Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Менің педагогикалық баспалдақтарым эссе
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Менің педагогикалық баспалдақтарым эссе

библиотека
материалов

«Менің педагогикалық табысымның баспалдағы»

Қай уақытта болмасын ұлылықтың басында ұстаз тұрады. Ұстаз болу бұл менің бұдан 30 жыл бұрынғы алғаш мектеп табалдырығын аттаған кездегі арманым. Алғашқы ұстазым Қанзия Жексенқызының үйреткенін үйрене отырып, менде келешекте ұстаз болуды армандайтынмын.

Орта мектепті бітіргеннен кейін арман қуып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі боламын деп Оралға аттандым. Жолым болмады. Ауылға оралдым. Мен мектеп бітірген 1993 жыл елімізде қоғамдық, саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер шиеленісіп тұрған кез. Кешегі 4-5 ке бітірген мен алтын ұя мектебіме келіп кіші қызеткер болып жұмысқа орналастым. Қорсынбадым еден жуып, от жақтым. Келесі жылы БҚМУ-дың тарих факультетіне сырттай оқуға түстім. Еңбек ете жүріп оқуымды аяқтадым. Негізінде мен өзімді қарапайымнан күрделіге ауысқан теңдеуге ұқсатамын. ЖОО-нын бітірдім, кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын да алдым. Бірақ менің өмірдегі басты арманым ЖОО-нын күндізгі бөлімде оқи алмағаным. Қатты өкінемін. Әйтсе де балаларым осындай арманда қалмаса екен деп тілеймін.

Жоғары білімді сырттай алдым деп қол қусырып отыруға бола ма, ұстаздықтың ұлы тізгіні менің де қолыма тиіп, көппен бірге көштен қалмай келемін. Тек қара бастың қамын ойлап жүру ұстазға жат нәрсе.

Жалпы менің қызметімдегі жаңа бетбұрыстарға тың серпін берген 2002 жылы Қаратөбе мектеп-гимназиясына келуім. Бастапқыда жаңа орта, талапшыл басшы, жаңадан құрылған отбасы дегендей қиындықтар алдымды кесті. Әйтсе де кім екенімді қай уақытта болсам да дәлелдеймін деген оймен өз-өзімді қайрап шыңдалумен келемін. Өз мамандығымды құрметеймін және алған асуым жеткілікті деуден аулақпын. Бала күтімімен үйде отырған кездері мектебіме,шәкірттеріме жетуге асығамын.

Ізденген жетер мұратқа демекші басты қағидам Абайдың дана сөзі «Өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтан» немесе бір басылымнан орысша осы сөзді оқығанмын. : «Научи себя сам-никто другой этого за тебя не сделает, будь он хоть трижды профессором каких угодно наук»... Рас осы сөздер менің бағыт берер басты қағидаларым.

Қай уақытта болмасын мұғалімге қойылатын талаптар жоғары :

- бәсекеге қабілеттілік,

- білім беру сапасының жоғары болуы,

- кәсіби шеберлік,

- әдістемелік жұмытарға шеберлік

Бәсекеге қабілетті болу өзіңнің санаң мен қабілетіңе байланысты. Мен өзім үшін де, қоғам үшін де пайдалы іс етсем деген әр адам алда жүреді. Білім беру сапасының жоғары болуы талабына мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау тәжірибеммен жауап берер едім. 2008 жылы мектеп түлектерінің 29-ң 5 еуі, 2009 жылы 21-ң 1 еуі, 2010 жылы 20-ң 2 еуі, 2011 жылы 27-ң 4 еуі ғана 4 алды, қалғандары 5 деген баға алды. 2014 жылы да мектеп түлектерінің 90 пайызы 5 деген баға алды. Білім және ғылым министрлігі бекіткен мектеп оқулықтары мен М. Қтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кадидаты Ж. Жақсығалиевтің тест оқулықтарын пайдаланып және өзім де құрастырған тестілерімді пайдалану арқылы мектеп түлектерін сапалы біліммен қаруландырып келемін деп есептеймін. 2008 жылы «Ағартушы» баспасынан шығарған тест жинағымды Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы мектептері тәжірибесінде пайдаланды. Екінші бөлімін баспаға дайындау үстіндемін.

Кәсіби шеберлікке келсем, 2008 жылы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Гуманитарлық ғылыми тізбектегі мұғалімдер арасындағы және КМ, КЛ, колледж оқытушылары арасындағы сабақта АКТ пайдалану әдістемелік шеберлігінен конкурс» ұйымдастырды. Көптеген облыс мектептері мұғалімдері қатысқан бұл байқаудан үйренген нәрсем көп болды. Осы байқауға қатысу арқылы өзімнің ақпараттық білімімді жетілдіріп, компьютерлік сауаттылыққа ұмтылдым.

«Бұлақ көрсең көзін аш» -дегендей, бала бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне біздердің еңбекқорлығымыз бен біліктілігімізге байланысты. Гимназия қабырғасындағы әрбір шәкірттің өзіндік мені бар, әрқайсысы өз орыны бар тұлға болғысы келеді. Оларды ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға баулу ерекше қызығушылық туғызады. Тек олардың қабілетін анықтап ақыл-ойының, эмоциональдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеріп, коммуникативті бейімдеу шығармашылық бағытының ашылуына ықпал ету нәтижесін береді. Осы орайда бірқатар оқушылармен жұмыс жасадым. Оқушылардың ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде 2004 жылы Мұқанов Райхан «Қаратөбе съезі – тәуелсіздікке қадам»жұмысынан ІІ орын алса, 2006 жылы Кәрімов Дәулет «Кенжебай Мәденов» жұмысын қорғап І орын алды. Дарынды оқушымен жүргізген жұмысымның нәтиже бергені «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны жүлдегері Ринат Майдановпен жүргізген жұмысым. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «ЖАСА, ЖАЙНА, ҚАЗАҚСТАН!» атты оқушылардың зерттеу жобалары фестивалін ұйымдастырды. Осы жобаға қатысып, республика көлемінде гуманитарлық бағыт бойынша І орын алды. М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұйымдастырған мектеп оқушылары арасындағы пәндік олимпиадада Ринат өзінің ерекше Әбілқайыр хан туралы эссесімен көзге түсті. 2014 жылы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына қатысып жүлдегер болды. Бұл ұзақ талмай еңбектену мен ізденіс жемісі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сырттай оқыту мектебіне де Қазақстан тарихы бойынша оқыған балалар өздерінің белсенділігімен көзге түсті. Сырттай оқыту мектебінің тапсырмалары да ғылыми-ізденушілікке бағытталған.

Оқушылардың әрі пәндік, әрі ақпараттық, әрі танымдық қабілеттерін арттыруға республикалық қашықтық олимпиадаларының ұйымдастырылуын өз басым дұрыс деп есептеймін. Бұл олимпиадаларға да оқушыларды жүйелі қатыстырған жөн. 2013 жылы Республикалық «Тарих ата» конкурсының 2 жеңімпазын дайындадым. Қашықтық олимпиададан Қазақстан тархы пәнінің 3 жеңімпазын дайындадым.

Оқушылардың пәндік олимпиадаларының облыстық кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша 2009 жылы 10 сынып оқушысы Өміралиева Т ІІ орын алса, 2011 жылы 11 сынып оқушысы Майданов А Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының дипломымен, 2013 жылы 10 сынып оқушысы Ақсұлтан Т Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының дипломымен марапатталды.

Қазір Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің жоғары санатты тарих пәні мұғалімі облыс көлеміне танымал ұстаз Арыстанов Мұхатты оқытқанымды да мақтан тұтамын.

Өз тәжірибемді облыстық әріптестерім арасында бөлісу сәттілігі 2011 жылғы «on-linе» түрінде өткен Батыс Қазақстан облысы педагогтарының тамыз кеңесінде қоғамдық – пәндер секциясында баяндама жасау барысыныда туды. Онда өзімнің оқушыларымды пәндік олимпиадаларға дайындау, мектеп түлектерін ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға баулу сияқты жұмысымның басым бағыттарын таныстырған болатынмын. Баяндамамам облыс көлемінде конференцияға қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады», - деген К. Д. Ушинский. Кәсіби байқаулар, семинар конференциялар мұғалімді әрі шыңдай түседі, үйренері де көп болады. Бәз біреулер сияқты мен ондай жұмыстардан қашпаймын. Мен үшін орын алудан гөрі үйренетін нәрсе маңызды. Ертеңім үшін керек деп есептеймін.

Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан мынандай тұжырымдама бар. Озық елдер өздерінің білім саласындағы жетістікке жетуің негізгі үш міндетпен байланыстырады. Олар :

- ұстаздық ету қызметіне барынша дарынды жандардың тартылуына көңіл бөлу;

- ұстаздардан әрбір балаға тең дәрежеде көңіл бөлуді талап ету ;

- педагогикалық кадр құрамының кәсіби деңгейінің жоғары сапасын үнемі бабында ұстау. Осы үдеден шығу менің басты міндетім де парызым.


Жумагалиева Алмажан Жасұланқызы

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Қаратөбе ауданы

Батыс Қазақстан облысы






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бұл эсседе менің педагогикалық қызметімнің қиын да қызықты жолдары баяндалады. 

Қай уақытта болмасын ұлылықтың басында ұстаз тұрады. Ұстаз болу бұл менің бұдан 30 жыл бұрынғы алғаш мектеп табалдырығын аттаған кездегі арманым. Алғашқы ұстазым Қанзия  Жексенқызының үйреткенін үйрене отырып, менде келешекте ұстаз болуды армандайтынмын.

Орта мектепті бітіргеннен кейін арман қуып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі боламын деп Оралға аттандым. Жолым болмады. Ауылға оралдым. Мен мектеп бітірген 1993 жыл елімізде қоғамдық, саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер шиеленісіп тұрған кез. Кешегі 4-5 ке бітірген мен алтын ұя мектебіме келіп кіші қызеткер болып жұмысқа орналастым. Қорсынбадым еден жуып, от жақтым. Келесі жылы БҚМУ-дың тарих факультетіне сырттай оқуға түстім. Еңбек ете жүріп оқуымды аяқтадым. Негізінде мен өзімді қарапайымнан күрделіге ауысқан теңдеуге ұқсатамын. ЖОО-нын бітірдім, кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын да алдым.

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров404
Номер материала 524025
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх