Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Менің сүйікті ісім (студенттерге)

Менің сүйікті ісім (студенттерге)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Пәні:

Өзін – өзі тану

Тобы:

Уақыты:


Тақырыбы:

Менің сүйікті ісім

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат, міндеттері:

А ) ақпараттық

Ә) проблеманы шешу

Б)коммуникативтік




а. Түрлі интерактивтік әдістерді қолдана отырып, оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру арқылы ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру;

ә.Пайдалы, сүйікті ісі жайлы айту арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қолдана отырып, коммуникативтік құзіреттілін қалыптастыру;

б.Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны айыра алу, проблеманы шешу құзіреттілігін қалыптастыру;

Сабақтың типі:

аралас

Технология:

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту,топтастыру.

Әдіс-тәсілдері:

сұрақ жауап, жеке жұмыс, ауызша, жазбаша, ізденіс

Пәнаралық байланыс:

әлеуметтік психология, педагогикалық психология

Оқыту құралдары:

интерактивті тақта, ноутбуктағы тапсырмалар, жұмыс парағы, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

I. Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің амандасуы, жоқ оқушыларды

түгендеу, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының хал – жағдайын сұрау.

оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру.

Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту.

Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеу.

Амандасу; оқу-құралдарын дайындау, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының өзінің хал – жағдайын айту. кезекшілік міндеттерін атқару;

Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеген тренигке қатысады. сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым. -қатынасы орнайды



Сабақтың мақсат-міндеттерін танысып, бүгінгі сабаққа қызығушылықтары оянады.

ІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.


Өткен материал «Мен өзімді тани аламын ба» тақырыбын еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.

1.Мақсат қоюдың адам өміріндегі алатын орны қандай?

2.Басқаларға деген окпе-назыңның себебіне үңіліп көрдің бе?


Дәйек сөздер

«Ойланып бас қадамыңды, түсіп кетпе шұңқырға,

Онда, қалқам, ой түгіл, денең көнбес ырқыңа»

Рудаки

«Бәрінен күшті адам - өзіне-өзі сенетін адам»

Луция Сенека

Студенттер өткен материалды естеріне түсіріп сұрақтарға жауап береді.







Дәйек сөздерді тыңдайды, мағынасы жөнінде өзіндік ой-пікрлерімен бөліседі.


Қойылған сұрақтар арқылы студенттердің «Мен өзімді тани аламын ба» тақырыбындағы ой-пікірлерін қайтадан жаңғыртып еске түсіреді.





Дәйек сөздердің мағынасын түсініп, өмірден мысалдармен дәлілдей алады.


Дәйек сөздерді өмірде пайдалана біледі.

ІІІ. Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

Жоспар:

Ой қозғау (1-2 минут) Оқушылар, тақтаға назар аударыңдар, мына сөйлемдерді суретпен сәйкестендіріңдер

  • Мен би билей аламын.

  • Мен сурет сала аламын.

  • Мен торт пісіре аламын.

  • Мен ән айта аламын.

  • Мен жүзе аламын.

  • Мен музыкалық аспапта ойнай аламын.

  • Ендеше, бұл кісілердің сүйікті ісі екен.


  • Ендеше құрметті оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Оқушылар тақтада суреттерге ( биші, суретші, торт пісіру, әнші, домбырашы, суда жүзуші) назар аударады, берілген сөйлемдерді салыстырып, жауабын айтады.









Әрбір адамның сүйікті ісін анықтап айтады


  • Менің сүйікті ісім


Өз бетімен орындалған жұмыстың нәтижесінде

Топтардың түрлері: үлкен , кіші, ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактылы, оқшауланған, формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. бөлінетінін, түрткі, қызығу, қажеттілік ұғымдарымен танысады.

Жеке адам мен топ жөнінде берілген анықтамалықтарды энциклопедиялар, кітаптарға және сайтқа бағдар жасау арқылы анықтайды, талдайды,шешім қабылдайды.




ІҮ.Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беру

1. Тыңдалым, айтылым ЭО (орташа деңгей)



1. Суреттерге қараңдар, Мына адамдардың сүйікті істері қандай екен? Немен әуестенетінін білейік? Болжаңыздар. (Балалар ауызша суретке қарап болжамдарын айтады) (2 минут)

Үлгі: Меніңше, Меруерттің сүйікті ісі - би билеу,

Михаилдың сүйікті ісі -....................... .

Салтанаттың сүйікті ісі- ............................. .

hello_html_m3d2ae8c8.gifhello_html_47a6d57b.gif


Әңгімелесу.

1. Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Сендердің сүйікті істерін бар ма?

3. Сүйікті іспен шұғылдану өздеріне не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Нақты жауаппен болжамдарын салыстырады.

1. Меруерттің сүйікті ісі – сурет салу, теннис ойнау, би билеу

2. Би билеу өте жақсы, қызық, қиын

3. Михаил гольфті, дойбыны, теннистті жақсы көреді

4. Михаил әдетте теннисті сенбіде, демалыста, жексенбіде ойнайды

5. Михаил әдетте теннисті досымен, сыныптасымен, ағасымен ойнайды

6. Салтанаттың сүйікті ісі - сурет салу, домбыра тарту, коньки тебу

7. Салтанат атақты әнші, суретші болғысы келеді, биші




Әңгімелесуге қатысады, сұрақтарды тыңдайды, жауаптарын дайындап, бір бірден өз ой-пікірімен бөліседі.

Мәселен: 2 сұрақ – мен ән айтуды жақсы көремін.

Жеке адамның көптеген психикалық ерекшеліктеріне қарай, оның өмір сүретін ортасына, қоғамдық қатынастың тікелей әсер етуінен қалыптасып отыратынын, сүйікті ісі жөнінде түсінік алады.



Жеке адамның негізгі бағыт-бағдары бойынша мәтінмен жұмыс жасау икемділігі қалыптасады.





Берілген тапсырманың шешімін іздей отырып, жеке адамның сүйікті ісін анықтай алады.



Өздері жақсы көретін істері жөнінде толық ойларымен бөлісе алады.

2. Оқылым.


1. Берілген мәтінді түсініп оқыңдар. (5 минут)

А) Мәтінді іштей оқыңдар,




Ә) Кезек - кезек дауыстап оқыңдар












б) Берілген мәтінге бірнеше сұрақ құрастырыңдар және жауап беріңдер


в) Мына сөйлемдер дұрыс па, бұрыс па? Мәтін негізінде берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау


г) Мәтінді пердемен жауып, мазмұнын айтқызу


Оқушылар берілген мәтінді іштей түсініп оқиды. Сонымен бірге кезек-кезек дауыстап оқиды

Менің сүйікті істерім

Мен бала кезімнен ән айтуды, билеуді жақсы көремін. Қазір мен мектепте жұмыс істеймін. Мен музыкадан сабақ беремін. Әдетте мен сағат жетіде тұрамын. Жүгіремін, таңғы ас ішемін. Жұмыс сағат сегізде басталады. Кешке жұмысқа дайындаламын. Пианинода ойнаймын, ән айтамын. Демалыстарда Медеуде коньки тебуді ұнатамын. Анда-санда достарыммен киноға, концерттерге барамын, дүкен аралаймын.

Берілген мәтінге бірнеше сұрақ құрастырады және жауап береді



Келесі тапсырма бойынша сөйлемдер дұрыс па, бұрыс па екенін анықтайды.



Пердемен жабылған мәтінің мазмұнын айтады.




Оқушылар мәтінің мазмұнын түсінеді.



Мәтінің түсіне отырып тапсырмаларды орындауға дайындалады



Мәтін бойынша өзіндік ойларын жүйелейді.






Нақты сұрақтарды құрастыра алады.



сөйлемдер

Дұ рыс

Бұ рыс

1. Мақпал ән айтуды өте жақы көреді.

+


2.Мақпал мектепте қазақ тілінен сабақ береді.


+

3. Мақпал таңертең жаттығу жасайды.

+


4. Ол кешке пианинода ойнамайды.


+

5. Мақпал коньки тебе алады.


+

6. Мақпал анда-санда дүкен аралайды.

+



Ү. Сергіту сәті

«Қара жорға» биі (2 минут)


Оқушылар бойларын сергітіп әуенімен қимыл жасайды.


Бойлары серегіп, көңіл күйлері көтеріледі.

3. Жазылым

hello_html_m961c66b.gif

(Ноутбукта тапсырмалар беріледі) Жұмыс парағында жұмыс жасайды.

1.Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, өткен шақ, келер шақ есімше жасап жазыңдар, олармен бірнеше сөйлем құрастырыңдар.


Мысалы: жақсы көремін, жұмыс істеймін, беремін, тұрамын, жүгіремін, ішемін, басталады, дайындаламын, ойнаймын, айтамын, ұнатамын, барамын, аралаймын.

(2-3 минут беріледі.)

Мен бұрын суда жүзуді жақсы көргенмін. Ол кешке де жұмыс істемек. Мен кітабымды досыма бермекпін. т.б.

Мәтіндегі етістіктерді тауып, өз бетімен өткен шақ, келер шақ есімше жасап жаза біледі.




Құрастырған сөздерден бірнеше сөйлемдерді құрастыра алады..


4. ҮІІІ. Тілдесім. (2-3минут)


Оқушылар, бір-бірлеріңе сұрақ қоя отырып өздеріңнің сүйікті істерің жайлы айтыңдар, бір—бірлеріңмен сұхбаттасыңдар.


Оқушылар біріне сұрақ қояды:

- Сенің сүйікті ісің қандай?

- Менің сүйікті ісім ................................... айналысу, т.б.

- Сен немен айналысқанды ұнатасың?


Бір бірімен сұхбаттасып, жақсы көңіл күймен қарым-қатынас орната біледі.


Сұрақтарын нақты және түсінікті қоя біледі.

Ү. Жаңа материалды өз бетімен бекіту.


Шығармашылық кезең:

(5-7 минут)

-Балалар, осы тапқан жауаптардың өзі де кейбіреулеріңнің сүйікті істеріңе жатады, солай ғой, ендеше «Менің сүйікті ісім» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

Сендерге 5-7 минут уақыт беріледі.

Дәйек сөздерді түсіндіруді үсынады:

«Ерекше іс істесен, ел таңырқайды»

Қ.Айнабеков

«Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді»

Халық мақала

«Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» М.Горький

«Әзір ас жоқ дүниеде» М.Әлімбаев

«Сабақ өзі оқылмайды, белбеу өзі буылмайды»

«Үйлер өзі салынбайды, кітап өзі жазылмайды»

«Шарбақ өзі тоқылмайды»



Студенттер оқытушының нұсқасы бойынша «Менің сүйікті ісім» тақырыбында шағын әңгіме жазады, өздерінің жазған шағын әңгімелерін оқып береді



Дәйек сөздерді тыңдайды, мағынасы жөнінде өзіндік ой-пікрлерімен бөліседі.


Мысалы: «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» (Халық мақала) Адам өзінің ісін сүйіп жасаса, ол өзінің жемісін береді. Ал керісінше дам жасап отырған ісін шын көңілмен істемесе, көп қиналып, нәтежелі болмайды.



«Менің сүйікті ісім» тақырыбында өздерінің ой-пікірлерін жүйелейді.



Шағын жазған әңгімелерінде толық ойларын жеткізе біледі.





Дәйек сөздердің мағынасын түсініп, өмірден мысалдармен дәлілдей алады.


Дәйек сөздерді өмірде пайдалана біледі.

ҮІ.Қорытындылау.



hello_html_390383b8.jpg


Оқытушының бағалау парағын беріп, толтыруға ұсынаы.

Не білемін?

Өте жақ сы

жақсы

орташа

нашар

1

Мен өзімнің сүйікті ісім туралы айта аламын





2

Берілген суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіре аламын





3

Суретке қарап болжам жасай аламын





4

Тыңдаған мәтінді түсіне аламын





5

Оқыған мәтінге сұрақ қоя аламын





6

Мәтін сөйлемдерінің дұрыс,бұрыстығын анықтай аламын





7

Жаңа сөздерді қолдана аламын






Өз әрекетін өзін - өзі бағалауы арқылы бағаланады.

Не білемін?

Өте жақсы

Жақ сы

Ор таша

нашар

1

Мен өзімнің сүйікті ісім туралы айта аламын

+




2

Берілген суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіре аламын


+



3

Суретке қарап болжам жасай аламын



+


4

Тыңдаған мәтінді түсіне аламын


+



5

Оқыған мәтінге сұрақ қоя аламын


+



6

Мәтін сөйлемдерінің дұрыс,бұрыстығын анықтай аламын

+




7

Жаңа сөздерді қолдана аламын



+



Студенттер бағалау парағыныңдағы «не білемін» нұсқаларын оқып, өздерінің білім деңгейлерін – «өте жақсы», «жақсы», «орташа», «нашар» деген баға өлшемдерін пайдаланып, өз өздеріне баға қоя алады.












Әрбір студент өз бағаларына талдау жасайды.


















Берілген тапсырманы сонына дейін түсініп,орындау.


VII. Үйге тапсырма.


Біреуін таңда:

1. Сенің досың жүзе алмайды. Бірақ үйренгісі келеді. Оған қандай кеңес бересің?

2. Сенің теннис\футбол\ тоғызқұмалақ үйренгің келеді. Не істейсің?

Өздеріне берілген тапсырманы түртіп жазып алады.


Студенттер өзбеттерімен тақырып бойынша қосымша әдебиеттерден ізденеді.




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

а. Түрлі интерактивтік  әдістерді  қолдана отырып,  оқушыларға пайдалы істер жайлы мағлұмат беру арқылы ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру;

ә.Пайдалы, сүйікті ісі жайлы айту арқылы тілдік әрекеттердің барлық түрлерін қолдана отырып, коммуникативтік құзіреттілін қалыптастыру;

б.Пайдалы істермен айналысуға баулу, жаманнан жақсыны айыра алу, проблеманы шешу құзіреттілігін қалыптастыру;Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту,топтастыру.оқушының хал – жағдайын сұрау.

 

оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру.

 

Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту.

Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеу. Өткен материал «Мен өзімді тани аламын ба» тақырыбын еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтар қою.

 

Общая информация

Номер материала: 367577

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>