Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Мен тандайтын мамандык" Акыпбекулы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Мен тандайтын мамандык" Акыпбекулы

библиотека
материалов

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы : Мен таңдайтын мамандық Ө.Ақыпбекұлы

Сабақтың мақсаты: Ө.Ақыпбекұлы шығармасын таныстыру.

Білімділігі : Мамандық түрлері мен иелері,жұмыс ерекшеліктері туралы

мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Оқушыларға өз таңдауындағы мамандық жөнінде түсінік

қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Елге қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс,ой бөлісу,венн диаграммасы,талдау

Көрнекілігі:

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

  1. топ – Толқын

  2. топ - Каспий

  3. топ- Шағала

Сабақтың ерекшелігімен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Т.Айбергеновтың «Өсіп келе жатырмын» өлеңін жатқа айту.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  • Балалар, мен сендерге сөзжұмбақ жасырғым келіп тұр, тақтаға назар аударайық (тақтаға сөзжұмбақ ілінеді).

1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Мұғалім)

2.Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол. (Аспазшы)

3.Түнде де күндіз де тілдесем жұлдызбен,

Күндіз де тексеріп күнделік жүргізем. (Астроном)

4.Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенін,

Жылытқан кім өз елін? ( Шахтёр)

5.Өрнектеп , сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігеді? (тігінші )

6.Іш ауырса, тіс ауырса,

Маған дәрі береді.

Барлық бала, барлық ана,

Оны жақсы көреді. дәрігер

7.Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.( Шаштараз)

8.Күміс қанат, сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?( Ұшқыш)

-Балалар бұл жауап иелерін бір сөзбен қалай атаймыз ? Мамандық!

ІV. Қызығушылығын ояту. «Мамандықтар теңізіне» саяхат

  • Саяхатымызды бастайық.

  1. « Мамандық деген не?» аялдамасы

А.Мұғалім мамандық туралы қысқаша мағлұмат береді.

Ә.Оқушылар мамандық туралы білетіндерін әңгімелейді.

-біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;

-адамның болашаққа апаратын жолы;

-адамның алдағы уақытқа қойған мақсаттының бірі;

-мамандық бойынша адам жұмыс істейді;

-оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;

-ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату,таңдау,арманыңды іске асыру;

- мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;

-келешекке қойған жоспары,мамандығын ойдағыдай бітірсе,игерсе ол адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

V.Оқулықпен жұмыс. Ой қозғау

- Теңіздің үстінде екі шағала ұшып келеді екен. Ауыздарында тістеген бір нәрсесі бар екен. Мынау хат қой. Сол хатты ашып оқиық. Мына хатта Өтепбергенов Ақылбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» өлеңі беріліпті. Кәне, өлеңді оқып шығайық. Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, оқушыларға сұрақтар беріледі.

а. Әнші немен айналысады?

ә. Күләш Бәйсейтова деген кім?

б.Әміре Қашаубаев кім ?

1.Оқушылар әншілердің өмірбаяндары туралы қысқаша мәлімет береді.

2.Өлеңде тағы кімдер туралы айтылған?

Мен таңдайтын мамандық

Кәсіпкер вело-спортшы геолог ғарышкер .

3.Оқушылар осы мамандықтар туралы бар білгендерін айтып шығады.

-Қандай ауыл кәсіпкерлерін білесіңдер?

-Вело-спортшы Қазақстандық олимпиада чемпионы кім?

-Қазақстандағы алғаш геолог-ғылым?

-Тұңғыш ғарышкер?

-Өлеңде өз таңдаған мамандығын бар ма?

4.Сөздікпен жұмыс

Ғұмыр- өмір

Жалгер-жалданып жұмыс істейтіндер

Ғанибет – игілікті іс

5.Сатылай кешенді талдау





  1. « Ойлан, тап» аялдамасы

  • Бұл аялдамада біз «Мамандықтарды тап» ойынын ойнаймыз. Мен айналысатын кәсібін айтамын, ал сіздер қай мамандық екенін екенін айтасыздар.

  • Неше түрлі дәмді тағамдар пісіреді;

  • Жеке кәсіппен айналысады;

  • Ұлттық және өзге ұлт билерін билейді;

  • Адамдарды бейнелейді;

  • Суға кеткен адамдарға көмектеседі;

  • Неше түрлі көкөністер егеді;

  • Әртүрлі спорт түрімен айналысады;

  • Киімдер , тағамдар сатады;

  • Түрлі көлік түрін жүргізеді.

  1. «Әріпті мамандық» аялдамасы Топпен жұмыс

Әр топқа әріптер беріледі. Сол әріптен басталатын мамандықтарды жазады.

«Толқын» тобына «А» әрпі

«Каспий» тобына «К» әрпі

«Шағала» тобына «М» әрпі

Үш топтан бір – бірден оқушы шығып сөздерді сөз құрамына талдайды.

4. «Сурет галлериясы» аялдамасы

Бұл аялдамада оқушылар өздерінің болашақтағы мамандықтарын қағаз бетіне түсіреді. Сурет бойынша әр оқушы салған суреттері туралы әңгімелеп береді.

У. Қорытындылау.

- Балалар, бүгін біз мамандықтар туралы көп әңгіме айттық. Ж.Аймауытов атамыз айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Кез келген адам белгілі бір мамандық иесі бола алады. Бірақ, адамдардың түрлері көп.Кейбір адамдар еңбекқор болады, ал кейбіреуі еріншек жалқау болады. Енді сабағымызды қорытындылау үшін Венн диаграммасымен жұмыс жасайық. Еңбекқор адам мен еріншік адамның айырмашылықтары мен ұйқастықтарына сипаттама бере отырып, диаграмманы толтырасыздар.


Еңбекқор Еріншек







VІ.Бағалау.

VП.Үйге тапсырма. « Менің арманым» тақырыбына шағын әңгіме жазу.








Автор
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров555
Номер материала ДБ-013794
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх