Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Мен және менің мамандығым (эссе)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Мен және менің мамандығым (эссе)

библиотека
материалов

Алматы облысы, Ақсу ауданы

«Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектетепке

дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәнінің

мұғалімі

Мұсағалиева Күлпан Жұмаханқызы

Мен және менің мамандығым.

(эссе)

Қандай рахат шын бақытын тапса адам – демекші, менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Мұғалім болу- менің кішкентай кезімдегі арманым еді.. Ол кезде мұғалімнің өзі бір қол жетпес арман сияқты еді ғой, Осы арманым мені жетелеп 1983 ж Алматы қаласындағы Шет тілдер педагогикалық институтына оқуға түстім. 1988 жылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш«Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.

Ұстаздық еңбек еткен жылдарымда мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырыстым. Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу менің міндетім болды.

Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет ғана алға озып шыққан. Мектеп- үйрететін орта,оның жүрегі, мұғалім, ұстаз мектепте басты тұлға болып қала береді, себебі өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ешбір керемет заманауи технология мұғалімді алмастыра алмайды. Менің мұғалім ретінде міндетім – жеке тұлғаны қалыптастыруға ат салысу, қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын табуға көмектесу, бағыт - бағдар беру. Осы қиын да қызық мамандық мені ешқашан жалықтырған жоқ, қайта өмірге деген құлшынысымды арттырып , болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсету мақсатымда жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс — тәсілдерді іздеуге итермеледі. Елбасы Н.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер, бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын- біздің қабілетті де білімді шәкірттеріміз.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту - заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үдерісінде мұғалім басты рөл атқарса,қазір оқушының іс -әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер баршылық. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жиі қолданылып отырған жаңа әдіс - тәсілдердің бірі оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және ақпараттық - коммуникативтік технологияларға бағытталған әдіс -тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде оқушыларға ағылшын тілі пәнінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады,сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, оқулықпен жұмыс істеуге, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады.

Мен бойымдағы жастық жігерімді, күш - қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда үлесімді қосқаныма өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы жақсы қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы.Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз.Өйткені, өмірдің заңы – даму, алға ілгерлеу,озу. Өзімнің жолымды қуып ұстаз болған шәкіртерім менің еңбегімнің жемісі.

Ұстаздық еткен 27 жыл ішінде мен өз іс - тәжірибемді түйіндей келе төмендегідей ой қорыттым. Егеменді еліміздің ертеңі жастарға жүйелі білім, тәлімді - тәрбие беруде халық педагогикасының мән - маңызы күн өткен сайын артып келеді. Кәсіптік білімі мен біліктілігі сүйіспеншілік сезім, ұйымдастырушылық қабілет, заманға сай жаңашылдық қасиеттермен баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім - тәрбие өнегесінің бастаушысы,соның жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке жеткізуші басты тұлға ретінде ғана ұстаздық бақытқа жетеді.

Ендеше Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, мектептің жүрегі болуымыз керек, ақауы жоқ, таза қанды , адал жанды, тоқырап, тоқтап қалауды білмейтін, өмір-бойы балалармен бірге соға беретін жүрек керек мектепке. Мектептің жүрегі бола білу – өмірден өз орын табу деген сөз. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен өзімнің жүрек қалауымен таңдаған мамандығымды мақтан тұтамын.








Общая информация

Номер материала: ДВ-291263

Похожие материалы