Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / "Мен мамандықтар әлеміндемін" (9 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

"Мен мамандықтар әлеміндемін" (9 сынып)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін»

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін – өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдер: психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер, релаксациялық жаттығу

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі сабағымызға қош келіпсіздер!

Ойынды қой, інішегім, алға бас,

Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.

Балалыққа жас миыңды алдатпа,

Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас. (С. Сейфуллин )

Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Мамандық таңдау жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдау - осы бір қарапайым ғана сөз тіркесі қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды. Сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтсем:

І бөлім. Мен таңдаған мамандық... Әр топтың таныстыруы

ІІ бөлім. «Ең, ең...» ойыны

ІІІ бөлім. Әріпті мамандық

ІҮ бөлім «Мамандықты тап»

Ү бөлім. Психогеометрия

ҮІ бөлім. Жасырын хат, ойлан тап

ҮІІ бөлім Жағдаяттарды талдау

Профессия – латын сөзінен шыққан, «professio» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Ондаған жылдар бұрынғыға қарағанда бүгінгі таңда кәсіп таңдау мәселесі қиындай түсті. Осыған қарамастан, көптеген замануи мамандықтар арасынан сіздерге өз таңдауыңды жасауға тура келеді. Мысалы, американдық мамандықтар сөздігінің мәліметіне сүйенсек, 1965 жылдан бері жылдан бері 35,5 мың мамандық өзгерген екен. Қазіргі кезде Әлемде елу мыңнан астам мамандық бар, ал қазақстанда жеті мыңға жуық мамандық түрі кең таралған. Осындай сан алуан мамандықтар арасынан таңдауды қалай жасауға болады?

(Слайд арқылы оқушыларға жүргізілген «Менің қалауым» дифференциалды-диагностикалық сауалнамасының қорытындысымен таныстырып, кеңес беру)

ІІ. «Ең, ең, ең...» ойыны

(Оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек)

Ең ақшасы көп – бухгалтер, экономист.

Ең жасыл – эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті – аспазшы, кондитер.

Ең күлкілі – клоун, карикатурашы.

Ең жауапты - сот, бухгалтер.

Ең салмақты – мұғалім, заңгер.

Ең қарым-қатынасы күшті – бизнесмен

ІІІ. «Әріпті мамандық» - ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.

І топ – «А», «Б», «Д», ІІ топ – «Э», «Ж», «И», ІІІ топ – «Ж», «С», «Ш».

ІҮ . «Мамандықты тап»

Адам-табиғат

Үй, спорттық және лабораториялық жануарларға қомқор болады, сонымен қатар адамдарды жануарлардың жұқпалы ауруларынан қорғайды. Ол медициналық мәселелерді, сыртқы жарақаттарды анықтайды, операция жасайды, рецептілер жасайды, жанауарларға түрлі аурулардан егу жасайды. Жануарлардың иесіне оларды күту бойынша кеңестер береді. (ветеринар)

Адам-техника

Ол ұзақ және күрделі полиграфиялық үрдісті аяқтайды. Ол басылған беттерді соңғы өнімге, яғни кітапқа, журналға, каталогқа айналдырады. Мұндай мамандық мамандары кітап фабрикаларында, типографияларда және көбейту аппараттары бар мекемелерде жұмыс істейді.(редактор)

Адам-адам

Негізгі міндеті – жасөспірімдердің бақылаусыз қалуын және құқық бұзушылығын алдын алу, оларға қосымша әсер ету. Жұмысының мағынасы – жасөспірімдерді өз уақытында жаман қылықтардан алдын алу, қоғам алдында өз жүріс-тұрысына жаупкершілігін арттыру. (инспектор)

Адам-белгілеу жүйесі

Бұл маманның міндеті оған артылатын жауапкершілікке байланысты. Ол қоңырауларға жауап береді, қажетттілігінше анықтамалық ақпарат береді, басшыға қажетті мәліметтерді қабылдап, өз уақытында ақпаратты жеткізеді, келіссөздерді ұйымдастырады,отырысқа дайындық бойынша әкімшілік жұмысты атқарады және т.б.(хатшы)


Адам-көркем бейне

Оңың шығармашылығының объектісі -– үй бөлмесінен қаланың орналасу жүйесіне дейінгі түрлі масштабтағы кеңістіктер болып табылады. Іс-әрекеттің негізгі түрі – жобалау. Жобалау сыртқы түрін, көлемді – кеңістіктік пішіні мен бейнесін ғана қамтып қоймайды, сонымен бірге, функционалдық жағдай, конструктивті сапа бойынша сұрақтарға шешеді.(архитектор)

Адам-техника

бұл мамандық адамы механикалық шеберханаларда, жөндеу цехтарында, техникалық қызмет көрсету және жедел жөндеу станцияларында еңбек етеді. Олар автокөліктердің техникалық жағдайын бақылайды, ақауларды жойып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.(автомеханик)

ІҮ. Психологиялық сәт: «Психогеометрия» . Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрейік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады.

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғары көтерілуге бейімділігің бар.


Ү. «Жасырын хат, ойлан тап!»

Ерте заманда әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Біз бүгін соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер.

1. «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1- ші топқа

2. «Бүгін сабақтан кейін футбол ойнауға барайық»-2-ші топқа

3. «Жексенбі күні сағат 15. 00 – де менің туған күніме кел» - 3 – топқа арналған хат

ҮІ.Жағдаяттық сұрақтар.

1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?

2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

3. Егер таңдау шектеулі болса, қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші).


ҮІІ. Релаксациялық жаттығу

ҮІІІ. «Көбелек жайлы өсиет»

Талдау: Осы күннен не алдыңыз?

Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Мамандықтың жаманы жоқ әлемде,

Жаман қылған жалқаулар бар әр елде.

Сондықтан да жалқаулықты тастайық,

Игі істермен өмір жолын бастайық!

Оқыған маман – шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта.

Қолыңнан жұмыс келмесе,

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі – мамандық,

Жер-көктің бәрі – мамандық,

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамдық.

Қорытынды: Осымен, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, алдағы уақытта тек қана сәттілік тілей отырып, мен әрқайсыңызға мамандық таңдауда септігін тигізер деген оймен, «Мамандық таңдаудың жеті қадамы» атты кеңестер жазылған нұсқаулықты таратқым келіп отыр.

Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Егеменді еліміздің ертеңі – қалаған мамандық иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!


















«Сасан би атындағы орта мектеп» КММ











hello_html_m2268b0a7.gif


(тренинг -сабақ)








Мектеп психологы: А.Еркінбекова


















Құмкөл ауылы

2014 -2015 оқу жылыhello_html_m4d466bb7.png

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін»

Мақсаты:  Оқушыларға  мамандық таңдау,  олардың негізгі  түрлері, классификациялық  белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері  туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін – өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі  сабағымызға қош  келіпсіздер!

Ойынды қой, інішегім, алға бас,

Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.

Балалыққа жас миыңды алдатпа,

Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас. (С. Сейфуллин )

 

Белгілі  бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Мамандық  таңдау жасөспірім жастағы  ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған  мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдау  - осы бір қарапайым ғана сөз тіркесі  қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды.  Сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтсем:

 

Әдіс-тәсілдер:  психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер, релаксациялық жаттығу

Автор
Дата добавления 21.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1160
Номер материала 324542
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх