КММ «Майемер орта мектебі»
Тренинг сабақ тақырыбы:
«Менің
таңдаған мамандығым»
8-10 сынып
Педагог- психолог Э.Садыкова
Тақырыбы: Менің
таңдаған мамандығым 8-10 сынып
Мақсаты:
оқушыларға
мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып,
өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру;
түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып,
өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
І.
Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар,
сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке
қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді,
іскер, өнерлі.
ІІ.
Негізгі бөлім
2. Тақырыпқа кіріспе.
Слайдпен
Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі, дыбыспен оқылады.
Әсемпаз болма
әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай
Құнанбаев)
Сұрақ-жауап.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?
2.
Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер? 2
минут
Жүргізуші
психолог: Әр
адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа
жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың
ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық
түрі бар екен.
Сонымен
«Ми шабуылы» - ой қозғауы бастайық: Жалпы сұрақ 3
минут
1.
Мамандық
дегеніміз не?
2.
Мамандықты
меңгеру үшін не қажет?
3.
Белгілі
бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.
Ауыл
экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп
ойлайсыңдар?
5.
Адам
өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
6.
Жақсы
маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
7.
Адам
өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
8.
Қай
уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
«Мамандық
қасиеттері» тренингі
Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі
бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының
бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса,
қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с.
Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б.
«Жасырылған
мамандықты тап!» тренингі
Нұсқауы. Тренингке
қатысушылар 4 - топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің
қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты
жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай
вербальды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі
қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы
керек.
“Мамандықтың
жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ
асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” -
деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.
Талдау:
Бүгінгі
мамандыққа арналған тренинг сабағымыздан не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай
қорытынды жасадыңыз, жақсы және кемшіліктері туралы ойландыратын жағдай болды
ма? Жалпы өз ойыңыз бен тілегінізді мына түрлі түсті қағазға жазып берсеңіз.
Қорытынды:
“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің
қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек
біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға рахмет!!!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.