Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Мен және менің құқығым" 3 сынып

"Мен және менің құқығым" 3 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Сабақтың тақырыбы: Мен және менің құқығым.
Мақсаты: білІмдІлІк – оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру.
дамытушылық - оқушылардың ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту.
тәрбиелік - оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекілігі: слайдтар,плакат,стикерлер,«Сөздер банкісі».
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Құқық деген:
Ұстам,
Құрмет,
Ырыс бұл.
Қоғамдық күш, жанға қуат
Тыныс бұл.
Ынтымақ пен бірліктің де кепілі,
Құқық сыйлап дұрыс жүріп,дұрыс тұр.
II.Кіріспе
- Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек.
- Біз бүгінгі сабағымызда құқығымыз, яғни баланың сендердің құқықтарың мен мІндеттерің туралы айтатын боламыз. Бүгінгі класс сағатымыздың тақырыбы: «Мен және менің құқығым».
- Балалар, бала деген кім?
- Оқушы, шәкірт, мен, т.б.
- 18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады.Бұл туралы бала құқығы туралы Конвенциясының бірінші бабында айтылған.
Бала құқығы туралы мына заңдарда кеңінен айтылады: «Бала құқығы туралы конвенция», «ҚР конституциясы», «Азаматтық кодекс», «Неке және отбасы туралы заң», «Бала құқығы туралы декларация»
Бала құқығы туралы конвенциясында:
• қоғам балаларға қатысты түрдқамтамасыз етуі тиіс негізгі қағидаларда қарастырылған
• бала мүддесін барынша жақсы қамтамасыз ету
• кемсітпеу
• өмір сүру, есею, ер жету құқығы
• бала көзқарастарына құрметпен қарау
• баланы қорғау, оның қоғам өміріне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету.
- Балалар, сіздерге үйден ізденіп келуге тапсырма бердім. «Менің неге құқығым бар?», деп ойлайсыңдар.
Ойларыңды стикерге жазып түсіріңдер.
Менің құқығым
- Әрбір адам өзінің құқықтарын білу үшін заң тұрғысынан сауаттылыққа үйренуіміз керек.
Слайдпен құқықтарды көрсету.
- Енді - балалар, сахналық көріністі тамашалап жіберейік.
Автор: оқу жылының 1-ші күні 2-ші класс оқушылары өздеріне бөліген класс бөлмесіне кіріп, 1-ші класта отырған орындарына жайғасқан болатын.Бір уақытта ойына не түскені белгісіз Нұртілеу орнынан атып тұрып, артта отырған Аңсардың орнына таласты.
Нұртілеу: Аңсар, сен бұл партадан тұр, бұл жерге мен отырамын.
Аңсар: Неге?
Нұртілеу: Сол, тұр дедім ғой, тұрсаңшы.
Аңсар: Жоқ тұрмаймын, бұл партаға мен бірінші отырдым.
Нұртілеу: Отырсаң қайтемін, сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл партаға?!
Аңсар: Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің орным, саған бермеймін.
Автор: Партаға таласқан Нұртілеу айғай салды.
Нұртілеу: Тұр дедім ғой, бұл партаға менің құқығым бар.
Аңсар: Менің де құқығым бар, саған ғана беріліп қойды дейсің бе?
Автор: Партаға таласқан Нұртілеу мен Аңсар төбелесе кетеді. Класс оқушылары аң-таң. 
Төбелесті тоқтату үшін класс белсендісі Жанерке араласты.
Жанерке: Аңсар, Нұртілеу, төбелесті доғарыңдар, қазір класс жетекшіміз келгеннен кейін екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.
Автор: Осы мезетте класс бөлмесіне класс жетекші келеді.
Мұғалім: Бұл не шу?
Жанерке: Апай, Нұртілеу мен Аңсар соңғы партаға таласып, «Менің құқығым бар отыруға» деп дауласып жатыр, қойыңдар десек те қоймайды.
Мұғалім: Нұртілеу, Аңсар сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап, бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсіну қажет.Әрине сендердің әрқайсың оқуға,білім алуға,ойнауға, демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.
Автор: Класс жетекшіміз дауды шешіп, Нұртілеу мен Аңсарға бірінші қатардағы мұғалім үстеліне жақын бір партадан орын иеленуді ұсынды, ал таласқан орын бос қалды.
Осы көрністен кейін балалардың пікірін тыңдау.
Мысалы: 
1- оқушы: Бізге орнымызды класс жетекшіміз әлі бекітіп үлгермеген еді.Сондықтан олар өз құқықтарын дәлелдей алмады. 
2-оқушы: Нұртілеу Аңсардың партасына таласып өктемдік көрсетті.Ол жай ғана сыпайы түрде орнын отыруға сұраса, Аңсар да берер еді.
3-оқушы: Бұл жерде Нұртілеудің Аңсарға өктемдік көрсетуге құқығы жоқ.
Слайдтан көрсету.
Сіздің құқықтарыңызды кімдер шектей алады?
.Сенің ар-ұятың.
.Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережеелері.
Заңдар.
-Сонымен қатар, балалар, әрбір адамның міндеттері де болады.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
1-оқушы: Өз ойымды айтуға, қалаған тілімде жазуға, сөйлеуге,оқуға құқығым бар.
2-оқушы:Мен өз туып өскен жерімде тұруға,оны қорғауға, тұратын мекенімді таңдауға құқығым бар.
3-оқушы:Мен өзіме рұқсат етілген істердің бәрін орындауға құқылы мын және өзіме тиесілі заттарды иемденуге құқығым бар.
4-оқушы:Тек жақсы істерді істеуге құқылымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.
Балалардың пікірін қорытындылап, слайдпен көрсету.
Мен міндеттімін:
білІм алуға.
тәртіп сақтауға.
үлкендерді сыйлауға.
Мұғалім оқушыларға мектеп ережесі, қоғамдық көлікте, емханада, қоғамдық көпшілік жерлерде. Кітапханадағы және тағы басқа ережелерді айтып өтуі.
-Балалар, мысалы біз көп баратын жеріміз- кітапхана. КІтапханаға байланысты біздің құқығымыз сен міндеттеріміз қандай деп ойлайсыңдар? Соны ашып алайық.
1.Кітапхананың оқу залында әрі-бері жүріп жүрсің, өйткені сен еркіндік кұқығым бар деп есептейсің.
Жауабы:Еркін тұрып жүру құқығымыз бар, кітапханадағы тәртіпті бұзбау міндетіміз де бар. Құқық кітапхана ережесімен шектелген.
2.Оқырман залында досыңмен әңгімелесіп отырсың, өйткені сен өз бостандығыңа құқығым бар деп есептейсің.Құқығым бар ма, әлде жоқ па?
Жауабы:Сенің сөз бостандығыңа құқығың бар.Бірақ кітапхана қызметкерлерін сыйлау, оқырмандарға кедергің келтірмеу міндетін ұмытпауымыз керек.
3.Кітапханада ұялы телефон арқылы музыка тыңдап отырдың, өйткені мәдениет жетістіктерін пайдалану құқықтары бар деп есептейсің. 
Слайдтан көрсету.
Балалар манадан бері біраз мәлімет алдық. Мынадай ойын ұсынғым келіп тұр «Сөздер банкісі»
«Менің құқыығым бар деп ойлайтын сөйлемдерді қалдырып, артығын алып тастау керек.
Қорытынды: Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттік, теңдік,ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережеелері екенін естен шығармауымыз керек. .

Қорытынды: Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттік, теңдік,ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережеелері екенін естен шығармауымыз керек. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мен және менің құқығым" 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2016 1870
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Яхияева Зина Упамбаева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Яхияева Зина Упамбаева
    Яхияева Зина Упамбаева
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6208
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе