Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан»

«Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан»

Скачать материал

Тақырыбы: «Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты:  а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық  қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге  білімді адамдар керек екенін түсіндіру; ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу; б) дамытушылық: Оқушылардың ой –өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға,  тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

Әдісі: танымдық сабақ

Көрнекілігі:  слайд, желтоқсан құрбандарының суреттері

Барысы:

І. «Желтоқсан –тәуелсіздік шежіресі» (тарихи шолу)

ІІ. «Желтоқсан –қасіретім, ар –намысым, айбыным» (желтоқсан құрбандарын еске алу)

ІІІ. «Желтоқсанда мұзда жанған алауым,

         Желбіретті тәуелсіздік жалауын» (Еліміздің жетістіктеріне шолу жасау)

ІV. Өз тарихыңды білесің бе?

V. Ой толғау

    «Тәуелсіз елдің ұланымын, тұғырлы жердің қыранымын» эссе жазу

VІ. Қорытынды

            

Тәрбиеші сөзі: Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН – дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып

Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.

 Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

 Қайғы езіп елдің енсесін

Жаншыды – ау жанын батпан мұң.

Енді қайтып келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн.

              Міне, балалар, соңына мәңгі ұмытылмас  мұң қалдырып,  жыл өткен сайын  тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, әр қазақтың жүрегін сыздатып, көңіліне жара салған  бұл қандай күн деп ойлайсыңдар?

               1986 жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастары шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сын сағаттарда тайсалмай ортаға шығып, өздерінің талап –тілектерін  айту  ол кездің өзінде оңай болған жоқ. Елі олардың ерліктерін ешқашан естен шығармайды. Бүгінгі ұрпақ  ерлерін есіне алып, олардың рухына бас иеді. Болашағымызды нұрландырған,  тәуелсіздік әперген аға –апаларымызды ұмытуға тиіс емеспіз!

                «Орнында бар оңалар» деп халқымыз айтқандай бүгінде киелі әрі қасиетті елімізде 23 жасар Тәуелсіздіктің арайлы таңы астында бақытты өмір сүріп жатырмыз. Олай болса бүгінгі әдеби –танымдық сабағымыз «» деп аталады.

                Тарбие сағатымызды бастамас бұрын мен сіздерге түрлі –түсті қағаз қиындыларын  таратамын, түстеріне байланысты топтасып алайық.

-          Ал енді  алдарымыздағы парақшаларда қандай жазу жазылған?

-          Бұл 3 ұғымның бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?

(Алаш  Желтоқсан  Азаттық)

 

І. «Желтоқсан –тәуелсіздік шежіресі» (тарихи шолу)

Сонау XVII –ші ғасыр басында жоңғарлар Қазақ  халқын «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға»  ұрындырды. Олар қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді.

 1723 –ші жылдар Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.

1916 –шы жылы ұлт –азаттық көтеріліс, одан 1917 –ші жылы Ақпан, Қазан төңкерісіне ұласты.

Одан кейін 1931 -33 –ші жылдары елімізде ашаршылық болды. Ата –бабаларымыз бас ауған жаққа кетті. Сол кезде кеткен қазақтар осы күні туған жеріне оралуда.

1937 -38 –ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Айтмауытов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.

1941 -45 –ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есімі –ел есінде» демекші қазақ елін жаудан қорғаған ата –бабаларымыздың есімдері тарихтан өшпестей орын алды. Бұл ата –бабаларымыз болашақ сендердің өмірлерің үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.

1954 -56 –шы жылдар тың игеру жұмысы жүргізіліп миллиард пұт астық алынды. Қазақстанның аты әлемге әйгіленді.

1986 –шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы Қазақ ұлтынан болуды  талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға –апаларымыз: Л.Асанова, Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сыпытаев т.б жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.

Енді 1991 –ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай –талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Біздің Отанымыз –егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті.

Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Топтық жұмыс                                           

1 –топ: Болашақ ақындар: «Тәуелсіздік»  өлең шығарады

2 –топ:  Болашақ жазушылар: «Қайсар рухты халқыма хат»

3 –топ:Болашақ суретшілер: «Болашақ біздің көзімізбен...» сурет салу

  

 

 

 

ІІ. «Желтоқсан –қасіретім, ар –намысым, айбыным» (желтоқсан құрбандарын еске алу)

Желтоқсан оқиғасының жазықсыз құрбандары: Қайрат Рұсқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова секілді аға –апаларымыз өз елі үшін құрбан болды.

Желтоқсан құрбаны –Қайрат Рұсқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті. 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 жетоқсан –«Халық қаһарманы» атағы берілді.

Ләззат Асанова 1970 жылы қазыргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түсті.

ІІІ. «Желтоқсанда мұзда жанған алауым,

        Желбіретті тәуелсіздік жалауын» (Еліміздің жетістіктеріне шолу жасау)

1991 жылы желтоқсанның бірінде республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1992 жылы қазан айында ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 4- маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.

1993 жылы 12 –қаращада төл теңгеміз дүниеге келді.

1994 жылы 30 –маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев  аспан көгіне айлық сапарға аттанды.

1995 жылы 28 –қаңтарында Тәуелсіз Қазақстан Респубиликасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

1996 жылы 30 –тамызда «Қазақстан Конституциясына» 1 жыл толды. 17 –желтоқсанда Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 5 жылдық  мерекесі атап  өтілді. Бұл күні Алматының Орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу»  жылы болып белгіленді.

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болды.

            2000 жыл- «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Түркістанға 1500 жыл толды. 

 2001 жыл - 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды. 
             2002 жыл. «Денсаулық жылы»  жарияланды.
             2003-2005 жылдары «Ауыл жылы»  жарияланды. 
             2004 жыл- «Қазақстан – Ресей» жылы болды. 
             2005 жыл- Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
             2006 жыл- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты

Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды. 
2007 жыл- «Қазақ тілін қолдау» жылы. 
2009 жыл-  елімізде халық санағы ұйымдастырылды.

            1999 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы Астанада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді.

            2011 жыл қысқы АЗИАДА - мен басталды. Киелі қазақ жері осындай атаулы оқиғалардың куәсі болып отыр.

      ІV. Өз тарихыңды білесің бе?

1.      Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (XV ғасыр)

2.      «Көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр (Құтылығұлы Күл-тегін)

3.      Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым (Әбу Насыр Әл-Фараби)

4.      «Көмекей әулие» атанған қазақтың ұлы жырауы (Бұқар жырау)

5.      Қорқыт Ата ескерткіштерінің қандай ерекшелігі бар? (ескерткіш жел соққанда қобыз сарындас үн шығарады)

6.      Соңғы Конституция қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)

7.      Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл)

8.      Ұлттық валютамыз теңге қай жылы айналымға енгізілді? (1993 жыл)

9.      «Менің Қазақстаным» әні қай жылы жаңа әнұран болып қабылданды? (7 қаңтар 2006 жыл)

10.  Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)

V. Ой толғау

«Тәуелсіз елдің ұланымын, тұғырлы жердің қыранымын» эссе жазу

VІ. Қорытынды

       Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Елімізді өркендетуге сендер де болашақта ат салысады деп сенемін.

       Бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған класс сағатымызды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

«Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.

Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы.

Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз.

Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.

Лайым бетімізден жарылқасын!

Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың

аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!» деген сөзімен аяқтағым келеді.

 

                                         

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН – дар бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып

Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.

Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің енсесін

Жаншыды – ау жанын батпан мұң.

Енді қайтып келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн.

              Міне, балалар, соңына мәңгі ұмытылмас  мұң қалдырып,  жыл өткен сайын  тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, әр қазақтың жүрегін сыздатып, көңіліне жара салған  бұл қандай күн деп ойлайсыңдар?

               1986 жылы желтоқсанда Алматыда қазақ жастары шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сын сағаттарда тайсалмай ортаға шығып, өздерінің талап –тілектерін  айту  ол кездің өзінде оңай болған жоқ. Елі олардың ерліктерін ешқашан естен шығармайды. Бүгінгі ұрпақ  ерлерін есіне алып, олардың рухына бас иеді. Болашағымызды нұрландырған,  тәуелсіздік әперген аға –апаларымызды ұмытуға тиіс емеспіз!

                «Орнында бар оңалар» деп халқымыз айтқандай бүгінде киелі әрі қасиетті елімізде 23 жасар Тәуелсіздіктің арайлы таңы астында бақытты өмір сүріп жатырмыз. Олай болса бүгінгі әдеби –танымдық сабағымыз «» деп аталады.

                Тарбие сағатымызды бастамас бұрын мен сіздерге түрлі –түсті қағаз қиындыларын  таратамын, түстеріне байланысты топтасып алайық.

-          Ал енді  алдарымыздағы парақшаларда қандай жазу жазылған?

 

-          Бұл 3 ұғымның бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 391 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2015 1467
    • DOCX 425.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кемалова Куланда Женеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кемалова Куланда Женеевна
    Кемалова Куланда Женеевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 157740
    • Всего материалов: 46

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов