, мен «бес» алдым!» Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе?- деп, бірінші сыныптың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ жылдар өте береді, біз «Ура, мама, мен бүгін «бес» алдым!» деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз.Сыныптан сыныпқа көшкен сайын үлгерімнің кеми беретіні неліктен деп ойлайсыз?


3. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы.
Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»- деді. Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?


4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?






Құрметті  _______________ отбасы!



Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебінде 10.09.2015ж "Отбасы күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған «Мен отбасыммен мақтанамын»  атты кешімізге келіп, ой бөліскендеріңіз үшін рахмет айта отырып, ,отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, өсіп келе жатырған ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешіңіздер .



Мектеп әкімшілігі




























Құрметті  _______________ отбасы!



Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебінде 10.09.2015ж "Отбасы күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған «Мен отбасыммен мақтанамын»  атты кешімізге келіп, ой бөліскендеріңіз үшін рахмет айта отырып, ,отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, өсіп келе жатырған ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешіңіздер .



Мектеп әкімшілігі


























Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебі



















"ОТБАСЫ-БАҚЫТ МЕКЕНІ"атты мектепішілік семинарында өткізілген

"Мен отбасыммен мақтанамын"кездесу кеші









Өткізген: Ахметова.А.Ө

















2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мен отбасыммен мақтанамын» кездесу кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 741 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 4700
    • DOCX 253.7 кбайт
    • 48 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Айнур Ундиргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Айнур Ундиргалиевна
    Ахметова Айнур Ундиргалиевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26357
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой