Инфоурок Другое Конспекты"Мен өсіп келемін!" Ашық тәрбие сағаты

"Мен өсіп келемін!" Ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: Мен  өсіп келемін.
Мақсаты: оқушылардың
өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту, өмірдің адам үшін маңыздылығын жан - жақты  ашу, өзін – өзітанып, өмірдің мәнін түсінуге, өмірге құштарлығын дамыту
Тәрбиелік
мәні: адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз – өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым – қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі
:  Шарлар, нақыл сөздер, С. Назарбаева туралы кітап бұрышы.

БАРЫСЫ
:
Жүргізуші
:

Құрметті: Ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі өткелі  отырған ашық тәрбие  сағатына  қош  келдіңіздер.
Өміріме өзімнің таңданамын.
Қалмаймын деп қатардан қамданамын
Бүгінімді өткізсем қиындықпен,
Ертеңіме жеңіспен аттанамын. Олай болса, кезекті әнге береміз..

Жүргізуші.
«Өзіңді – өзің тану – рухани өркендеудің түптамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деген Сара Алпысқызы – болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, ешкімге еліктемей өзіндік тұлғасын қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін ашатын, дарындылығын дамытатын, қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыратын «Өзін – өзі тану» білім жобасының авторы. Ол 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының, Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Жалпы адамзат өмірі - іс – әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі  көзқарастан тұрады.

Бекзат
Жаңа - жаңа мен ұғына бастадым.
Өмір  деген – қымбат екен достарым.
Өмір – менің жарқылдайтын аспаным.
Өмір – менің сарқылмайтын дастаным.
Мен – өмірді жас зерттеуші, жас ғалым.
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір – кітап түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім – әрбір бетін ашқаным.

Ақерке
Жағылдыма жүрегіме жаңашам.
Ойлау менен өтед ылғи оңашам.
Армандаймын ұлы еліме сүйікті.
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
Маржан іздеп терең теңіз түбінен
Күн батарда атар таңға үңілем.
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айналармын түбі мен.

Аян
Шешілмейтін жұмбағы сұрағы көп,
Бұл өмірге келген соң бір – ақ рет.
Қалу керек өмірдің бұлағы боп.
Қалу керек өмірдің шуағы боп.
Табиғатта сезімде, құлақ та бар.
Ренжітсең
күрсініп жылап та алар.
Аяласаң
жаныңа шуақ тамар.
Қажығанда
бойыңа қуат болар.

Данияр
Өмір деген, тұрады таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жан мен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге.
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген – көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір – бірімен жатқан тулап ар басып,
О, толқындар арпалысып, алға шық.

Дархан

Өмір
деген пәк жаралған махаббат.
Ғашықтықтан
жарқылдаған көздері,
Ұғынбайтын
өз ойынан өзгені,
Өз
жүрегін өртейтұғын өз демі.
Өмір
деген – мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың
толғағы мен көктемі.
Ешкім
оған қоя алмайды нүктені.
Өмір
деген сөйлем емес  өйткені.

Жүргізуші
:
«Әр
баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш - жігеріне, өзінің жазмышына сенуі өте маңызды» Сара Назарбаева айтқанындай.
Егер
өмірде өзіңе – өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең – кезең қиындықтар туындай береді, өзің мен өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл. Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік  әкеледі.

Нұрай
Өзіңе сен! Күшіңе сен бойдағы
ерен,
Сенім
деген киелі қойма дер ем.
Көл – көңілдің
жатпайды жайнап үсті.
Жеңілу де, жеңіс те бұл
өмірде.
Бәрідостым
өзіңе байланысты

Нұртілек
Өзіңе сен, өзіңнің
күшіңе сен.
Қос
қолыңмен істелген ісіңе сен,
Алысың да, сыйлайды
жақының да.
Өзіңді
өзің төменге түсірмесең.
Өз
қайығың бар болса, өз ескегің.
Өмірде мен сені
осал демес едім.
Қимылдай
бер тарта бер ескегіңді.
Шығады
алдан жап – жарық келешегің.

Бекзат
Жақсы
мінез, жылы сөз – жан дәруі,
Жігіттің
мұны керек аңғаруы.
Бейпіл
сөйлеп, тік мінез танытқанның.
Тіптен
оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы – жаман, әр
алуан,
Әдептілік
әділдіктен нәр алған.
Кең
болғанның, кем болғанын көрмедім.
Теңізге
ұқсап тасып жатқан шараңнан.

Жүргізуші
Жанбасаң
жарық бермейсің,
Жалынсыз
бекер терлейсің.
Жігерлі
жанға ергейсің.
Достарым, жердің
бетінде.
Жақсылық
сырын тергейсің.
Өмірге
екі келмейсің - демекші

Адамгершілік пен имандылық
жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрсенің барлығы жақсылық ұғымы арқылы жасалады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат – мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық адамның ізгілігін көрсетеді.

Көрініс: Балабақша  және  мектеп  өмрінен  қызықты  сәттер.


Данияр

Жақсы болу өзіңнен.
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің аяда.
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын
деп ойла,
Өзіңді
өзің қолыңа ал.
Өзіңсің – ақыл
айнасы,
Тиеді
саған мәні бар.
«Өзіңді
тану пайдасы»
Аян
Жақынды, досты
аяла,
Қанатың
сонда талмайды.
Барыңды
жұрттан аяма.
Жақсылық
жерде қалмайды.
Жайдары
жүзбен жарқыра.
Қатыгез
болсаң сол қайғы.
Қайырымды
 бол  халқыңа,
Жақсылық
жерде қалмайды.
Нұртілек
Жақсылыққа
жетем десең, қолыңда.
Бар жақсылық
жақсы адамның жолында.
Жаман
болып тумайды ешкім анадан.
Жаман
адам қайдан шыққан соңында?
Соны
ойла да өзіңе – өзің есеп бер.
Көктем - өмір, көкөрім
бәйшешектер.
Екі
жол бар жағаласып жататын,
Жақсылыққа
апаратын жетекке ер.

Акерке
Желдей
жүйткіп жылдармен.
Мен де өсіп
келемін.
Отанымды
сүйемін.
Қадірін
оның білемін.
Мектепке де барамын.
Білімнің
бойлап тереңін,
Үйренемін
ұғамын.
Өмірдің
жинап керегін.
Керек
болса керегім.
Қол
ұшымды беремін.
Адал
туған  Отанға.
Ұлы
  болсам деп едім.


Жүргізуші
:
Есте
сақтап халқының қасиетін,
Баласы
ол үлкенге бас иетін.
Паш
етеді ер жеткен соң бар әлемге.
Жаңарған
нағыз қазақ қасиетін - демекші, ортада «Угай - ай» халықәні. Орындайтындар: Акерке,Нұрай

Жүргізуші
:
Сара Алпысқызы Назарбаева:
“Мен бала жас
кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әркім  өзін ашып  көрсете  білуі тиіс” дейді.


Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңінен.
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі.
Өтеді әр адамның жүрегінен,
Орындап ата – баба  өсиетін.

Осымен  тәрбие  сағатымыз  аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мен өсіп келемін!" Ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2016 3708
    • DOCX 24.9 кбайт
    • 44 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтимова Лаззат Айдарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтимова Лаззат Айдарбаевна
    Айтимова Лаззат Айдарбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8930
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой