Инфоурок Всеобщая история Презентации"Мен және мамандықтар әлемі" 9 сынып

"Мен және мамандықтар әлемі" 9 сынып

Скачать материал
Скачать материал ""Мен және мамандықтар әлемі" 9 сынып"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • «Мен және мамандықтар әлемі»

    1 слайд

    «Мен және мамандықтар әлемі»

  • «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді...

    2 слайд

    «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»
    К. Д. Ушинский

    Мақсаты: - «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
    Міндеттері: - мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
    - Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
    - Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.

  • Мамандық «профессия» сөзі латын тілінен profiteer – «өз ісін хабарлау» - деге...

    3 слайд

    Мамандық «профессия» сөзі латын тілінен profiteer – «өз ісін хабарлау» - дегенді білдіреді. Сондай-ақ мамандық –бұл білім, ептілік, жеке бас қасиеттері; өз еңбегіне сыйақы ала отырып, аталмыш жұмыспен табысты айналысу үшін соның барлығы қажет.

    Күн сайын миллиондаған адамдар жұмысқа асығып бара жатады.
    Олар немен айналысады?
    Өз жұмысын жақсы көреді ме?
    Жұмыс түрін қалайша таңдады екен,өздерінің кәсіби жолын қайталар ма еді немесе басқа іспен шұғылданар ма еді?
    Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік шешімдердің біріне жатады.

  • Қатысушыларға сұрақ:1. Мамандықты таңдап қойғандарыңыз, қолдарыңызды көтеріңі...

    4 слайд

    Қатысушыларға сұрақ:
    1. Мамандықты таңдап қойғандарыңыз, қолдарыңызды көтеріңіздер? 2. Әлі анықтай алмағандарыңыз, көтеріңіздер? 3. Бұл сұрақ әзірше қызықтырмайтындар ше?

  • Бүгінгі күні еңбек жәрмеңкесінде үлкен сұранысқа ие мамандықтар: референт –ха...

    5 слайд

    Бүгінгі күні еңбек жәрмеңкесінде үлкен сұранысқа ие мамандықтар:
    референт –хатшы;
    бағдарламашы ;
    сатылым бойынша менеджер;
    басшының көмекшісі;
    жүйелік әкімші, бас есепші;
    ақпараттық технологиялар бойынша мамандар.

  • Соңғы уақытта Қазақстанда да жаңа мамандықтар пайда болды. Олардың кейбіреуі...

    6 слайд

    Соңғы уақытта Қазақстанда да жаңа мамандықтар пайда болды. Олардың кейбіреуі жайлы қысқаша айтамыз:

    Web- бағдарламашы, Web-дизаинер -интернет ғаламдық торабы үшін сайттар жасау бойынша маман.
    Аудитор –бұл компаниялардың қаржылық қызметтерін тексеретін, оның табыстылығы мен тиімділігін бағалайтын маман.
    Бренд-менеджер- өнім образын-брендты ойлап табатын және осы образды көпшілікке ұсынып, сатылуын жолға қоятын маман.
    Логистик-ағымдарды реттеуші маман: қоймалық,көліктік ,өндірісті. Көліктік логистик - компанияның жүктерін тасымалдау схемасын ойластырады, қоймалық логистик- өнімдері сақтауды ұйымдастырумен айналысады.
    Маркетолог – латынша «нарықты білетін адам» сатып алушылардың қажеттіліктерін, олардың талғамы мен қалауларын білу үшін нарықты зерделеуші маман.
    Мерчендайзер-бұл фирмасының тауары ірі дүкендерде қалайша ұсынылғандығын қадағалайтын адам. Ол дүкендерді аралап , тауарды,орналастыру, витриналарды көркемдеу бойынша кеңестер береді.

  • 1 тапсырма:                        «Сөйлемді аяқтау» 1. Адамдар ... үшін жұм...

    7 слайд

    1 тапсырма: «Сөйлемді аяқтау»

    1. Адамдар ... үшін жұмыс істейді.
    2. Нағыз еңбек-бұл.........
    3. Мамандықты таңдаған кезде адамдар ......жиі ескермейді.
    4. Кез келген кәсіби еңбекте ең маңыздысы.....


  • 2 тапсырма:                     «Мамандықты ата » А)Мүлдем немесе жоғалуға ж...

    8 слайд

    2 тапсырма: «Мамандықты ата »

    А)Мүлдем немесе жоғалуға жақын
    Б)Тек ХХ –ғасырда пайда болған.
    В) болашақта пайда болатын мамандықтарды атауларыңыз керек.
    (ойынға қатысушылар кеңесіп ,мамандық түрлерін атайды )

  • Анықтама үшін А) Өткенге кеткен мамандықтар: шабарман, шырақшы , жүн түтуші...

    9 слайд

    Анықтама үшін

    А) Өткенге кеткен мамандықтар: шабарман, шырақшы , жүн түтуші , көпес, почмейстер, пеш құбырларын тазартушы.
    Б) ХХ- ғасырда пайда болған: бағдарламашы ,ЭВМ операторы , менеджер ,референт-хатшы, сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктардың операторы,кең ауқымдыға тракторшы-машинист,ұшқыш,краншы ,ғарышкер эмбриолог, электромонтер ж/е т.с.с
    В) Болашақта пайда болатыны: теңіз тереңдігін, ғарышты игерумен байланысты мамандықтар, робототехниканың, компьтерлендірумен, химиялық және ядролық өнеркәсіпті, экономиканы, телевидениені, бейнетехниканы, экологияны, криминалистиканы, гендік инженерияны дамытумен байланысты мамандықтар және т.с.с

  • Көйлектің дүниеге келуі Мақтаны өсіру үшін жақсы жер,ауасы ыстық болатын өлк...

    10 слайд

    Көйлектің дүниеге келуі
    Мақтаны өсіру үшін жақсы жер,ауасы ыстық болатын өлке қажет, яғни егістік қажет.
    1. Егістік
    2. Тұқымды(шит) себу
    3. Түптеу,суару
    4. Піскенде жинау
    5. Тұқымнан айырып,таза мақта алу.
    6. Фабрикаға әкелу.
    7. Жіп иіру.
    8. Мата тоқу.
    9. Бояу,әрлеу.
    10. Тігін цехы.
    11. Көйлек.
    Міне,осындай еңбектердің арқасында көйлек тігіледі.

  • Топпен жұмыс                      «Форманың түймесі» Көптеген мамандықтағы а...

    11 слайд

    Топпен жұмыс «Форманың түймесі»

    Көптеген мамандықтағы адамдар формалық киім киеді. Ал формалық киімде әрдайым форма түймелері болады. Бұл түймелердің әдеттегілерден айырмашылығы бар, оларда қандай да бір сурет болады: теңізшілерде-зәкір, ұшқыштарда –ұшақ қанаттары, десантарда парашют.
    Бір қаланың билік өкілдері қала шаруашылығының кейбір сирек мамандықтарының өкілдерінің формалық киімге киіндіру туралы шешім қабылдады деп елестетіп көріңіздер. Жаңа әдемі киімді олар үшін тігіп те қойған, ал форма түймелерін әзірше дайындамаған.
    Осы түймелердің эскиздерінің суретін салып көріңіздер. Ал олар төмендегі мамандықтарға арналады:
    • Жүк көлігінің жүргізушілері;
    • Балконмен лоджияны көгалдандырушылар;
    • Қала базарындағы ет өнімдерінің дегустаторлары;
    • Ветеринарлық жедел жәрдем санитарлары;
    • Канализациялық жүйелерді қарап шығушылар. (жұмыс жасауға 5 мин уақыт беріледі).

  • «Мамандықтар туралы сұрақтар» Блиц - турнир 1. Ғимараттарды әрлеу бойынша м...

    12 слайд

    «Мамандықтар туралы сұрақтар»
    Блиц - турнир

    1. Ғимараттарды әрлеу бойынша маман ( маляр – сырлаушы)
    2. Металдан бұйым жасау бойынша маман ( токарь)
    3. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша маман ( педагог)
    4. Механикалық құрал – жабдықты жинау мен жөндеу бойынша маман ( слесарь)
    5. Металдарды қысыммен өңдеу бойынша маман ( чеканщик)
    6. Радиоаппаратураны жөндеу мен қызмет көрсету бойынша маман ( радио – шебер)
    7. Металды қолмен соғу бойынша шебер ( ұста)
    8. Жоғары техникалық білімі бар маман ( инженер)
    9. Матаға сурет салатын маман ( раклист)
    10. Ауыл шаруашылық дақылдарын егу бойынша маман ( агроном)

  • Титестер немен айналысады деп ойлайсыңдар? Титестер – шай дегустаторы. Дәмі,...

    13 слайд

    Титестер немен айналысады деп ойлайсыңдар?

    Титестер – шай дегустаторы. Дәмі, иісі, түрі бойынша бұл маман шай сұрпын, өсірілген орнын, жинау маусымын, сақталу мен қайта өңдеу тәсілін анықтай алады. Титестер ерекше дарынға, айрықша сезімтал иіс сезуге ие.Ал титестерлер көп нәрседен бас тартуға тиісті: қуырылғаннан, ысталғаннан бас тартқаны,, иіс суларды пайдаланбағаны жөн. Титестерлер тымау тигеннен қатты қорқады. Ірі компаниялар өз титестерлерінің мұрындарын миллион долларға сақтандырады, себебі осы мұрындардан құны миллион тұратын, шайлардың ірі партияларының тағдыры тәуелді. Ал сіз бен біздің ішетін шайымыз – аралас шай. Онда 18 сұрыпқа дейін болуы мүмкін. Титестерлер дәмін жақсартып, негізгі хош иісін беретін қоспаны таңдап алады.

  • Тағы бір сирек кездесетін мамандық – постижерБұл париктерді, мұрттарды, сақал...

    14 слайд

    Тағы бір сирек кездесетін мамандық – постижер
    Бұл париктерді, мұрттарды, сақалдар мен бакенбардтарды дайындау бойынша маман. Бұл мамандық шығармашылықпен тығыз байланысты – театрда постижер жай ғана парик жасамайды, ол бір тұлға бейнесін шығарады. Театрда постижерлар сонымен бірге кейіпкерлердің сыртқы келбетін жасайтын суретшілер де, гримерлар ( әрлеуші) да болып жұмыс істейді. Осы мамандық үшін төзімділік пен отырып жұмыс істеу керек, өйткені арнайы ілмекпен негізгі шаш түптеріне шаш түптерін іліктіріп отыруға тура келеді. Постижер мамандығы сирек болып келеді, бірақ жарнама мен шоу – бизнестің дамуына орай қажеттілігі күннен күнге артып келеді.

  • Жарнамалық роликтерді жасаушылар ең қат мамандық – бұл арнайы эффект жасаушы...

    15 слайд

    Жарнамалық роликтерді жасаушылар ең қат мамандық – бұл арнайы эффект жасаушы шеберлер
    Бұл шеберлер нағыз өнімді алмастыратын әсерлерді ( эффектілерді) ойлап табады. Мысалы: Газдалған сусындар, йогурттар, шоколад, ауа көпіршіктері бар мөлдір сыра – сіздердің жарнамадан көретіндеріңіздің барлығы – бұл нағыз өнімдер емес, бензин, немесе май, немесе басқа сұйықтық шығады. Экранда тұшпара қайнап жатқан суға әдемі болып түсуі үшін, олар пластикалық, ал су – суық болуы керек. Қайнау қөрінісін екі құрылғы жасайды: аквриумда пайдаланылатынға ұқсас келетін компрессор және судың қайнап тұру әсерін беретін арнайы шағын матор. Содан соң барлық көрініс суреті компьютерде түзетіледі.Осындай әсерлер ( эффектор) өте қымбат тұрады және де мамандар да тиісінше ақы алады.

  • Біз бүгін біраз мамандықтар жайында мағлұмат алдық деп ойлаймын. Мамандықты...

    16 слайд


    Біз бүгін біраз мамандықтар жайында мағлұмат алдық деп ойлаймын. Мамандықты таңдау – бұл әр адамның өміріндегі өте маңызды оқиға. Бірақ қандай мамандықты таңдап алсаңдар да, әрдайым мектепте алған білімдерің өмірлік жарайды. Сондықтан осы кезден бастап – ақ қызығушылықтарыңды анықтап алыңдар көп оқыңдар, тәжірбие жинақтап, білімдеріңді толықтырыңдар. Ол үшін өздеріңді түрлі сала аясында сынап көріңдер.
    Бір данышпан былай деген екен: «Қателеспес үшін тәжірбие керек. Тәжірбиеге ие болу үшін, қателесу керек»

    Барлықтарыңызға рахмет!!! Сау болыңыздар!

  • 17 слайд

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 271 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2016 1986
    • PPTX 5.6 мбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тұрабай Құралай Жарқынбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тұрабай Құралай Жарқынбекқызы
    Тұрабай Құралай Жарқынбекқызы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47302
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 769 человек

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 202 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек