Инфоурок Математика Другие методич. материалы"Мен саған сенемін" (6 сынып)

"Мен саған сенемін" (6 сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: Мен саған сенемін

Мақсаты:

         Білімділік: оқушыларды ауызша және тез есептеп ойлауға, математика пәніне ынтасын арттыру;

         Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ауызша есептеп, тез ойлау дағдыларын қалыптастыру;

         Тәрбиелік: тапқырлыққа, табандылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, сызбалар, жұлдызшалар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

 

Сайыс сабағына қатысушыларды, көрермендерді, сайыс тақырыбы және мақсатымен таныстыру

 

Жүргізуші:

         Математика барлық пәндер патшасы,

         Онсыз құрылмайды өлшеусіз картасы

         Нақты жауап, ой толғауын ашатын

         Жауаптарын дұрыс шешіп табатын

                   Ғылымдардың сыр сандығын жинақтап,

Дәлелдейді, шығарады саралап,

Керегіне жаратамыз біз оны

Онсыз пәннің келіспейді ажары.

 

Құрметті ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! 5 «Б»– сынып оқушыларымен өтетін «Мен саған сенемін» атты интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыскерлерімізбен таныстырып өтейін...  Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

І кезең. Қызықты математика

Шарты: Жұмбақта берілген геометриялық фигураларды кестеден дәл тауып, реттік номерін көрсет. Әр дұрыс жауап үшін бір жұлдызша беріледі.

ІІ кезең. Кім жылдам?

Шарты: жұмбақтың шешімін тауып, шешімінің реттік номерін көрсет. Осы сайыстан кейін жұлдызшаны аз жинаған екі оқушы ойыннан шығады.

ІІІ кезең. Тапқыр болсаң, тауып көр.

Шарты: Жұмбақтың шешімін тауып, реттік номерін көрсет. Осы сайыстан кейін жұлдызшаны аз жинаған екі оқушы тағы да ойыннан шығады.

ІҮ кезең. Арифметикалық кілемше.

Шарты: Бос торкөздерге арифметикалық амалдар қою арқылы нәтижеге қол жеткіз. Осы сайыстан кейін тапсырманы басқалардан кейін орындаған екі оқушы сайыстан шығады.

Ү кезең. Сөздер сыры.

Шарты: Бұл сайысқа тек екі оқушы қатыса алады. «АРИФМЕТИКА» сөзіндегі әріптерден ғана тұратын бірнеше сөйлем құра. Мысалы бір сөзде «А» әріпін екі рет қолдануға болады, «Ф» әріпін тек бір рет қолдануға болады.

Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау.

 

І кезең. Қызықты математика

Шарты: Жұмбақта берілген геометриялық фигураларды кестеден дәл тауып, реттік номерін көрсет. Әр дұрыс жауап үшін бір жұлдызша беріледі.

         Біліміңнің ұшқырлығын танып сен

Асып – тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.

 

1.     Қабағымды тік ұстап,

Төрт жағыма тең ұстар.

Қатаң заңды сақтаймын

Мен қисайып жатпаймын.      (шаршы  №5)

 

2.     Ортамызда анамыз

Қоршап оны аламыз

Қашықтықты тең сақтап

Дөңгелене қаламыз.                   (шеңбер  №4)

 

3.     Үш қабырға, үш төбе,

Бір фигура құрғаны

Қыздар киген сәукеле

Ұқсап оған тұрғаны.                  (үшбұрыш  №6)

 

4.     Жалғыз төбе басымда

Денем ұзын қабырға

Есімі боп адамның

Жарасамын қыздарға.               (сәуле  №2)

 

5.     Шексіз, шексіз алысқа

Кете берсем дұрыс па?

Бағындаймын ешкімге

Тоқтатуға тырыспа.                    (түзу  №1)

 

6.     Шектеп мені қос нүкте

Жібермейді алысқа.

Қай фигура алсаң да

Болып тұрам қабырға.                (кесінді  №3)

 

ІІ кезең. Кім жылдам?

Шарты: жұмбақтың шешімін тауып, шешімінің реттік номерін көрсет. Осы сайыстан кейін жұлдызшаны аз жинаған екі оқушы ойыннан шығады.

 

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,

Жалындаған жастармыз біз көктембіз

Мақсатымыз биіктерден көріну

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.

 

1.     Белгісіз санды әріппен белгілеген теңдік                   (теңдеу  №3)

2.     Қосудың нәтижесі                                                       (қосынды №2)

3.     Алымы бөлімінен кіші бөлшек                       (дұрыс бөлшек №5)

4.     Ортақ бөлгіші 1 – ге тең сан                             (өзара жай сан №1)

5.     Бөлгіштері екіден көп сан қалай аталады?          (құрама сан №6)

6.     Нәрселерді санағанда қолданылатын сан                (натурал №4)

 

ІІІ кезең. Тапқыр болсаң, тауып көр.

Шарты: Жұмбақтың шешімін тауып, реттік номерін көрсет. Осы сайыстан кейін жұлдызшаны аз жинаған екі оқушы тағы да ойыннан шығады.

 

Қиындықтан сірә біздер қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

 

1.     Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды

Шекер ұстап аузына

Ол қазыққа айналды.                       (циркуль  №2)

 

2.     Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар

Ақ – қарағып бөлмеде

Бірін – бірі қуғандар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысы.                    (шахмат   №1)

 

3.     Жүз өрт түйме,

Он бір ине.                                            (есепшот   №5)

 

4.     Бойы екі қарас.

Сыйып тұр жиырма бес арыс.          (сызғыш   №6)

 

 

5.     Білегіңнің күшімен

Басым болса білімің

Бұл найзаның ұшымен

Шешсің ой түйінін.                                (қалам  №3)

 

6.     Қобдиыңда қайырлы

Қазынаның бәрі бар

Тауыссаң көз майыңд

Қалағаның табылар.                             (кітап    №4)

 

ІҮ кезең. Арифметикалық кілемше.

Шарты: Бос торкөздерге арифметикалық амалдар қою арқылы нәтижеге қол жеткіз. Осы сайыстан кейін тапсырманы басқалардан кейін орындаған екі оқушы сайыстан шығады.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

Білмеймін дер қысылма,

Талабың болса бабында.

 

 

8

4

10

2

=

10

4

4

2

 

 

4

10

6

2

=

14

14

6

12

 

 

6

6

6

=

30

 

 

Ү кезең. Сөздер сыры.

Шарты: Бұл сайысқа тек екі оқушы қатыса алады. «АРИФМЕТИКА» сөзіндегі әріптерден ғана тұратын бірнеше сөйлем құра.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау – дей отырып ойынымыздың соңғы 5 – кезеңіне де келіп жеттік.

 

Қорытынды.

Жеңімпаздарды марапаттау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мен саған сенемін" (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2016 834
    • DOCX 48 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ботаева Акжунис Жусиповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ботаева Акжунис Жусиповна
    Ботаева Акжунис Жусиповна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4747
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 51 региона

Курс повышения квалификации

Развивающие математические задания для детей и взрослых

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 26 регионов

Курс повышения квалификации

Преподавание математики в школе в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 36 регионов

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе