Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мен әлемді зерттеймін курсы. 1-сынып.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мен әлемді зерттеймін курсы. 1-сынып.

библиотека
материалов

Ғылыми зерттеу жұмысы «Мен әлемді зерттеймін» курстық бағдарлама

1-4 сыныптарға арналған. Сағат саны барлығы – 17, аптасына – 1.

Түсініктеме хат мазмұны.


Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр. 
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.  Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. 
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. 
 Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан- жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет . Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну. 
 Осы орайда мектебімізде оқушыларды танымдық іс-әрекетке баулу; жүйелі түрде қатыстыру; этнопедагогика негізінде жан- жақты тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында
ғылыми зерттеу жұмысы «Мен әлемді зерттеймін» курстық бағдарлама құрылды. 

Мақсаты мен міндеттері:

 1)Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту; 

 2)Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру; 

 3)Оқушы қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылту; 
                 

4)Оқушының таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына жағдай жасау; 

 5)Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету; 

 6)Білім, білік, дағдыларын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу; 

Оқушылардың таным белсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында курстық бағдарлама әр түрлі формада жүргізіледі: 

 1. Зерттеу сабақтары 

 2. Шығармашылық сабақтар 

 3. Практикалық сабақтар 

 4. Теориялық- қортындылау жұмысы: ғылыми жобалар қорғау. 

 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, олардың қызығушылықтары басым, не нәрсені білуге жаны құмар «негештер» екенін аңғару қиын емес. Бірақ оларда тәжірибе жоқтығы , күрделі тақырыптарды меңгере алмайтыны, ақпарат материалдарымен жұмыс істеуге дағдыланбағаны анықталды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру, жетелеу арқылы курстық жұмысы мынадай бағыттар бойынша ұйымдастырылды: 

Тақырыбы: «Мен әлемді зерттеймін» 1-сынып. Сағат саны-17.

І. Мен әлемді зерттеймін.

1.Біздің туған еліміз

2.Мен қандаймын?

3.Менің сүйікті ісім.

4. Менің сүйікті жануарым.

5. Менің анам.

6. Менің әкем.

7. Менің атам мен әжем.

8. Менің достарым.

9. Менің отбасым.

ІІ. Мен әлемді зерттеймін.

1. Туған жерімнің тарихы.

2. Туған халқымның тұрмыс-салттары.

3. Туған жерімнің көлдері. Суды үнемдей біл!

4. Жануарлар және өсімдіктер әлемі.

5. Ауа райының өзгерістері.

6. Экология дегеніміз не?

7. Қызыл кітап дегеніміз не?

8. Туған жеріміздің тағдыры өзіміздің қолымызда.



Оқушылар білуі тиіс:

- ғылыми жұмыстарға аппаратты қолдана білу.
-  ғылыми жұмысы жан-жақты зерттей келе түйінді мәселені шеше білуі;
- зерттеудің тәсілдері мен ұстанымын;
-  рефераттар мен жұмысты жаза білу және рәсімдеу;
-әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу;

-  зерттеу  әдістерінің нысанын  және пәнін анықтау;
-  зерттеуді – жорамалдау мақсатын анықтау,  саралау, жинақтау, түйіндеу.;

-  Microsoft Office Power Point  бағдарламасымен жұмыс істей білу. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Горащенко В.П. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы/ В.П. 
Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев– А.: Рауан,
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. –
Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания/ К.Д.
 
Табиғаттануды оқыту және балап тәрбиесi: - А.: Мектеп,
Богословский В.В. Жалпы психология / В.В. Богословский–
Қоянбаев Ж.Б Педагогика / Ж.Б Қоянбаев– Астана.:1998
 
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики / А.Н Леонтьев.
Занков В.В. Избранные педагигические труды / В.В.
 
Рубинштейн С.Л Избранные психологические труды / С.Л Рубинштейн–М.:
Выготский Л.С Проблемы возрастных периодизаций детского развития /
Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С. Выготский– М.:1980
 
Горащенко В.П Методика преподавания природоведения/ В.П Горащенко –
Горащенко В.П Методика изучения природы в начальной школе/
Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподавания/ В.И.
 
Пакулова В.М. Методика преподавания природоведения/ В.М. Пакулова–
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу бағдарламасы / 1-4
Жунiсова К. Дүниетану 1 сынып/ К. Жунiсова

«Мен әлемді зерттеймін». 1-сынып. Сағат саны-17.

Тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

Өтілу түрі

Білімдік қазынасы

1

І.Тарау. Мен әлемді зерттеймін.

Біздің туған еліміз

1


Топпен жұмыс

Туған еліміз туралы білім қалыптасады. Туған еліміздің табиғатымен, байлығымен танысады.

2

Мен қандаймын?

1


Әңгімелесу

Тіл байлығы артады

3


Менің сүйікті ісім.


1


Тест

Сурет салу (конкурс)

Әдептілік –әдемілікке тәрбиеленеді, эстетикалық тәрбие алады.

4

Менің сүйікті жануарым.

1


әңгімелеу

Сурет бойынша әңгіме құрастырып, сөз бен сөзді байланыстыра сөйлеуге үйренеді..

5

Менің анам

1


Әңгімелеу

Анасына деген сүйіспеншілігі артады.

6

Менің әкем

1


әңгімелеу

Отбасындағы әкенің орны туралы түсінік қалыптасады.

7

Менің атам мен әжем.

1


Газет шығару

Шығармашылықтары артады.

8

Менің достарым.

1


«Менің ең жақын досым!» әңгіме

Ойын барысында достық қарым-қатынас арта түседі.

9

Менің отбасым.

1


Жобаны қорғау

Ой-өрісі, тіл байлығы, өзін өзі ұстау мәнері артады.

10

ІІ-тарау. «Мен әлемді зерттеймін»

Туған жерімнің тарихы.

1


Мұражайға саяхат

Оқушылардың дүниетанымдылығы артады.

11

Туған халқымның тұрмыс-салттары.

1


Ойын, өлең, тақпақ айту

Білім-білік дағдылары қалыптасады.

12

Туған жерімнің көлдері Суды үнемдей біл!

1


Картамен жұмыс

Ой ұшқырлықтары, зейінділіктері артады.

13

Жануарлар және өсімдіктер әлемі.

1


Жануарлар бағына, мұражайға саяхат

Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді.

14

Ауа райының өзгерістері.

1


Сарамандық жұмыс

Салыстыру, айыпмашылығын ажырату мен ұқсастығын табу қабілеттері артады.

15

Экология дегеніміз не?

1


Сарамандық жұмыс

Өз пікірлерін ортаға салу арқылы ізденімпаздық қабілеттері артады.

16

Қызыл кітап дегеніміз не?

1


топпен жұмыс

Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиеленеді.

17

Туған жеріміздің тағдыры өзіміздің қолымызда.

1


Жобаны қорғау.

Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелейді, өздеріне деген сенімділік қалыптастырады.









  





Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Мен әлемді зерттеймін»  1-сынып. Сағат саны-17.

І.  Мен әлемді зерттеймін.

 1.Біздің туған еліміз

 2.Мен қандаймын?

3.Менің сүйікті ісім.

4. Менің  сүйікті жануарым.

5. Менің анам.

6. Менің әкем.

7. Менің атам мен әжем.

8. Менің достарым.

9. Менің  отбасым.

ІІ. Мен әлемді зерттеймін.

1. Туған жерімнің тарихы.

2. Туған халқымның тұрмыс-салттары.

3. Туған жерімнің көлдері. Суды үнемдей біл!

4. Жануарлар және өсімдіктер әлемі.

5. Ауа райының өзгерістері.

6. Экология дегеніміз не?

7. Қызыл кітап дегеніміз  не?

8. Туған жеріміздің тағдыры өзіміздің қолымызда.

 

Автор
Дата добавления 09.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров738
Номер материала 180415
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх