Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Мен сенің өміріңнің жалғасымын" тәрбиелік іс-шара

"Мен сенің өміріңнің жалғасымын" тәрбиелік іс-шара

Скачать материал

Мен сенің өміріңнің жалғасымын

 

Музыка ойнап тұрады.

 

Жүргізуші: - Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.

 

-         Ендеше бүгінгі «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты кешімізге қош келдіңіздер!

-         Бүгінгі кешіміз басқа кештерге қарағанда өзгеше.Өйткені бүгінгі кешімізге әкелер қауымын шақырып отырмыз.Ендеше қонақтарымызды ортаға шақырайық.

(Әкелерді ортаға шақырамыз)

«Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. Қарап отырсақ әкенің түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады. Ендеше бүгінгі кешіміздің алғашқы кезеңі «Менің әкем» тақырыбында балалардың жазып келген эссесіне кезек береміз.

(балалары әкелеріне қарап әңгімесін оқиды).
Жүргізуші:

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
          Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
          Ал, әкелер, өздеріңе арналған
          Бүгінгі той, қуаныш пен мереке.

 

Ән: «Әке» Ермек

Жүргізуші:  Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Құрметті әкелер өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ.Олай болса бір сәт өткенге ой жіберіп көрейік.

Әкелерге:  Сіздің әкеңіз қандай еді? 

   (әкелер өз әкелері туралы әңгіме айтады.)

 

Жүргізуші:  Әке! Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке -әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек. Өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.
Олай болса, құрметті біздің әкелер балалардың дайындаған көрінісін бірге тамашалайық.

Көрініс: «Әкесі мен баласы»

 

Жүргізуші:

 

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
           Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
          Тойларыңыз құтты болсын, әкелер,
           Балаларың төге берсін мерейін- дей келе мектеп оқушыларынан дайындалған хорын қабыл алыңыздар.

Хор:

Жүргізуші:  «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей,өнеге алмас» -деген ұлы Қорқыт атаның нақыл сөзі бар. Ендеше, ата-ана, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып,біз болып, ой бөлісейік,сырласайық.

Жүргізуші:   мен оқушыларға мақалдар оқимын балалар мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Әке туралы мақалдар:

 

1. Әкесі құрдастың баласы құрдас. 
2. Әке тұрып бала сөйлесе — ер жеткені, 
    Шеше тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені.
3. Әке жүрегі таудан үлкен, 
   Ана жүрегі теңізден терең

4. Әкеден безген ұл болмас, 
              Анадан безген қыз болмас.
           5. Әкеден — ақыл, анадан — мейір. 
         6. Алты аға бірігіп әке болмас, 
            Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

 

Жүргізуші: Ойлайды әрқашан да бала қамын,

                   Көремін аялаған алақанын.

                   Әкемнен алған асыл қасиетті,

                   Елімнің керегіне жаратамын.

-         Құрметті әкелер сіздерге ситуациялық сұрақтар қоямын.

 

Ситуациялық сұрақтар

 

 

 

             1. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай:

              «сен        істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз.

                   Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылыма?

 

            2. Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде.

               Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол

              оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті

               сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады.

               Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

 

           3. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

 

             4. Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

 

5.     Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр.

     Балаңызға қандай кеңес

      айтасыз?

6.     Балаңыз мектепте балалармен шекісіп қалды.Үйге келген соң ,енді мектепке

        бармаймын – деп қиғылық салды. Сонда сіз балаңызға не істейсіз- ?

 

7. Балаңыз сізге келіп:- ертең ауданда әкелер сльеті болады екен. Соған сізге қатыссын деді- дейді. Сіздің тығыз шаруаңыз бар .Не істейсіз ?

 

          8 . Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап

            қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш

             қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде

               Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық

              таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

 

Жүргізуші:

         Асқар тауым аман жүр,аяулы әкем,

         Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.

         Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,

         Мен өзіңді,әкетай,бақытты етем!

 

Ән. «Әкешім» Алтынай

 

Жүргізуші:

         Көмегімен біздерді мәпелеген,

         Ардақты жан өмірде әке деген.

         Бақыттымын өмірде әкем барда,

         Сол бастаушым- биікке жетелеген.

 

Хор: «Әке туралы жыр» барлығы бірге айтады

                  

 

 

          

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мен сенің өміріңнің жалғасымын" тәрбиелік іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 388 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 3769
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калыбай Лайля Сакыбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калыбай Лайля Сакыбайкызы
    Калыбай Лайля Сакыбайкызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8328
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека