Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Мен табиғаттың бөлшегімін

Мен табиғаттың бөлшегімін



  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

5 орта мектеп

Тайынша қаласы

Мектепалды «А»

даярлық сыныбының

тәрбиешісі

Токубаева А.К.

Мен табиғаттың бөлшегімін

«Саулық қайда болса, сұлулық сонда.»

Мақал

Мақсаты: Табиғат пен денсаулықтың үйлесімділігін түсіндіру.

Міндеттері:

  • «Табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

  • Табиғатпен үндестікті сезінуқабілетін дамыту;

  • Салауатты өмір сүру салтын сақтауға тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері

-Балалар, барлығымыз Табиғат-анаға ризашылығымызды білдіріп, рақмет айтайық.-

  • Күн, сәуле шашып жарқырағаның үшін рақмет!

  • Жер,дем беріп, күш қосқаның үшін рақмет!

  • Аспан, таза ауа бергенің үшін рақмет!

  • Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!

(Балалар келген қонақтармен амандасады)

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз!

Тәрбиеші: Гүл жамылған қыратта

Көлге біткен қыраттай,

Мәуелі еткен бағымды

Сусындырған бұлақтай

Өсіп келе жатырмыз.

Әңгімелеу: Табиғаттың бөлшегі (Н.Ақышев)

Дәйек сөз:

«Саулық қайда болса, сұлулық сонда.»деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйек сөзі ретінде түсіндіремін.

Өзіммен-өзім

-Қане балалр, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағандарыңды басыңдар. Қандай рахат көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды. Енді осы елестеткен ойларыңмен бөлісейік.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәптермен жұмыс

Берілген жауаптары тыңдалады

Сергіту сәті:

Жаттығу – ойлану

(Айтылған ойға сәйкес балаларды ұйымшыл болуға дағдыландыру үшін ұйымдастырылған)

-Балалар,қазір жылдың қандай мелгілі?

-Қай мезгілде ағаштың жапырақтары жап-жасыл болып жайқалып тұрады?

-Жақсы.

Ендеше мына құмырадағы өздерің сияқты кішкентай ғана тал ағашын безендіруіміз қажет.Олай болса, менің қолымдағы жапырақтарды алып,өздеріңе ұнайтын түспен бояп, жүректеріңнен шыққан әсем сөздер,ақ тілектер арқылы талын әшекейлейміз.

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

-Адам табиғаттың бөлшегі

- Адам мен табиғат үндестікте өмір сүреді.


Ойын: «Табиғат байлығы»

Шарты: Жемістердің атауын дәм арқылы сезініп,олардың атын айтады.


Қорытындылау:

-Табиғаттың тазалығын сақтасақ, қорғасақ өз денсаулығымызды сақтағанымыз екенін білдік.Табиғатпен үндестікте өмір сүру керек екенін үйрендік

Жүректен жүрекке

Балалар өзіммен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.


Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.


Балалар келген қонақтарға ізет білдіріп, шығарып салады.

Қадірменді қонақтар

Келген үшін мың рақмет

Көріскенше аман бол!

Биік таудай шыңға жет!














hello_html_m111e408.pnghello_html_m111e408.pnghello_html_m111e408.png



hello_html_m111e408.png

hello_html_7283b9f7.pnghello_html_m111e408.pnghello_html_m111e408.pnghello_html_m111e408.png


Краткое описание документа:

Мақсаты: Табиғат пен денсаулықтың үйлесімділігін түсіндіру.

Міндеттері:

«Табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

Табиғатпен үндестікті сезінуқабілетін дамыту;

Салауатты өмір сүру салтын сақтауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

-Балалар, барлығымыз Табиғат-анаға ризашылығымызды білдіріп, рақмет айтайық.-

-Күн, сәуле шашып жарқырағаның үшін рақмет!

-Жер,дем беріп, күш қосқаның үшін рақмет!

-Аспан, таза ауа бергенің үшін рақмет!

-Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!

(Балалар келген қонақтармен амандасады)

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров972
Номер материала 280611
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Очень интересный материал

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх