Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / Мен жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін.

Мен жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Мен ғажайыппын»

Мақсаты: Педагогтардың эмоционалды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Қатысушылар: мұғалімдер

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. Бүгінгі сабағымызда мен сіздері демалдырып, бір сәт өзіміздің жан дүниелерімізге үңіліп, «ғажайып» сөзін педагогикалық тұрғыда талдап көрсек деген оймен жинап отырмын.

Ең алдымен  қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын! Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Шаңырақ құру

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық

Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар – бұл «барлық жақсы қасиеттерді қамтыған, ең жоғарғы қасиет». Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік, ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық қасиет бар болуы мүмкін.

Сабағымызды бастамас бұрын, танысып алайық. Әр қатысушы өз атына өзінің жақсы мінезін айта кетсін. Мұғалімдер өз атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу – Айсұлумын, мінезім – ашық, Ақжарқынмын.

Әр адамның мінезі жан дүниесінің айнасы,

Ал әркім өз мінезінің қожасы.

Ендеше сіз өз мінезіңіз жайында білгіңіз келе ме?

Мінезіңіз бір қырын былайда байқауға болады екеуін ғана таңдайсыз

  1. Банан 10.Алма

  2. Алмұрт 11.Жүзім

  3. Малина 12.Ананас

  4. Гранат 13.Помидор

  5. Кулбника 14.Апельсин

  6. Киви 15.Шие

  7. Қауын 16.Мандарин

  8. Персик 17.Абрикос

  9. Қарақат 18.Қарбыз


Енді мұқият қандай мінезде екеніңізді қараңыз:

1.Банан - ауыр мінезді 10.Алма – ашық мінезді

2.Алмұрт – қатты адам 11.Жүзім – аңқау

3.Малина - сабырлы 12.Ананас - күшті

4.Гранат - төзімді 13.Помидор - ұялшақ

5.Кулбника - қыдырымпаз 14.Апельсин - шатақ

6.Киви - жүргіз 15.Шие - қайратты

7.Қауын - ақымақ 16.Мандарин - сабырсыз

8.Персик – көп сөйлейтін 17.Абрикос - мисыз

9.Қарақат - өкпешіл 18.Қарбыз – долы


«Адамның өзі туралы анықтама» 4 – этаптан тұрады.

  1. Ұнаған ыдыстың суретін салады. Ыдыс – көпшіл адам, вазы- жұртқа керекпін деген мағына білдіреді.

  2. Қару жарақ суретін салу .Мысалы: қылыш – ашық сайысқан шығатын адам, мылтық – жайлап жүретін адам, жарылғыш зат – қауіпты

  3. Әшекей – моншақ – махаббаты жоғары, нәзік мойншақ – махаббаты адал емес,

  4. Өсімдік түрі – ағаш, гүл, терек жапырақ болуы мүмкін.

Ағаш- адамның тектілігі, гүл – әсемдік өз уақытында пайдалану.


Мимикалық ситуация

Қатысушылар 3 топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда “Махаббат”, “Бұзықтық”, “Қызығушылық” тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, пантомимикалық ситуация құрайды. Қалған 2 команда олардың басты тақырыбын табады.


Қорытынды.

Асыл жандар ұстаздар

Шын шеберлер өнерпаздар

Әр шәкірттің жүрегінде

Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар.



Қатысқандарыңызға рақмет!











«Үстірт орта мектебі» ММ












hello_html_45df39dc.gif


/бастауыш бірлестігі мұғалімдерімен өткізілген тренинг/




Мектеп психологы: Лепесова.Ақмарал

















2015-2016 оқу жылы

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Краткое описание документа:

Мен жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін.

Тақырыбы: Мен – жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін.

Мақсаты: «Мен» бейнесін айқындау. Оқушы бойындағы жағымды қасиеттерді ашып, жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау. Оқушыларды түрлі зерттеу жасау арқылы сапалы шешім қабылдай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: психодиагностикалық тренинг сабақ

Жұмыс түрі: Топпен жұмыс

Көрнекі құралдар: «Мен - жан-жақты және қайталанбайтын бейнемін» сөзі, гүлдер алаңының суреті, гүлдер, көбелектер, карточка, қобдиша, айна.

Техникалық құралдар: Ноутбук, проектор, жылжымалы тақта.

Сабақтың жүрісі:

  • «Көңіл-күй суреті» тренингі
  • Адамның қарым қатынасы оның көңіл-күйінен білінеді; көңіл күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл күйімізді біліп алайық: Бәріміз ыңғайлы отырамыз, көзімізді жұмамыз. Гүл бағына саяхатқа барамыз. Гүлдерге қарап күн күлімдейді, гүлдер күлтелерін ашып, күнге күлімдейді. Әсем, әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр! Сендер де әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлсіңдер. Қолымызды алға созамыз, сонда қолдарыңа әдемі көбелектер қонады. Көбелекке өз көңіл күйімізді жазып, өзімізге ұнаған гүлдерге қондырамыз.

Мұғалім: Гүлдің бетіндегі көңіл-күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлылықты, жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын. Көңілді адамдардың бет-әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі. Көңіл – күй адамға қанат бітіреді. Көбелекті бейнелеген себебіміз семинарға келген қонақ апайларға өз бойларыңыздағы көңіл – күйді сыйлағандықтарыңыз қонақтардың жүзінде күннің шуағы төгіліп тұрғандай бөлмемізге жарық беріп, жүрегімізді жылытқандай. Осы керемет көңіл – күймен ары қарай сабағымызды жалғастырамыз.

2. «Сиқырлы қобдиша» тренингі.

(Тапсырманы орындау үшін қобдиша керек. Оның ішінде домалақ айна болады. Балалар дөңгеленіп тұрады).

Мұғалім: Балалар, қазір сендер мына қобдишаны бір-біріңе бересіңдер. Қобдишаны алған адам, оны ашып, ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай сиқырлы өзеннен сендер

жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек. Барлық оқушы қобдишаға қарап болған соң, мұғалім сұрақтар қояды.

Мұғалім: 1. Сендер жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. Жан-жақты қайталанбайтын бейне кім болып шықты?

3. Сендер ол бейнеге күліп қарағанда ол сендерге қалай қарады?

4. Біз жан-жақты және қайталанбайтын бейнеге қандай көзқараспен қараймыз?

Мұғалім: Қорытынды ой-түйін: Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне екеніне көз жеткіздік. Сондықтан біз дұрыс көзқараспен, сыйластықпен қарым-қатынас жасауымыз керек. Өзінің және басқалардың өмірін жоғары тұтып, өзін және басқаларды қабылдай білу, бір-бірімізге шыдамдылықпен, төзімділікпен қарау керек.

3.«Өзін-өзі бағалау (психодиагностика) Мен қандаймын?

Мұғалім: Балалар, психология өзін тануға, бағалауға, өзге адамдармен тіл табысып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда көп білу, өзіңді жақсы жақсы сезініп жүруің үшін өзіңді тыңдап үйренуің керек. Өзіңді біл, өзіңді дамыт дей отырып «Мен қандаймын?» деген 10 сұраққа жауап береміз. Слайд №1

Мен қандаймын

иә

жоқ

кейде

білмеймін

1

Мен жақсымын

2

Мен қайырымдымын

3

Мен ақылдымын

4

Мен тиянақты, ұқыптымын

5

Мен тілалғышпын

6

Мен ықыласты, зейіндімін

7

Мен сыпайымын

8

Мен ақылдымын, қабілеттімін

9

Мен еңбекқормын

10

Мен шыншылмын

Слайд №2 Нәтижесін бағалау:

«Иә»-1 ұпай

«Жоқ»-0 ұпай

«Білмеймін, кейде»-0,5 ұпай

Слайд №3 Қорытынды «Өзін-өзі бағалау»

10 ұпай – өте жоғары

8 – 9 ұпай – жоғары

4 – 7 ұпай – орташа

2 – 3 ұпай – төмен

0 – 1 ұпай – өте төмен

(Әр баланың өзіне есептетіп, өзін қаншалықты бағалайтынын айту).

  • Ойын « Жаман – жақсы »
  • Өміршеңдік ережесі

Слайд №4 1. Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.

Слайд №5 2. Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.

Слайд №6 3. Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.

Слайд №7 4. Бүгінгі сабақ ұнаса, аяқты еденге соғайық.

Слайд №8 5 . «Мен әдемімін» дегендер бір-біріне күліп қарасын.

Слайд №9 (Балалар дөңгеленіп тұрады)

  • Жігер деген – Мен 7. Жастық шақ деген – Мен
  • Күш деген – Мен 8. Денсаулық деген – Мен
  • Махаббат деген – Мен 9. Адалдық деген – Мен
  • Кешірім деген – Мен 10.Жарқындылық деген – Мен
  • Құдірет деген – Мен 11.Бар ғажайып деген – Мен
  • Жасөспірімдік деген – Мен 12.Бәрі маған байланысты

Бәрі менің қолымда.

Хормен: Бәрі маған байланған

Бәрі менің қолымда.

Релаксация: Мен бақытты боламын.

Мұғалім: Балалар, естисіңдерме?

Бақтағы сайраған құстың дауысы.

Көзімізді жұмайық, бізді тағы да гүл бағы саяхатқа шақырып тұр. Бетімізге самал жел еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі келеді.

Қараңдаршы гүл бағында гүлдер қандай көп. Өзімізге ұнаған бір гүлді теріп алып, бүгінгі тренингте өзіңе ұнаған адамға сыйла.

Қызыл гүл - өмірге құштарлықтың, сары гүл – көңілді көңіл – күйдің,

ақ гүл – пәктіктің, көк гүл – нәзіктіктің белгісі.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Қорытынды.

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров210
Номер материала ДВ-342075
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх