"Мен және менің отбасым" тақырыбындағы отбасылық сайыс

Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ
1768045
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Мен және менің отбасым" тақырыбындағы отбасылық сайыс

"Мен және менің отбасым" тақырыбындағы отбасылық сайыс

библиотека
материалов



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ



«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі





БАЯНДАМА



Тақырыбы:«Мен және менің отбасым»



Бастауыш сынып мұғалімі: Анар Макулова









Ақбастау ауылы



ТҮЙІНДЕМЕ



  1. Аты – жөні: Анар Макулова



  1. Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі



  1. Жетекшілік ететін сыныбы: 2-Ә сынып



  1. Білімі: Жоғары



  1. Жалпы еңбек өтілі: 24



  1. Педагогикалық өтілі:21 жыл



  1. Ұсынылды: Бастауыш сынып секциясын



  1. Санаты:12



.

Кіріспе

Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махаббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және экономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатыны мәлім, осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұра бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің туына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Бүгінгі тәрбие сағаты негізгі міндеттерінің өзі «Ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде.



Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.

Менің бұл тәрбие сағатымдағы мақсатым— отбасы тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралы баяндай отырып, отбасында қолданылып жүрген салт-дәстүрлер мен ырымдарды, ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады.

Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.





Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:қанатты сөздер,суреттер,ноутбук,маркер,үнтаспа

Мұғалімнің сөзі: Отбасы-ошақтың үш таған сияқты. Олар: әке,ана,бала үшеуінің бірлігі отбасының берекесі.Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік,мерейі үстем болмай,мемлекетіміздің мықты болуы мүмкін емес.Ол үшін ата-ана бала тәрбиесінде ұлттық тәрбиені басшылыққа ала отырып өзінің болашақ ұрпағын тәрбиелесе артына үлкен мұра қалдырады.Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруде «Ана» және «Әке» мектебі жұмыс істейді. Қыз баланы жасынан мейірімділікке адалдыққа,ар тазалығына,нәзіктікке тәрбиелейді.Әке-ананың да, баланың да арқа сүйер асқар тауы.

Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын сұраққа жауап берейік?

1.Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

2.Әкелеріңнің анасы кім болады?

3.Отбасының тірегі кім?

4.Үйдегі алтын қазық кім?

5.Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

6.Ағадан кейін өмірге қыз бала кім дейміз?

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:

1-оқушы   (Дәуіржан)

Бала,бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.



2-оқушы (Зере)

Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.



3-оқушы  (Мерей)

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойында аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.







4-оқушы (Ақерке)

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.



5-оқушы (Гүлмарал)

Әкем шытса қабағын,

«Байқа, балам» дегені

Алған көп-ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны.



6-оқушы  (Дастан)

Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді



7-оқушы (Бақдаулет)

Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.





8-оқушы (Бибінұр)

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.



9-оқушы (Сая)

«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген



10-оқушы  (Зарина)

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен



11- оқушы (Ерасыл)

Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны







12- оқушы (Гүлнәз)

Дүниенің жарық күні-анамыз

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

Дана болсақ-анамене данамыз.

Өмірге мына бізді ала келген,

Дүние қымбат екен анаменен



13-оқушы (Әлия)

Екі нәрсе қадірлі тірі адамға,

Сол екеуі мәңгілік дос дер едім.

-Не дейсің ғой, айтайын:

-Бірі-Анаң да,

Бірі-Отаның туған жер, өскен елің!

Осы екеуі-бақытың, үміт таңың

Осы екеуі-ашатын жігіт бағын

Дүниеде бар нәрсе өзгермелі,

Осы екеуі-мәңгілік  ұмытпа ұлым!



Отбасы туралы мақал-мәтелдер

  1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

  2. Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

  3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

  4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

  5. Балалы үйдің еңсесі биік.

  6. Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

Мұғалім сөзі: Ендігі кезекте тәрбие сағатының жалғасын отбасылық сайыспен жалғастырайық

Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! «Мен және менің отбасым» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Осы отбасыларымыздың қадамдары құтты болып,мәртебесі биік болсын,мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып,ортаға отбасылар мүшелерін шақырайық.

1.Жұмысты терең меңгерген

Жақсылықты жөн көрген

Отбасы тұр құлшынып

Қалмайын деп сендерден

Ортаға «Алтын ұя» отбасын шақырамыз

2.Әділдік іздеп талпынып,

Тынбайтұғын шарқ ұрып

Бұл отбасы жарыста

Озам дейді талпынып

Ортаға «Шуақты» отбасын шақырамыз

3. Мінезге бай салмақты,

Байыптайтын жан-жақты.

Мерейлі бүгін сайысты

Жеңімпаз боп қалмақшы

Ортаға «Қарлығаш» отбасын шақырамыз

Әділқазылар алқасымен таныстыру

Негізгі бөлім:

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.Олар:

1-кезең: «Тегімді менің сұрасаң» отбасылар өзін таныстырады

(Өз отбасыларын плакат арқылы қорғайды)

2-кезең: «Өнерлінің өрісі кең» өз өнерлерін ортаға салады.

(Әр отбасы тәрбиелі, мағналы қойылым қояды.)

hello_html_m6d60278f.jpg

3-кезең: «Ата мұраң-асыл қазынаң» салт-дәстүріне байланысты сұрақ-жауап

(Халқымыздың салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтар қойылады)

  1. «Қонақ-Құдай елшісі», «Қонақ келсе құт»деген қазақтың мақалдырынан халқымыздың қонақжайлылығын көреміз.Осы қонақтың жөн-жоралғысына қарай неше түрі болады?

  2. «Жасау»,»Енші» сөздерінің мағынасын ашып,айырмашылығын атаңыз?

  3. Бала шыр етіп дүниеге келгенде бастап,үлкен азамат болғанға дейін салт-жоралардың түрлері қандай?

4-кезең: «Ептілер сайысы» суреттерден мақал құрастыру оны дәлелдеп түсіндіру.

hello_html_m52575f9.jpg

1.Балалы үй базар 2.Бала бауыр етің

Баласыз үй мазар









5-кезең: «Тіл өнері» Жұмбақ жасырылып жауабы екі тілде айтылуы керек

hello_html_7eb0f89c.jpg

6-кезең: Сайыскерлер өз шығармашылықтары бойынша жасалған жұмыстарын көрсетеді.

Жеңістер мен жеңілістермен тұратын

Өмір күрес,жеткізе ме мұратын

Жеңбедім,жеңдім деп ренжімегің

Қатысуда бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.

























ҚОРЫТЫНДЫ



Ата салтым-асыл мұрам,ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,

Өткенімді бүгініммен жалғадым

Бүгінгі сайысты қорытындылай келе «Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді ғой,немесе «Көп білгеннен емес,көп көргеннен сұра» демекші,өнеге-үлгілерін отбасындағы аға әжелер мына отырған жастарға немерелерге өсиетін айтып соны тыңдасақ.Ал балалар,айтылған сөзді саналарына сіңіріп,ойларына түйіп алып,өмірге қолдана білу керек.Ата-бабаларымыз айтқандай «Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды.», «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт— жас күнде көрген өнеге.»
« Бала сіздің ғана қуанышыңыз ғана емес екендігін, сол үшін еліміздің алдында жауап беретініңізді әрдайым естен шығармауыңыз керек.», «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.»бұл өнегелі сөздерді естен шығармауымыз керек.Бүгінгі отбасылық сайыс кейінгі жастар үшін өнегелі де тәрбиелі болмақ.



















Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Тәрбие жұмысы мектепте және мектептен тыс мекемелерде» журналы 2015 жыл



  1. «Білім шыңы» журнал 2015 жыл





  1. «Нақыл сөздер» кітапшасы 2016 жыл



Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог-библиотекарь
Курс профессиональной переподготовки
Библиотекарь
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.