Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / «Мен таңдаған жол Келешекке бастар жол»

«Мен таңдаған жол Келешекке бастар жол»

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

«Мен таңдаған жол Келешекке бастар жол»

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету

Қатысушылыр: 11 класс оқушылары, ата-аналары

Мерзімі:

Өткізетін жері :

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер

 

                                    Тренинг барысы

 

Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)

   Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана

   болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»

                               

                               Жоспар:

-          Есімдер аллитерациясы

-          Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер

-          Ең-ең... (ойын)

-          «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру

-          Мамандықты тап (ойын)

-          Мейірімділік алаңы (жаттығу)

-          Бос микрофон

 

 

2 «Есімдер аллитерациясы» ата-ана баласының, бала ата-анасының есімін және де бір

   жағымды қасиетін айтып шығады

 



3 «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»

-          Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған    

      байлаеысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.

-          Қалаған мамндықтың мазмұнына көңіл аудару.

-          Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

-          Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің  таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

-          Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ.Лқуды тәмамдап, жұмас істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

-          Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

-          Заманның ағымына қарай кейьір мамандықтар тез еакеріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.

-          Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.

(Оқушылар мен ата-аналар арасында ережелер туралыпікір алмасу жүргізіледі)

 

4  «Ең-ең...» (ойын)

    Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа      

   парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :

-          ең жасыл мамандықтар

-          ең ақшалы мамандықтар

-          ең таза мамандықтар

-          ең көңілді мамандықтар

-          ең тәтті мамандықтар

     2-3 минуттың ішінде топтың ішінде  ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек  

     және де топтың мүшесі  тізімдерімен таныстырып шығады.

 

5  «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы

    Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы  интерактивті  

    тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігн және кәсіби қызығушылығын 

    анықтыу. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім

    екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем

    образдар, адамның өзі.)

 

6  «Мамандықты тап» (ойын)

    Тренингке қатысушыларға  карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар

    сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандыра мамандықты табу

    керек.

    Хирург

    Фабрика басшысы

    Хатшы

    Кітапханашы

    Банк қызметкері

    Сатушы

    Мұғалім

    Бухгалтер

    Слесарь

    Сварщик

 

7  «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)

    Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл

    шөптер таратылады. Гүлдер – оқушыларға, жасыл шөптер – ата-аналарға, күннің

    шауқтары -  ұстездерға арналған кәсіби бағлар таңдауда ұсыныстар жазылады және

    де  ақ ватманға мейірімділік алаңы сызылған болатын осы алаңға ұсынытар жабыстырылады.

 

 

8  «Бос микрофон» (рефлексия)

    Еркін түрінде қатысушылар  психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір

    бөліседі.













МЕН МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕМІН

Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест,  дидактикалық ойындар, тренингтер.

Сабақ барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

 

Слайд 1

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен  ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

 

Слайд 2,3

Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға  интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)

—          Бұл кім?

—          Мұғалім

—          Кітапханашы

—          Наубайшы

—          Заңгерлер

—          Шекарашылавр

—          Футболшылар

—          Әртістер

—          Суретшілер

—          Күзетшілер

—          Құрылысшылар , т.б.

—          Сіздер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?

—          Мамандық

—          Дұрыс айтасыңдар. Олай болса  ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен мамандық әлеміндемін» Тақтаға назар аударайық.

ІІ. Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп интер белсенді тақтада жауабын көрсетеді: 

 

 «Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

      Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

    Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.

Слайд 6

«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының   қыр- сырын айту керек. 

     І- топ: «А», ІІ- топ: «К», ІІІ- топ: «Ж»

Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.

Слайд 7

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ: слайд-6

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

n  Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

n  Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.

n  Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Слайд 8

Мына мамандықтардың қайсысы

1)қазіргі уақытта жоқ, жойылған

2) ХХ ғасырда пайда болды

3) соңғы 10 жылдықта пайда болды

 

Суретші,  ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.

Слайд 9

«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа  алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен  шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп,  әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы  жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.

Жауап.

Егер алақан  сызығыңызда  бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.

 

2О нүктесі  мен сұқ саусақ  нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы  әскери қабілетіңіз мол.

 

 3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы,  саясаткер болуға бейімсіз.

 

4.  Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер  болуға қабілеттісіз.

 

.Шынашақ  сызығы үлкенірек  болса,  сіз-дәрігерлік, шипагерлікке  бейімсіз.

Слайд 10

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  • Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

  • Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

  • Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

  • Ақша болса, мамандық қажет емес

  • Мамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

  • Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды

  • Мамандық таңдау – күн көріс қамы

Слайд 11

3. «Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен
Слайд 12

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Слайд: 20

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады

 

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

 

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

 

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Әр топ өз жауап нұсқаларын береді.

Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.

Сұрақтар:

  1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

  2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

  3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

  4. Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

  5. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?

  6. Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.

  7. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

  8. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

  9. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?

  10. Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?

  11. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

  12. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

 

Тренинг “Сиқырлы қарындаш”:  Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.

Талдау:      Осы күннен не алдыңыз?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Ж. Аймауытов айтқандай

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

егеменді еліміздің ертеңі — маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!







Мамандық таңдау мал таңдау емес!

Мамандық таңдау мал таңдау емес!

   Мақаланың атын айқайлатып қоюын қойдым да, неден бастарымды білмей дал болдым. Қазір мектеп ұясынан енді ғана ұшқан түлектердің ҰБТ сынағын тәмамдап, болашақ оқу ордасын, болашақ кәсібін, яғни мамандығын қызу таңдау үстінде екені баршамызға мәлім. Өзіңіз байқағаныңыздай, қозғап отырған тақырып мамандық таңдау жайында болмақ.

   Бұл тұрғыда «Түсіне қарама, ісіне қара»,-дейді М.Қашқари. Ия, расында да, жұмыстың тоқтағаны, өзіңнің тоқтағаның. Ол сенің-компасың. Ал, бұл жауапкершілігі мол, ауыртпашылығы зор жолда бағдар тауып, еккен жемісіңнің қызығын көру үшін жақсы маман иесі болу керек. Мамандық таңдай отырып, тек жұмыс орныңды емес, өзіңнің қоғамдағы орныңды таңдайтыныңды ұмытпағайсың.

   Жалпы, «мамандық » сөзі  латын тілінен алынып, «жұрт алдында сөйлеу», «үндеу» деген ұғымдарды білдіреді екен. Өміріңдегі ең маңызды шешімдердің бірін мамандық таңдағанда қабылдайсың  десек артық айтқандық болмас. Қазақта мынандай керемет аталы сөз бар: бірінші мамандық, екінші жар таңдауда қателессең, қалған ғұмырың қателікпен өтеді. Сондықтан да мамандық таңдағанға бей-жай қарауға болмайды. Өйткені өз ісіңнің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған қасиет. Ол үшін әуелі таңдаған мамандығыңа деген махаббат қажет. Махаббат-адам рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезім. Бір сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы тиіс. Сонда ғана бар ынта-жігеріңізбен жұмысыңызға құлшына кірісіп, өз ісіңіздің үздігі атанасыз. Осы іңкәр сезімді кеудеден оятқан жағдайда ғана қоғамға пайдаңыз тиеді. Адам өзіне «Осы мамандық маған сай келеді ме?», «Отанымның өрге жүзуіне қандай да бір ықпалы тиеді ме?» деген сыңайлы сұрақтарды қоюы керек. Қазіргінің жастары сұрақты қоймақ түгіл, кім боларын білмейді. Жоғары оқуы орындарын бітіргендердің басым бөлігі экономист, заңгер, дипломат мамандықтарын құрайды. Олардың пайымдауынша, сол кәсіп иелерінің болашағы зор. Теріске шығаруға болмайды, бұл мамандықтардың басқаларға қарағанда табысы да, мүмкіндіктеріде көптеу шығар. Дегенмен, бұл, меніңше бұрыс ұғым. Нақ осы мамандықтар бойынша жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Жұмыс сайрап тұр деп кім айтты? Осының салдарынан талай жастарымыз дипломадарын құшақтап, базарда, құрылыста жұмыс жасап жатқандары жасырын емес. Өзі қаламайтын мамандықтың иесі болып жүргендері қаншама? Ертеңгі кұні солардың кейпіне енбеу үшін жеті рет өлшеп, бір рет кес, бір сәт жүрекке үңіліп, жаның қалаған мамандықты таңдай біл, дегім келеді.

  Бір ғана мысал келтірейін, осы жылғы түлектер қатарынан «мұғалім», «құрылысшы», «аграном» сынды қарапайым мамандықты таңдаған адамды кездестірмедім.  Барлығы қолдарын аспанға созады, соңында қу тізелерін құшақтап қалмаса болғаны. Мансап, билік деп ашкөзденіп, адамгершіліктен аттап кетпелік. «Ең дұрыс мамандық-адам боп қалу» деген.

   Толыққанды білімді маман бүгінгі Қазақстанға ауадай қажет. Алла тағала тәй-тәй басқан «Мен болашақ маманмын» дегендерге, ең алдымен, тәрбие, сана, білім берсін, деп тілейік.





























Керек кәсіп бәрі де... (қазақша ашық сабақ) Қазақша Құттықтау - Тілектер жинағы, Мақал - Мәтелдер жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Фильм Қазақша, Ашық сабақтар жинағы, Қазақша Анекдоттар жинағы, Қазақша Клип, Шығармалар жинағы, Қазақша Рефераттар жинағы, Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Өлеңдер жинағы

Тақырыбы: “Керек кәсіп бәрі де...»/9-сынып/

Мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Міндеті: Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу. 

Жоспар: 
I. Ұйымдастыру: 
1) Шоуға қатынасатын қонақтар мен оқушылардың дайындығын бақылау қадағалау. 
2) Тәр/сағ. тақырыбын, мақсаты мен жүрісін таныстыру.

II. Негізгі бөлім: 
1) Кештің құрметті қонақтары, мамандар мен кәсіпкерлері
Кітапханашы;
Кәсіпкер - тігінші;
Машинист;
Өрт сөндіруші;
Кәсіптік лицейдің мұғалімімен пікірлесу. Мамандармен пікірлесу.
2) «Өнерлі қонақтар»

III. Қорытынды.
Би «Көңіл ашар», Орындайтындар: Асылбек, Мөлдір, Сүндет, Айдана. 
1-жүргізуші: Ыбырай Сахиев 
2-жүргізуші: Асылан Мәтенов

1-ж.: Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар! 
2-ж. Қош келдіңіздер, бүгінгі кештің сыйлы қонақтары!

1-ж. «ХАБАР» телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасының желісімен 9 в сыныбында өткелі отырған «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-ж. Ең алдымен бүгінгі шоудың жүргізушілерімен таныс болыңыздар! Мектебіміздегі дене тәрбиепәнінің мұғалімі, 9 сынып жетекшісі Сахиев Ыбырай Базарбайұлына қошемет көрсетейік!

1-ж. Білімді, парасатты, мектеп мақтанышы болып жүрген Мәтенов Асылан Мерекешұлына да үлкен қошемет!
2-ж. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

1-ж. Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Зал ішінде ең мықты мамандар, шебер кәсіпкерлер қонаққа келіп отыр. Оларда өз мамандықтары жайлы сөз алады.
2-ж. Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық. 

Әсем: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата-анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата-анам бұл талабымды құптайды.Ж.Айдана: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқып үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіндей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін.

А. Айдана: Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр-сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник-программист мамандығын қалаймын.

1-ж. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.
2-ж. Барлық кәсіптің де оңайы жоқ дейсіз ғой?

1-ж. Асыланның бұл сұрағына жауап іздеп көрелік. Ендеше бейне экранға назар аударыңыздар. Кешіміздің алғашқы қонағы:
Алтын Жұмаш Төлеуқызы Кітапханашы Өмірдегі ұстанымы:
«Адам ынтамен жұмыс істейтін болса, онда жұмысы анағұрлым жеңіл және нәтижелі болады».

2-ж.Алтын апайды қошеметпен сахна төріне шақырамыз !
(Алтын апай өз пікірін айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап береді)
Жадыра: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер!
«Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық аброй кеткізер» - деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген ауылымыздың кәсіпкерлері мен маман иелерінің еңбектері өте зор! 
Сағыз селолық округ әкім аппаратынан алынған деректер бойынша, ауылымызда 20 кәсіп орьшдар мен 137 тіркелген жеке кәсіпкерлер бар екен. 9 в сыныбында мамандыққа бағдарлау бағытында ұйымдастырылып отырған «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағатына бейне материалды дайындаған болатынмын. Себебі менің болашақта таңдап отырған мамандығым журналист мамандығы. Сол мамандыққа өзімді бейімдеу мақсатында жұмыстар жүргізіп келемін. Бейне экранға назар аударайық.

(Слайд дәріхана) (Дәріханадағы сұхбат)
1-ж. Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.
2-ж. Бүгінгі тақырыптың мағынасын ашу үшін келесі қонағымызды шақырамыз. Бейне экранға назар аударайық.

Макулова Шолпан Қуанышқалиқызы Кәсіпкер, тігінші Өмірдегі ұстанымы: 
« Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек... Алдау қоспай адал еңбегін сатқан колөнерлі қазақтың төресі сол!»
(Кәсіпкер Шолпан апай өз пікірін білдіреді)

1-ж. Келесі қонағымыз мектебіміздің үздік ата-аналарының бірі:
Саркулов Бейнеш «Еңбегің қатты болса, тапқаның тәтті болады!»

1-ж. Бейнеш ағаны қошеметпен ортаға шақырамыз! Ал аға, мына оқушыларға өзіңіздің жасап жатқан жұмысыңыз туралы айта отырып, қасыңыздағы қонақтардың айтқан сөздеріне қосатын пікіріңізді білдірсеңіз.
(Бейнеш ағаның оқушыларға берген жауаптары мен пікірі тыңдалады)
2-ж. Әсел сен осы темір жол саласындағы мамандықты таңдар ма едің? Әсел: Жоқ, менің таңдаған мамандығым бишілік өнері. Соңғы жылдары мектебіміздің ұл-қыздары би өнеріне мән беріп, қызығушылықтары арта түсті. Бірақ көпшілігінің ойлайтыны би өнері тек мектеп сахнасында,тәрбиелік шараларда билеп, кейіннен пайдаңа жарамай қалып қоятын іс деп ойлайды. Өзім «Айданай» би үйірмесінің бишісімін. Болашақта би маманы болу үшін қандай кеңестер бересіздер?
2-ж. Жадыраның дайындаған сұхбатын тыңдау үшін бейне экранға назар аударайық.


1-ж. Бұл кездесуге құқық қызметкерлері де дәрігер мен бірнеше кәсіпкерлер де шақырылған болатын. Жұмыстары болып, бүгінгі кешке қатынаса алмай жатыр.
4-ші қонағымызбен таныс болайық:
Сағыз жеке өрт сөндіру бекетінің бастығы, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Талғат Көптілеу Сәбитұлы 
Өмірдегі ұстанымы: « Енбек етпесең, елге өкпелеме, егін екпесең, жерге өкпелеме »
(Талғат мырзаның пікірлері тыңдалады.)
Жадыра:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін. Тағы бір дайындаған бейне монтажға назар аударыңыздар.
(Кәсіптік лицейде түсірілген бейне монтаж)

2-ж. Бұл бейне монтаждан №11 кәсіптік лицейді көріп отырмыз, бұдан әрі қарай толығырақ ақпарат алу үшін сахна төріне соңғы қонағымызды шақырамын. Таныс болыңыздар!
Мусина Роза Нұғманқызы Мұғалім Өмірдегі ұстанымы: "Іздену,ізденіп жүру"

1-ж. Бүгінгі кездесудегі әңгімемізді қорытындылай келгенде, қандай мамандық болмасын, оның қыр-сырын жетік меңгеру қажет. Қазіргі кезде мамандықтың түрі өте көп. Тек жақсы маман иесі болу үшін мектептен жақсы білім, сапалы тәрбие алуы қажет.
2-ж. Сонымен қатар жастайынан әркімнің өзінің көкейінде жүрген арманы болады. Соған жетуге талаптанып, еңбек етуіміз керек екен. Ал Ыбырай ағай сіздің арманыңыз қандай еді?

1-ж. Адамның арманы шексіз ғой, оқушыларыма әрқашан сәттілік тілеймін. Әрбірі өмірден өз орнын тапса, мен үшін одан артық бақыт жоқ.
2-ж, Ағай, сіздің сеніміңізді ақтаймыз деп сыныптастар атынан айта аламын.

1-ж. Бүгінгі шоудың бірінші бөлімін қорытындылай келе, оқушылар нені білді? Нені үйренді? соған назар аударайық.
Нені білдік? Тәжиева Жадыра
Нені үйрендік? Балықбаев Асылбек

1-ж. «Керек кәсіп бәрі де...» атты сән әлемін тамашалаңыздар!
Полиция - Самат
Дәрігер - Әсем
Өрт сөндіруші - Демежан
Мұғалім - Айдана
Теміржолшы - Сүндет
Шаштараз - Әсел
Аспазшы - Айбек
Даяршы - Мөлдір
Теміржол кезекшісі-Айдана

Шоудың ІІ -ші бөлімінде қонақтарымыздың өнерін тамашалаймыз.
Алтын Жұмаш - көркем сөз оқиды
Мусина Роза - оқушысы өнерін көрсетеді
Көптілеу Талғат - мақалдар айтады
Шолпан Макулова — қолөнер дайындайды
Сарқұлов Бейнеш - ән айтады

1-ж. Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар. Алтын уақыттарыңызды бөліп, тәрбие сағатымызда қолдау көрсеткен қонақтарға 9 в сынып ұжымының дайындаған сый-сыяпатын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

2-ж. Сыйлықтарыңыз құтты болсын, бүгінгі кештен естелік ретінде қабыл алыңыздар! 
Жастықта әр тараптың басын шалсаң, 
Қармақты тәуекел деп суға салсаң. 
Еңбегің еңбектенген кетпес зая, 
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.

1-ж. Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған өнер емес, 
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. Осымен « Керек кәсіп бәрі де...» атты ұйымдастырылған шоу аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

















Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров191
Номер материала ДВ-486528
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх