Инфоурок Другое Конспекты"Мен және менің сыныбым" ашық сабақ

"Мен және менің сыныбым" ашық сабақ

Скачать материал

                               Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас психолог» үйірмесінің мұғалімі:

IMG-20170206-WA0009.jpgБАЛАБЕКОВА МАРИЯ ЗАУТБЕКҚЫЗЫ

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Мен және менің сыныбым

 

Сабақтың мақсаты:

 1. Сыныптағы оқушыларды бір – бірімен жақынырақ таныстыру. Балалардың мектепке бейімделуінің жеңіл өтуіне көмек беру.

2. Балалардың оқуға, мектептік өмірге қызығушылығын арттыру.

3. Тренинг барысында жақсы психологиялық ахуылды орнату, балалардың қарым – қатынасын жақсарту, түсінушілікке, досшылдыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілік құралдар: Жай ұнамды әуен,  әр балаға ойыншықтар, тақырыпқа байланысты суреттер.

 

  Тренингтің ережесі:

1.Өз ойын ашық айту.

2. Өзгенің пікірін құрметтеу.

3. Шынайылық.

4.Белсенді әрекет ету.

5. Өз сезімін басқара білу.

6.Уақытпен санасу.

 

 Тренингтің бағдарламасы:

  1. «Орын табу»
  2. «Менің керемет есімім»
  3. «Жасөспірімдер бейнесі»
  4. «Егер...»
  5. «Орныңды жылдам ауыстыр»
  6. «Көпір»
  7. «Кәне сыйлық сыйлайық, жылы сөздер айтайық»
  8. Тренингті аяқтау жұмысы

 

 

 

Сабақтың барысы:

 

I. Ұйымдастыру кезеңі

       Тренингтің өтуіне орындықтар шенберге қойылады, әр орындықта бір – бір  ойыншықтардан тұрады.

 

II. Негізгі бөлім

 

1 – тапсырма: «Орнын табу»

Нұсқау: Жәй ұнамды әуен 3 – 4 минут қойылады. Сол кезде балалар өздеріне ұнаған ойыншықты таңдап, орындықтарға отырады

.                                        

2-тапсырма: «Менің керемет есімім?».

Нұсқау: Әр бала өзінің есімін айтады, өзі туралы шағын әңгіме айтады.

Ойын: «Алақандар»

Шарты: Балалар бір-бірінен ашық алақандарына алақандарын қояды. Ортаға сұрақ қойылады . Сол сұраққа балалар жауап бере отырып, жанында отырған баланың алақанына өз қолымен шапалақты жайлап қояды. Ойын соңғы баланың жауабына дейін жалғаса береді.

Сұрақтар: Сыныпта оқығанда нені үйренгің келеді?

                    Осы сыныпта саған не ұнайды?

                     Қандай пәндер сендерге ұнайды?

 

 

3-тапсырма: «Жас өспірім бейнесі».

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлауы мен қиялын дамыту.

Нұсқау: Оқушыларға көздерін жұмғызып , музыка тыңдатылады. Музыканы 2 минут тыңдату керек, 2-минуттан кейіс оқушылар алдарына берілген таза параққа менің досым деген жасөспірім бейнесін салып және осы атқа ие болмау үшін не істеу керек екенін айтып ой бөлісу керек.

 

4-тапсырма : «Егер... »

Нұсқау: Әр балаға бір сұрақ қойылады. Сол сұраққа жылдам жауап беру керек. Сұрақтар «Егер де»  деген сөзден басталады. Балалар қиялдап , фантастикалық жауап берсе болады.

Сұрақтар:

  1. Егер де сен сиқыршы болсаң не болар едің...
  2. Егер мысықтар сөйлей алатын болса....
  3. Егер пілдер ұшатын болса....
  4. Егер балықтар сусыз өмір сүре алатын болса....
  5. Егер адамдар жануарлардың тілін түсіне алатын болса...
  6. Егер ағаштарда шоколадтар өсетін болса...
  7.  Егер қардың орнына аспаннан гүл жауатын болса....

 

5. Ойын: «Орныңды жылдам ауыстыр»

Шарты: Жүргізуші бала басқа балалардың киімдерінде көбірек кездесетін затты белгілеп, «Кім шалбар киіп отыр жылдам орындарыңды ауыстырыңдар» деп команда береді, сол кезде барлық ойыншылар жылдам орындарын ауыстырады. Ал жүргізуші бос орындыққа отырып алады. Орындықсыз қалған  ойыншы жүргізуші болып, ойынды жалғастырады.

 

6-тапсырма: «Көпір»

 Қатысушылар шеңбер құрып отырады . Ойынның мәнін былай түсіндіреді:

   «Бұл сызық- тасып ағып жатқан тау суынан  өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен . көпірдің аяғына дейін бір ізді жол,  тек бір ғана адам өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біне қарама-қарсы келе жатқан екі адам  екі ұлттың өкілі, бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалайда болса көпірден құламай , аяғына дейін жету керек».

  Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.

 Талдау:

-тапсырманы ненің көмегімен орындайды?

-қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?

-жолдан өтерде дәл осылай болды, сіз не істер едіңіз?

 

7-тапсырма: «Кәне, сыйлық сыйлайық, жылы сөздер айтайық»

Нұсқау: Әр оқушы қолдарындағы ойыншықты кезек-кезек  қасында отырған  балаға сыйлыққа беріп жылы сөздер айтып, бір-біріне рахметін айтады.

 

III. Тренингті аяқтау жұмысы:

Оқушылардан тренинг қалай өткенін сұрау. Қандай тапсырма қызық өтті. Тренингтен кейін оқушылардың көңіл –күйіне ұнайтын әуен қойып билетіп жіберу керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мен және менің сыныбым" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 719 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 1541
    • DOCX 51.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джелдикбаева Гулжан Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 267821
    • Всего материалов: 90

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой