Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / "Мен және менің мамандығым" эссе

"Мен және менің мамандығым" эссе

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мен және менің мамандығым

Адам баласы болашақ мамандығын мың ойланып, толғанып таңдап жатса, кейбірі кездейсоқ келіп жатады. Мектеп қабырғасында жүріп ақ халатты абзал жан болуды армандаушы едім. Анам әрқашанда өзі жетпеген шыңға менің жетуімді тілеп отыратын. Ата-анамның үмітін арқалап, дәрігер боламын деп келген арманыма жете алмай мұғалімдік жолды таңдадым. «Әлемдегі кереметтің барлығы-ұстазда» дейді ғой қазақ халқы. «Ұстаз» дейтін үлкен өмірге аяқ басқаныма еш өкінбеймін. Тәрбиелі, инабатты, бізге, кейінгі ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайтын ұл-қыздарымызды тәрбиелегенге не жетсін, шіркін! Ұстаздықтың «Өзін-өзі тану» дейтін бір бағытында жүзіп келемін. Б.Фонтанель «Әлемдегі ең қажетті білім – Өзін-өзі тану» демекші адам баласына рухани тәрбие беретін, адам бойындағы жақсы қасиеттерін дамытатын ең қажетті білім Өзін-өзі тану деп білемін. Кейінгі өсіп келе жатқан ұрпақты мейірімділікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа сияқты тек жақсы қасиеттерге тәрбиелесе, бұл әлем мейірімділікке толы болар еді. Тіпті, қатігездіктің иісі де сезілмес еді. Қазіргі кезде қоғамымызда қазақ қыздарының жаңа туған шақалақ сәбилерін тастап кетіп жатқан немесе жастардың жаман әдетке салынып кетуі көптеп кездесіп жатады. Осындай әр түрлі қатыгездіктің алдын алуда «Өзін-өзі тану» пәні өте қажет деп ойлаймын. Өзін-өзі танымаған адам өзгелерді де танымайды. Ең алдымен өзінің бойындағы қасиетін жетілдіріп, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттерді бойына сіңіре білген адам өзгелерді де сыйлайды. Еңбек өтіліміме екі жыл болса да оқушыларыма жамандық пен жақсылықты ажырата білуіне, жақсыны бойына сіңіріп, жаманнан аулақ болуға, отбасы құндылығы, ата ананы құрметтеуге, үлкенге ізет білдіріп, кішіге қамқор болуға, әрқашан көмек көрсетуге, Отанын, елін, жерін сүюге үйретуден еш жалыққан емеспін. Әрбір оқушыға рухани тәрбие беріп, жақсылықты бойына сіңіре білсем, бұл - мен үшін үлкен қуаныш!

«Білмеймін Хауа ме еді, Ева ма еді,

Әйтеуір қазір қыздардың бәрі әдемі.

Десек те, Аыропаның қызыл сары қыздарынан

Қазағымның қара торы қызы әдемі.

Орыс қызының бетіндегі секпілінен,

Қазақ қыздың бетіндегі меңі әдемі.

Жер жүзінің қыздарын қатар қойсақ,

Біздің елдің қыздары ең әдемі, - демекші, қазақ қызына тән инабаттылық, нәзіктік сияқты қасиеттерін бойынан жоғалтпай, елін, жерін қорғайтын ер азаматты тәрбиелесек бұл біздің үлкен жетістігіміз болмақ. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру идеясының авторы, мейірімді ана, қамқоршы жан Сара Алпысқызына айтар алғысымыз зор! Осындай оқушыларға рухани тәрбие беретін, адамгершілік құндылықтарды бойына дарытатын «Өзін-өзі тану» пәнінің өмір жасы ұзақ болсын!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров113
Номер материала ДВ-479678
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх