Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Менің елім - менің Президентім

Менің елім - менің Президентім


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

2015 жылдың 26 сәуірі – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы



Менің елім - менің Президентім


(эссе)


Біздің Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы аз жазылған жоқ. Күнделікті баспасөзді айтпағанда, ол туралы түрлі кітаптардың өзі қомақты шығармалар жиынтығын құрайды емес пе. Осы шығармалардың қайсысы болмасын ұлт көшбасшысының адам ретіндегі көп қырлы тұлғасын тереңірек түсінуге өз әсерін жасайтыны сөзсіз.

Кітап оқитын қауымға белгілі, кезінде қазақтың әдебиетін аспандатқан Мұхтар Әуезов жайлы көптеген зерттеулер, рецензиялар, мемуарлар жазылды. Енді айтатын ештеме қалмады деп жүргенде, Зейнолла Қабдоловтың сезімді баурайтын «Менің Әуезовым» атты ұстазына арнаған мөлдіреген дүниесі қазақ оқырмандарын дүр сілкінтіп еді. Болмасаң да ұқсап бақ демекші, мен де осы кішкене шығармада «Менің Президентім» жайлы пікір білдіруді жөн санадым.

Жалпы Президент туралы айтқанда мұның өзін Елбасымыздың шыққан тегі мен өскен ортасынан бөліп алып қарау жөнсіз деп есептеймін. Өйткені, адамды ең алдымен ата-анасы, одан кейін өскен ортасы тәрбиелеп шыңдайтыны даусыз. Осы жағынан алып қарағанда өз әкесі Әбіш пен анасы Әлжан қарапайым еңбек адамдары ретінде, бала Нұрсұлтанды еңбек сүйгіштікке тәрбиелегені барша қазаққа үлгі болатындай.

Балқар ұлтының өкілі Л.Хочиеваның естелігінде сонау қырқыншы жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған балқарлар Шамалғанға көшіп келгенін, Назарбаевтардың үйіне түскенін, кейіннен Әбіш ата балқарлардың басын жинап оларға саманнан үй салуды ұйымдастырғанын тебіреніп жазған екен.

Осы атасының тәрбиесімен, анасының сүтімен келген халықты сүю, оларды бөліп-жармау қағидалары Президентіміздің бүгінгі келбетінен анық көрінеді. Осы келбетін қазақы тәрбиемен қанға сіңген парасаттылық, адамгершілік және тектілік деп неге тебіреніп айтпасқа.

Осындай жолдан өткен Ұлт көшбасшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрып, еліміздегі өзге ұлттардың өкілдеріне өздерінің мәселелерін Парламенттің мінберінен білдіруге жағдай жасағанына таңданбауға болмайды.

Ырыс пен абыройдың алды еңбекпен, маңдай термен келетінін өнегелі өмірімен дәлелдейді. Сол бір соғыстан кейінгі ауыр жылдарда ата-анасына қызылша егуге көмектесіп, оны арбамен қант зауытына өткізіп, еңбек күн тапқаны қазір біреуге таңданарлық оқиға болса, ол шын мәніндегі өмірдің шыңдауы болатын еді. Иә, рас Президентіміз айтып жүргендей ештеңе оңайлықпен келмейді.

Одан кейінгі өмірі ауылдан шығып, Днепродзержинскідегі метал балқытушы мамандығын алуға, қазіргі тілмен айтқанда лицейге оқуға баруы сол кездің өлшемімен ерлікке пара-пар еді.

Президент естеліктерінде оқуға, одан кейінгі Теміртаудағы болат құюшы жұмысына көптеген жігіттер төзбей жұмысты тастап кеткендері айтылады. Себебі темір балқытудың зиянды да ауыр жұмысына төзіп шығу айтар ауызға ғана оңай болар. Бір күні әкесі жұмыс істейтін жерін көріп, «ойбай мынауың нағыз азап екен, өзіңді сонша қинағаның не, жұмысыңды таста, ауылға қайт» - деген сөзіне де көнбей қалып қойғанын кітабына жазды. Сол Әділеттің ақ жолы кітабында «мені домна пешіне ауыстырғаннан кейін, айына төрт жарым мың сом айлық ала бастадым. Ол уақытта 1960 жылы, оның үстіне жиырма жасар жігіт үшін қиялдауға ғана болатын мол ақша еді. Екі мыңнан әкеме салып тұрдым. Мен коммунистік еңбектің екпіндісі болып, суретім «Казахстанская правдаға» шыққанда әкем күллі ауылды жинап той жасапты» деп жазған екен. Жастайынан бастаған ісін аяқтайтын табандылығын сол кезде-ақ осының өзімен дәлелдейді.

Ортада кісі талғамай, нені болса да сабырмен ойлап шешім қабылдайтын адам ұжымда сыйлы болатыны белгілі. Еңбек коллективі партия ұйымының хатшылығын басқарғаннан кейін, одан әрі қала басшыларының назарына ілігіп, қалалық комсомол ұйымын басқару жүктеледі. Биліктегі бұралаң жолдардан сүрінбей өткені сол табандылық пен жігерлілігі екенін ұмытпайық, оқырманым.

Иә, ол билікке келгенде Кеңес Үкіметінің іргесі шайқалып, ескі жүйе құлау алдында еді. КСРО басшылығымен Борис Ельциннің арасындағы тартыс күні кеше болғандай. Оған Горбачевтан билікті тартып алуды көздеп, төтенше жағдай жариялаған үшінші топтың қосылуы жағдайды өте шиеленістірді. КСРО қарауындағы Одақтас республикалар басшылары өз бетімен шешім қабылдауы қатерлі болатын, өйткені желдің қайдан соғарын кім біледі?

Сол бір драмаға толы күндерде тек өзінің ғана емес, бүкіл халқы мен тарихтың алдында жауап беретін Нұрсұлтан Әбішұлының қандай күйде болғанын, қандай жан күйзелісін бастан өткергенін оның өзінен басқа ешкім де толық сезіне алмас деймін. Осындай жағдайда оның сабырмен ойланып қабылдаған тарихи шешімінің елді тәуелсіздікке әкелгеніне алғысым шексіз! Қазақ халқының тарихында Нұрағамыздың осы ісі алтын әріптермен жазылар, бірақ біздер оның замандастары сан жылдарғы ата-бабамыздың арманы болған тәуелсіздікке қол жеткізуге куә болған бақытты жандармыз! Бізге тәуелсіздік соғыссыз, қантөгіссіз келді. Ол мақтаныш емей не? Өйткені, бізде Президент Нұрсұлтан Назарбаев бар!

Иә тәуелсіздікті алу бір басқа да, оны ұстап тұру ел басқарған адамға ақыл мен жігерді, батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Бізде Кеңес Үкіметінен қалған ядролық оқтұмсықтар мен Семей полигоны тек ел халқының наразылығын ғана емес, әлемнің көшбасшы елдері басшылығының назарын Қазақстанға аударды.Әрине олардың көбі жаңа ядролық мемлекеттің пайда болуын қаламас еді. Ел тәуелсіздігіне кепілдік беретін декларацияға АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания басшыларының қолдары қойылған келісім бойынша, олардан қаржылай көмек, инвестиция тартуға қол жеткізу, ақылды басшының қолынан ғана келеді.

Біздің дегеніміз болды, бір атом қаруы бар елден құтылғанына олар да қуанып қалды. Осы есе жібермеудің артында кім тұр? Ол менің елімнің ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев!

КСРО билігінен құтылғанмен орыс мемлекетінің жаңа басшылығы бізді кеңес ақшасына тастап, Ресей рублін шығарды. Керексіз болған ақшаның бізге қардай жауып, қатер төндіретінін алыстан сезген Қазақстан Президенті теңгені айналысқа енгізіп, елді экономикалық тәуелсіздікке бастады. Экономиканың заңы бойынша ақшаның құнды болуы үшін, өндіріс орындары, зауыт, фабрикалар тұрақты жұмыс істеп, елдің ішкі өнім шығаруы қажет. Ал біздегі Кеңес Үкіметінің жоспарлы экономикасына құрылған тау-кен өнеркәсібі, зауыттар мен фабрикалар жұмысын тоқтатты, ол жердегі білікті мамандар Ресейге, Германияға қоныс аудара бастады. Қазіргі дамыған елдердің өлшемімен қарағанда сол Қазақстан экономикасы әлсіз, тұрақты шекарасы жоқ, болашағы күңгірт болып көрінуі әбден мүмкін. Ондай елге инвестор тарту оңай шаруа емес. Қазір өздеріңіз көріп отырған инвесторлар бірден қаптап келе қоймады.

Елдің саяси-экономикалық мүддесі мақсатында Президентіміз Н.Назарбаев инвесторларға қаншама жеңілдіктермен келісімдерге жасауда, тұрғын-үй, көлік заңдарын дамыған елдердің стандарттарына келтіруге, олардың келуіне инфрақұрылымдарды, жаңадан темір жолдар мен автокөлік жолдарын салуда қаншама реформаторлық шаруаларды атқарды.

Бұл іс нәтижесін беріп, елдің экономикасына инвестиция салушылар көбейді. Қазақстан әлем елдерінің назарын аудара бастады, дамудың Қазақстандық жолы атты термин пайда болды. Орта Азия елдерін былай қойғанда, жекешелендірудегі, зейнетақы қорын құрудағы, мемлекеттік қызметті реформалаудағы Қазақстанның тәжірибесін Ресей басшылығы дәріптеп, өздеріне қолдануға шешім қабылдады.

Президент 1997 жылдың қазанында Қазақстан - 2030 бағдарламасын қабылдаған уақытта іштен де, сырттан да күмәнмен қараушылар болмай қалған жоқ. Аталған құжат қабылданғанына 15 жыл өткенде ондағы межелеген шекараны белгілеу, инвестиция тартуды 160 млрд. долларға жеткізіп, отандық өндірушілерді қолдайтын үдемелі индустриалды - инновациялық дамудың 2-ші белесін аяқтадық, яғни бәсекеге қабілетті тауар өндіретін машина жасауда және ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі өнімдерін қайта өңдеудегі жаңа технологияны игеруде қарыштап дами бастадық. Ол кейінгі он жылда әлеуметтік салаға, білім мен денсаулық саласына салынған орасан зор қаражаттардан көрініп отыр. Соңғы 15 жылда еліміз шикізат шығаратын елден ірі өнеркәсібі дамыған елге айналып, бүкіл әлемдік рейтинг көрсеткішінде бұрынғы кеңес елдерінің алдына шықсақ, шығыс еуропа мен азияның бірқатар елдері кейін қалды. Бізге осындай белеске шығуымыздың себебі неде деп ойлайсыз? Иә, бұл жерде де біздің жолымыз болды, өйткені бізде Нұрсұлтан Назарбаев бар!

Мемлекет дамуының бет бейнесін айқындайтын Президенттің жыл сайынғы Халыққа жолдаулары халықтың асыға күтетін құжатына айналды.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылдың желтоқсанындағы жолдауында мемлекеттік қызметтің жаңа реформасы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экспортқа бәсекеге қабілетті өнім шығаруды көтермелеу, ЭКСП-2017 жобасын өткізу, әлемдік нарыққа теңіз арқылы шығатын логистикалық кәсіпорындар құру, көгілдір экономиканы дамытуды көздейді.

Ал 2014 жылдың қарашасында «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауында, экономиканы дамытудың күре тамыры – жол, қол жетімді баспана құрылысы, халықты елең еткізді. Дағдарысқа қарсы ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінуі, басқаны айтпағанда, Ұлыбритания Премьер-министрі Девид Кемиронға: «Бізге де осындай қор құру керек екен» -дегізді.

Әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында: «Адамды емдейтін дәрігер оның дене құрылысын жақсы білсе, ел басқаратын мемлекеттік қайраткер де сол адамның барлық жан дүниесін, оның ішкі қалтарыстарын, кемшіліктері мен ақауларын емдейді. Мемлекетті басқарып отырған адам ең алдымен өзінің қарамағындағылардың жан дүниесі туралы, олардың бақыты, гүлденуі мен өзара келісімі болуы туралы ойлануы тиіс» деген екен. Бұл ретте, Президентіміздің құндылық деп тек этносаралық келісімді сақтау мен бекітуді ғана емес, сонымен бірге барлық діни төзімділікті, конфессияаралық сөйлесуді, келісімге келуді және оны сақтауды санайды.

Қазақстанның көп конфессиялылығын қалай пайдалануға болады?

Оның да шешімін тапқан Елбасымыз Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезін өткізді. Оған ислам, будда дінбасшылары бастаған көптеген діндердің дінбасшыларымен бірге рим католик шіркеуінің папасы Иоанн Павел ІІ келуі дүниені дүр сілкінтті. Бұл ретте, оның рим-котолик шіркеуінің басшылары ішінен бірінші болып Астанада мұсылман мешітіне кіріп қана қоймай, Қазақстанның атына діндерді жақындастырудағы қадамы үшін алғыс білдіргені екі әлемді таң қалдырды!!! Мұсылман мешітіне кірмек түгілі шақырған елдерге бара бермейтін Котолик әлемінің серкесі ат басын бізге тіреуінің себебі неде?

Өйткені бізде Нұрсұлтан Назарбаев бар!

Қай елде болмасын, астана – сол елдің айнасы.Тәуелсіздіктің бір белгісі – өз астанамызды өзіміз таңдау деп, Президент өте бір қиын кезеңде елдің басты қаласын Алматыдан Ақмолаға ауыстырды. Қазақстаннан басқа 2 мың жылдықтың тоғысында астанасын көшірген бірде-бір ел болған жоқ. Шынтуайтына келгенде бұл мәртебелі батылдық еді. Ешбір елдің, ешбір мемлекеттің, ешбір Президенттің осындай ұлы көшке аласапыран, қиын-қыстау, қысталаң кезеңде жүрегі дауаламас еді. Күдікті де күпті едік, бүгінде бәрі ұмытылды. Астананың орнап, көркеюін ешкім Президенттен бөліп қарай алмайды. Бұл елдің тарихи еншісіне тиген ақиқат.

Бүгінгі күні Астана, Қазақстан деген сөздер егіз ұғымды білдіреді. Қазір Астана өз айшықтарымен, зәулім ғимараттарымен, әсем көпірлерімен отандастарымызға мақтаныш болса, алыс және таяу шетелдіктердің қызығушылығын тудырады Жолдасыммен бірге оқыған өзбек жігіті телефон соғып, хал сұрасқан соң, Қазақстандағы еңбек ақыға таңданып, аңызға айналған Астананы көруді армандайды. Сендерің елдеріңде алтын мен газдың мол қоры бар емес пе еді, осы сендерге не жетпейді деп әзілдейміз. Сендердің жолдарың болды, өйткені сендерде алтын мен мұнайдан да қымбат бренд бар, ол - Нұрсұлтан Назарбаев дегенде тұла бойыңды мақтаныш кернейді. Ол әлі тарих қойнауындағы сандаған ұрпақтардың мақтанышына айналып, аты қазақ тарихына алтын әріппен жазылатын болады.




Мұхамбеджанова Сәуле Сұлтанқызы


Қостанай қаласы №2 кешкі орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

5




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Біздің Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы аз жазылған жоқ. Күнделікті баспасөзді айтпағанда, ол туралы түрлі кітаптардың өзі қомақты шығармалар жиынтығын құрайды емес пе. Осы шығармалардың қайсысы болмасын ұлт көшбасшысының  адам ретіндегі көп қырлы тұлғасын тереңірек түсінуге өз әсерін жасайтыны сөзсіз.

         Кітап оқитын қауымға белгілі, кезінде қазақтың әдебиетін аспандатқан Мұхтар Әуезов жайлы көптеген зерттеулер, рецензиялар, мемуарлар жазылды. Енді айтатын ештеме қалмады деп жүргенде, Зейнолла Қабдоловтың  сезімді баурайтын «Менің Әуезовым» атты ұстазына арнаған мөлдіреген дүниесі қазақ оқырмандарын  дүр сілкінтіп еді. Болмасаң да ұқсап бақ демекші, мен де осы кішкене шығармада «Менің Президентім» жайлы пікір білдіруді жөн санадым.

 

         Жалпы Президент туралы айтқанда мұның өзін Елбасымыздың шыққан тегі мен өскен ортасынан бөліп алып қарау жөнсіз деп есептеймін. Өйткені, адамды ең алдымен ата-анасы, одан кейін өскен ортасы тәрбиелеп шыңдайтыны даусыз. Осы жағынан алып қарағанда өз әкесі Әбіш пен анасы Әлжан қарапайым еңбек адамдары ретінде, бала Нұрсұлтанды еңбек сүйгіштікке тәрбиелегені барша қазаққа үлгі болатындай.

Автор
Дата добавления 31.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1215
Номер материала 468736
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх