Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?

библиотека
материалов

Карбузова Каракоз Сейтказиевна І деңгей В есеп

4 топ Мұғалім портфолиосы

Талдықорған қаласы 22.10 2014ж


Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?


Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып, мемлекет болып жазылмақ! Сол болашағымыз нұрлы да айқын болуы үшін мектебіміз заман ағымына жауап беретіндей болуы керек. Ұлтымыздың ұлы ұстазы А. Байтұрсыновтың өз заманында «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» - деген тұжырымы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Жақсы мектепті жеке адам жасамайды және ол бір рет немесе мәңгілікке жасалмайды. Өйткені, күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім саласының, мектептердің жаңаша дамуының басты факторына айналуына себеп болып отыр.

«Білім беруге салынған бүгінгі инвестиция-мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық». Жалпы білім бастауын мектептен алады, мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, оған келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болмақ. Мектеп істі жоспарлап, басты мәселелерді айқындап алуы, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуі қажет. Келешекті дұрыс жоспарлай алмау компассыз ашық теңізге шығып, тұманда адасушы теңізшімен «пара-пар» деп аса орынды айтылған. Жоспарсыз-жобасыз іс болуы тиіс емес. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет.

Білім – ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Еліміздің болашағы-білімді ұрпақ қолында. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» деп атап көрсетілген.

Мен бірінші (ілгері) деңгей курс бағдарламасының түйінді идеяларымен бірінші бетпе бет кезінде танысып, білімімді жетілдірдім. Осы кезеңде алған теориялық білімімді «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде тиімді пайдаланудағы басты мақсатым оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындауға бағытталған оқыту мен тәжірибеге енгізілетін өзгерістерді басқару проблемасы болып табылады. (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Бірінші (ілгері)деңгей 2014ж.)

Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі алғашқы қадамымды мен мектеп басшысымен кездесуден бастадым. Мұндағы мақсатым-мектеп басшысын курстың түйінді идеяларымен және тәжірибе кезіндегі атқарылатын жұмыстар барысымен таныстыру еді. Мектеп директоры деңгейлік курс туралы білетіндігін айта келіп, менің тәжірибе өткізуіме әкімшілік тарапынан қолдау көрсететіндігін айтты. Мектеп директоры мұғалімдердің білім жетілдіру курстарынан алып келіп, енгізіп жатқан жаңалықтарын, өзгерістерін қолдайтындығын білдірді. Дамыған әлем елдерінің білім жүйесінде болып жатқан өзгерістер туралы әңгімелей отырып, өзгеріс біздің мектепке де керек екенін және ең алдымен мұғалімдер өздерінің сабақ беру үдерісіне өзгеріс енгізу керектігін баса айтты.

Ендігі жұмысым сауалнамаға мектеп мұғалімдерін жұмылдыру еді. Бұл жұмыс оңайға соққан жоқ, себебі жаңа оқу жылының басталуына байланысты қарбалас кезеңге тап болдым. Дегенмен де әріптестерімнің қолдауымен және мектеп психологтарының көмегімен бұл жұмысым да орындалды.

Сауалнамаларды бірінші бетпе-бет кезеңінде әріптестеріммен бірлесіп дайындаған сұрақтардан және мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар жинағынан алдым. Сауалнама мазмұны мектептегі ахуал, мектеп мұғалімдерін ынталандыру, жаңа форматта оқып келген әріптестерінен алған әсерлері, оқушылармен, топтармен жұмыс істеу, оқушы білімін бағалау туралы болды. Ал оқушылармен жүргізілген сауалнама барысында мектептің білім беру жайы, оларға ұнайтын пәндер, сабақ үстіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, топтық жұмыстың жүргізілуі, оның оқушыға әсері туралы пікірлерін анықтауға бағытталды.

Ұжым мүшелерінен алған сауалнамалардан мыналарды анықтадым: 1. Қызмет барысында кездесетін қиындықтарды анықтауда, сабақ жоспарының «бағалау» бөлімінде қиналатынын;

2. Оқыту мен оқу әдістемесін жетілдіруде туындаған мәселелерді шешуде қиналатынын;

3. «Оқушыларды сыни тұрғыда ойланта аласыз ба?»- деген сұраққа жауап беруде қиналғандарын.

Келесі «біздің мектепке өзгеріс керек пе, жаңаша бағытта оқытқыңыз келе ме?» - деген сұраққа барлық мұғалім «иә» деп жауап берген. Осыған қосайын дегенім, мектептегі тәжірибе кезіндегі өзім жоспарлап отырған коучинг сессияларына мұғалімдерді мүмкіндігінші толық қатыстырып, қызығушылықтарын арттырсам деймін. Сондықтан, келешекте жұмысымыз нәтижелі болып, жетістікке жету үшін қажетті жағдай жасап, оқып үйренгенімді дәлелді түрде тәжірибеге енгізу менің басты міндетім екенін түсіндім.

Ата-аналармен өткізген сауалнамада жауаптары нақты болмады, кейбір сұрақтарға жауап бермей ашық қалдырған. Қажетті ақпараттың уақытылы берілмеуінен, балаларының сабаққа деген мотивациясы төмен екендігі және мектеп пен ата-аналардың арасындағы байланыс өз дәрежесінде еместігі айқындалды. Менің мектебімнің ата-аналарымен “Өзгеріс не үшін керек?” атты рефлексивті есебімде айтып өткен Финляндия, Жапония елі оқушыларының ата-аналары арасында балаға деген жауапкершілік айырмашылығы білініп тұр. Дегенмен мектептегі сабақ кестесінің түзілуіне, қазақ тілі, орыс тілі, биология, тарих, география сияқты пәндердің жүргізілуіне көңілдерінің толатындығын ата-аналардың басым көпшілігі мойындаған. Ата-аналар мектептегі өзгерістерді қолдайтындығын жасырмады және оқушылармен жүргізілетін жұмыстарға қарсы болмайтындығын жеткізді. Ата-аналар келешекте мектеп мұғалімдерінің көбі осындай курстардан өтсе, оқушылардың білім сапаларының өсуіне де әсер етіп, олардың ынталары мен қызығушылығы да артар еді деген ойларын да білдірді.

Оқушылардан алған сауалнамадан мыналарды анықтадым:

1.Мұғалімнің білімділігі, сабақта оқушыларды ынталандыруы;

2.Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер, мұғалімнің пәнге қызықтыра алуы олардың көңілінен шығады.

Алайда сабақ үстінде, «саған көңіл бөліне ме, мұғалім барлық оқушыға көңіл бөліп үлгере ме, немесе мұғалім саған сабақта еркін ойлауға, өз ойыңды ашық айтуға үнемі мүмкіндік бере ала ма, барлық сабақтарда топтық және жұптық жұмыстар жүргізіле ме?» - деген сұрақтарға жауап беруде «жоқ», «кейде» деген жауаптар саны көп болды. Нәтижесінде дәстүрлі сабақ жүргізу әдісіміз бойынша біз сабақта барлық оқушыларға жеткілікті дәрежеде көңіл бөліп үлгермейтінімізді түсіндім. Мұғалімдеріміз жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кері байланыс қолданбайтындығын анықтадым.

Ал мектептегі тәжірибе кезінде топтық және жұптық жұмыс арқылы бұл кемшіліктердің орнын толтыруға болатынына анық көзім жетті.

Көптеген технологиялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруда аса қолайлы стратегияның бірі әрі тиімдісі топпен жұмыс жүргізу деп ойлаймын.

  • Біріншіден, оқушылардың топ болып жұмыс жүргізу барысында өзіндік және жеке ойлау қабілеттері дамиды. Әркім ойлары мен пікірлерін тәуелсіз құратын болады.

  • Екіншіден, сұрақтар қойылып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтай бастайды.

  • Үшіншіден, көңілге қонымды дәлелге ұмтылады, мәселені шешудің жолын бірлесіп іздеп, бір-бірімен пікір алмасып, ынтымақтастық орнатады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.

Топпен жұмыста оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімі артады, ұжымшылдық қалыптасады. Оқушы төмендегідей нәтижеге жетеді: оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, тапсырмаларды өзі талдайды, өз ойын анық жеткізеді, бір-бірін бағалайды, өз қателерін түзетеді, бір-бірінен қалмауға тырысады, уақыт үнемдейді, өз бетімен жұмыс жасайды. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде оқушының білімге деген ынтасы, белсенділігі артып, өз күшіне деген сенімділік пайда болады. Оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жаңа технология әдістерін тиімді пайдалана білсек, мол жетістіктерге жетеріміз сөзсіз. Әріптестерім тәжірибелерін шыңдай отырып, сабақтарын шеберлікпен өткізуге тырысуда.

Қазіргі кезде өздігінен алған ақпарттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде нақты және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни, өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет дей келе мектебімнің ағымдағы жай-күйіне тоқталсам деймін.

Педагогикалық инновация-педагогика жүйесіндегі жаңашылдық. Мектептегі инновациялық қызметтің негізгі бағыты-ғылыми ойларды енгізу, жаңалыққа бой ұсыну, авторлық бағдарламалар жасау. Мектеп тәжірибесіне жаңалықтарды енгізу көбіне оларды қолдануға деген көзқарастардың кешенін өзгертуге тікелей байланысты. Ал педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім беру технологиялары: дамыта оқыту технологиясы, модульдік оқу технологиясы, жекеленген оқу технологиясы және т.б. ұсынылады. Осы білім беру технологияларымен оқытудың әдістерін енгізу мақсатында мектебімізде конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады. Орыс ғалымы Л.В.Занков «Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді  пайдалану-білім сапасын арттырудың бірден-бір  жолы» - деп  атап  көрсеткеніндей, күн сайынғы  тіпті сағат  сайын артып, өзгеріп отырған  әлемдік  ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл  әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу бүгінгі күннің  мұғалімінен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп  отыр.

Заманауи  жоғары  технологиялық  құрал-жабдықтарды   біліктілікпен  сауаттылықпен  пайдалану арқылы   ғана,  біз ұстаздар, сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Өйткені, халқы білімді ел - ең қуатты ел. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғаны қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Таңдаулы елу елдің қатарына ену үшін, білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз.

Қазіргі  уақытта  қолданыста  жүрген жиырма беске жуық оқыту технологиялары, қырыққа жуық сабақ түрлері бар. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-жоғары технологияны үйреніп, қолданып, білім мен ғылымда әлемдік бәсекелестікке төтеп бере алатын тұлға тәрбиелеу. Бұл жаңа бейнеконференциялар, селекторлық жиындар, ақпараттарды жинақтау, оларды мұрағаттарда сақтау, жинақталған мәліметтерді телефон және электр жүйесі арқылы оқушыға жеткізуге мүмкіндік береді. Осы орайда мектеп ұстаздарына зор  жауапкершілік  жүгі артылып отыр. Білім сапасын жақсарту, әлемдік инновациялық технологиялардың елімізде кеңінен қолданылуын мектеп ұжымы қолдайды.  

Жинаған деректер көмегімен мектептің жаңа проблемалық мәселесін анықтап, осы проблемалық мәселелерді шешуге қадам ретінде мектептің оқу жоспарына оқушыларды зерттеу жүргізу және оқытудың жаңа тәсілдері туралы, яғни топтық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу туралы коучингтер өткізуді енгіздім. Бұл болашақта істейтін жұмысымның бастапқы баспалдағы десем де болады.

Зерттеу әдістерім:  әңгімелесу, сұхбаттасу, бақылау, сауалнамалар алу, интервью, фотоға түсіру арқылы ата – аналармен пікір алмасу барысында  мектептің мәселелері анықтала басталды. Мектептің дамыту мақсаттарын оның қызметін проблемалық тұрғыдан талдамай тұрып анықтау мүмкін емес деп ойладым.

Осыдан кейін мен, «Мектепті қазіргі жағдайымен салыстыра отырып болашақтағы қызметін жақсарту үшін, даму жоспарындағы стратегияларды тиімді жүзеге асыру үшін  нені, қалай өзгертуіміз керек?»  деген сұрақ төңірегінде әріптестеріммен бірге зерттеушілік әңгіме жүргізуді қажет деп тауып, шағын шығармашылық топ құрдым. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар шағын топтарда жұмыс жасағанда оларда ортақ проблема болады, мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, бірге ойланады дегендей мектептегі шығармашылық тобындағы әріптестеріммен мәселелерді талқылай отырып, табысты зерттеушілік әңгіме орнады.

Мектептің жұмыс жоспарын жасауда әкімшіліктің ықпалы жоғары, әдістемелік бірлестік жетекшілері өз пікірлерін білдіре алады, мектептің басқа мұғалімдерінің пікірлері мен ата-аналардың пікірлері кейде ескеріліп отырады. Жұмыс жоспарын іске асыруда жетекші рөл мектеп әкімшілігінің өз қолында. Кей жағдайда кезектен тыс өтетін шаралар көбейіп кетіп, соның нәтижесінде негізгі жоспарланған іс-шаралар іске аспай қалады. Мұның нәтижесінде жоспарланған іс-шаралардың реттілігі бұзылады, осы себептерден оқушылардың сабақтарына да кедергі келтіретін әрекеттер пайда болады. Бұл жағдайлар жұмыс жүйесін талдап, оны бағалауда да көп кедергі келтіреді.

Мектептің даму жоспары 2014-2015 оқу жылына жасалған. Жоспарда төмендегідей бірнеше мәселелер басымдыққа алынған.

Басты мақсаты:

  • Пәндердің оқытылуы және оқушылардың білім сапасын көтеру;

  • Оқу бағдарламасы мен оқыту үдерісін жоспарлау, үйлестіру және бағалау;

  • Үш тілді меңгеру деңгейін арттыру;

  • Оқушылардың АКТ-ны меңгеру деңгейін арттыру;

  • Оқушыларды пән олимпиадасына, ғылыми жобаларға қатыстыру;

  • Мектепті ақпараттандыру;

  • Мұғалімдердің оқу мен кәсіби даму үдерісіне көмектесу;

  • Мектептің техникалық жабдықтарын жақсарту;

Мұғалімдерде әр түрлі стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді оқушылардың дамуы мен оқыту үдерісін жақсартуда тиімді қолдану жөнінде терең түсінік қалыптасқан. Мектепте әдістемелік бірлестік, әдістемелік кеңес мүшелері болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды бірінші болып қолдаушылар деп айтуға болады. Білім жетілдіру курстарынан өткен пән мұғалімдерін тыңдаудан басталатын әдістемелік отырыстар әр мұғалімнің әдістемелік басылымдары арқылы оқып-үйренген әдіс-тәсілдерін нақтылауына, білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің мәнін түсінуге, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді, тиімсіз жақтарын анықтауға көп көмегін тигізетіні анық. Аталған даму жоспарына бірінші бетпе бет кезінде алған теориялық білімімді, мектептегі тәжірибе кезеңінің алғашқы күндерінде жүргізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, өзім құрған шығармашылық топпен талқылай келе өзгерістер енгіздік және мектепті дамыту жоспарының басымдығын «Оқу үрдісінде топтық жұмысты ұйымдастыру» деп алдық.

Қай қоғамда болмасын оқыту мен оқу үдерісі жаңа талаптар, сұранысымен өзгеріске ұшырайды. Менің мектебім де талай мәрте өзгерісті басынан өткізген болар, оқытудың Кэмбридж университетінің білім беру Факультетімен бірлесіп жасаған деңгейлік бағдарламаны енгізуді қолға алған өзгерісті де мектебім шын пейілмен қабыл алды.

Білім беру ұйымдары алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселелері қойылып келеді, егер мен деңгейлік курсқа біліктілігімді арттыруға бармасам, мектебімнің даму жоспары туралы мұндай көзқараста болмас едім, бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде жинақтаған тәжрибем мен ақпараттық ресурстарыма сүйене отырып, салыстыра талдау жасағанымда мектеп даму жоспарын қайта қарап, өзгеріс енгізу қажет екендігін түсіндім. Ондағы тікелей басымдық: Топпен жұмыс істеудің тиімділігі арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ынтымақтастық орта қалыптастыру, сын тұрғысынан оқыту арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету.

Оқу мен білімді қалыптастыру әдістеріне қатысты мектептің бастапқы жағдайын анықтай отырып: мектептегі тәжірибе кезеңінде жүзеге асыруға тиісті тапсырмаларды орындап, іс-әрекет жасау керек деген ойымды түйіндей келе ең алдымен ынтымақтастық пен келісімді үйлестіру барысында менің мектебім оқыту мен оқу үдерісіне енгізілетін жаңалықты жүзеге асыратынына сенімдімін және бірінші деңгей бағдарламасын меңгерген көшбасшы мұғалім ретінде мектебіме өзгеріс енгізіп, аз болса да өз үлесімді қосамын демекпін.





















Пaйдаланылған әдебиeттеp:


1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І (ілгері) деңгей Екінші басылым, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014 ж.

3. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Үлестірме материалдар. Екінші басылым, 2014ж.






















Қосымша 1

hello_html_34156663.gifhello_html_m5b1ea3b7.gif

Мұғалімдерден алынған сауалнама Оқушылардан алынған сауалнама Ата-Аналардан алынған сауалнама



C:\Users\fora\Desktop\IMG_0767.JPGC:\Users\fora\Desktop\IMG_0763.JPGC:\Users\fora\Desktop\IMG_0765.JPG











Краткое описание документа:

 Әрбір  мемлекеттің  болашағы  мектебінде  шыңдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып,  мемлекет болып  жазылмақ! Сол болашағымыз нұрлы да айқын болуы үшін мектебіміз заман ағымына жауап беретіндей  болуы керек. Ұлтымыздың ұлы ұстазы А. Байтұрсыновтың өз заманында «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» - деген тұжырымы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Жақсы мектепті жеке адам жасамайды және ол бір рет немесе мәңгілікке жасалмайды. Өйткені, күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып  жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім саласының, мектептердің жаңаша дамуының басты факторына айналуына себеп болып отыр.

Автор
Дата добавления 30.01.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3989
Номер материала 352159
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх