Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Менің әуес ісім – сурет салу.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Менің әуес ісім – сурет салу.

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім – сурет салу. 
Сабақтың мақсаты: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Менің әуес ісім» тақырыбы бойынша жаңа білімдерін қалыптастыру.
 
Міндеттері:
 
1) оқытушылық:
 
-Топтарды қалыптастыру, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету;
 
- Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру;
 
- қалай оқу керектігіне және өзін-өзі бағалай алуға үйрету;
 
2) дамытушылық:
 
- Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; термин сөздер, ырықсыз етіс, еріндік дауыстылар туралы білімдерін бекіту.
 
3) тәрбиелік:
 
- Серіктестік қарым – қатынас орнату; Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу; өнерді қастерлеуге тәрбиелеу .
 
Көрнекілігі: Сурет, тірек сызба, кесте, таратпалар, тапсырма сұрақтары, интерактивті тақта, ватман, оқушылардың суреттер көрмесі, слайдттар, бағалау парақшалары, альбом парағы, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер.
 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
 
Әдіс - тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ –жауап, көрнекілік әдісі, тренинг «25- кадр», «миға шабуыл», клоуз – тест, интерактивтік, «Білім бұтағы» әдісі, шығармашылық, «Иә-Жоқ» әдісі.
 
Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі
 
1) Сәлемдесу;
 
2) Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру;
 
3) Психологиялық жағымды ахуал туғызу: балалар бір -бірімен құшақтасып амандасады.
 
4) Топқа бөліну: 1,2,3,4 нөмірлі қима қағаздары бар қобдишадан балалар 1 қиманы алып, сол қимадағы нөмірге сай топтасады.
 
5) Топ капитаны тағайындалады. Капитандарға бағалау парағы тапсырылады. Олар өз топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады.
 
6) Сабақтың құрылымымен танысады.
 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Білім бұтағы» әдісі. Интерактивті тақтада ағаш бейнеленеді. Ағаштың әр бұтағы бір сұрақ. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру керек.
 
1) Ырықсыз етіс дегеніміз не?
 
2) Ырықсыз етіс жұрнақтарын ата?
 
3) Ырықсыз етіске мысалдар келтір.
 
4) Термин сөздер дегеніміз не?
 
5) Еріндік дауыстыларды ата. Еріндік дауыстылар бар сөздерден мысал келтір.
 
4-тапсырма

. Жақшадағы керекті сөзді алып, сөйлем құрап жазыңдар. 
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
 
І. Қызығушылықты ояту. Тақырыпқа шолу («миға шабуыл» , слайдтар)
 
- Мынау нелер?
 
- Бұл кімнің суреттері деп ойлайсыңдар?
 
- Осы суреттерді салған бала неге әуес деп айта аламыз?
 
- Осындай сурет сала алатын бала қандай бала деуге болады?
 
- Қалай ойлайсындар, осылай сурет салу кез келген адамның қолынан келе ме?
 
- Сурет салуға қандай құралдар қажет?
 
- Ал мектепте біз қай кезде сурет саламыз?
 
ІІ. Мағынаны тану
 
1. Мектептегі сурет салуға талантты оқушылардың және сыныптағы сурет салуға әуес баланың әңгімесін тыңдау. Олардың жұмыстары слайдттар арқылы көрсетіледі.
 
2. Джиксо– ұжымдық оқыту әдісі арқылы ұйымдастырамын. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертемін. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіремін.
 
І топ: Оқырмандар тобы. Мәтінді мәнерлеп о
қиды, мәтін бойынша сұрақ- жауап дайындайды
ІІ топ: Сөздіктер тобы. Мәтін ішінен жаңа сөздерді тауып аудармасын табады. Ол сөздерді суреттер арқылы көрсетіп, олардан жаңа сөз тіркестерін құрайды. Ватманға суреттерді жабыстырады және түрлі фломастермен жазады.
 
ІІІ топ: сөз шеберлері тобы. 2-топ ұсынған жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдер тақырыбы жағынан бір - бірімен байланысты болу керек.
 
ІІІ. Тренинг «25- кадр». Тақтада кезекпен сөздер бейнеленеді. Оқушылар жалпы қанша сөз көрсетілгенін және соның ішіндегі ырықсыз етістерді атау керек.
 
Сурет,
салынды, ілінді, кітап, оқылды, киім, тігілді, портрет,
Жауабы: 8 сөз, 4 ырықсыз етіс.
 
ІV. Дәптермен жұмыс. Бұл жұмыс 3 тапсырмадан тұрады. Әр топ мүшесі бір тапсырманы алып орындайды. Топ ішінде 1 оқушыдан тайм спикер тағайындалады. Ол тапсырмаларды топ ішінде үлестіріп береді және орындауға берілген уақыттың сақталуын қадағалайды.
 
Мақсаты: лексикалық және грамматикалық білімдерін бекіту, уақытты үнемдеу, жауапкершілікке тәрбиелеу.
 
1-тапсырма: Көрсетілген сала бойынша термин сөздерді жазу.
 
Оқу –
 
Киім тігу –
 
Сурет салу –
 
2-тапсырма: Клоуз – тест. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, еріндік дауысталы бар сөздерді теріп жазыңдар.
 
Сурет салу ... ... ... қолынан келе бермейді. Ол да ... бір түрі. Сурет салу кезінде ... ... қажет болады. Оларға ..., ..., ...., ..., ... жатқызуға болады. Кәсіби суретшілер суретті ... ... салады.
 
Сурет салуға әуес болу көбіне ... ... ... ... басталады. Суретшілер көбінесе ..., ..., ... сомдауға әуес болады.
 
3-тапсырма: Болмасаң да ұқсап бақ ... «Мен суретші болсам...» эссе жазу.
 
V. Шығармашылық жұмыс: Берілген атаулар бойынша қалаған суреттеріңді салыңдар. Салынған суретті сөйлеммен сипаттап беріңдер.
 
Табиғат суреті
  
Үйдің суреті
 
Портрет
 
VІ. Қорытынды. «Иә-жоқ» әдісі. Оқушылар жауап парақтарына белгілейді. Топ командирлері жауаптарын тексереді, баға қояды.
 
Оқушының аты-жөні
 
№ Сұрақтар Иә Жоқ
 
1 Менің әуес ісім – сурет салу
 
2 Сурет салу кез келген адамның қолынан келеді.
 
3 Сурет салу өнер емес.
 
4 Сурет салуда қайшы, мата, жіп керек.
 
5 Мен қылқаламмен сурет саламын.
 
6 Кәсіби суретшілер суретті арнайы альбомға салады.
 
7 Мен сурет салуды сурет сабағында үйрендім.
 
8 Суретшілер табиғатты салуды жақсы көрмейді.
 
Бағалау шкаласы:
 
«5»- 8-7
 
«4» - 6-5
 
«3» - 4-3
 
VIІ. Рефлексия.
 
- «Смайлики». Оқушылар алдарында жатқан қызыл, сары, жасыл түсті стикерлерге сабақтан алған әсерлерін білдіретін смайликтерді салып тақтаға іледі. Қызыл – көңілді, сары - әсер еткен жоқ, жасыл – көңілсіз.
 
VІІІ. Үйге тапсырма.
 
ІІІ деңгей: мәтінді оқу. Мазмұнын айту
 
ІІ деңгей: мәтіннің мазмұнын айту. «Менің әуес ісім» сурет салу.
 
І деңгей: «Қазақстан суретшілері» хабарлама дайындау.
 
Х.Бағалау парағы
 
№ оқушы Үй тапсырмасы
Мәтінмен жұмыс Дәптермен жұмыс Шығармашылық жұмыс «Иә - Жоқ» 
1
 
2
 
3
 
4
 
ұпай 5 5 5 5 5
 
Бағалау шкаласы:
 
«5» - 25-20
 
«4» - 19-15
 
«3» - 14-10


























Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Менің әуес ісім» тақырыбы бойынша жаңа білімдерін қалыптастыру. 
Міндеттері: 
1) оқытушылық: 
-Топтарды қалыптастыру, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету; 
- Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру; 
- қалай оқу керектігіне және өзін-өзі бағалай алуға үйрету; 
2) дамытушылық: 
- Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; термин сөздер, ырықсыз етіс, еріндік дауыстылар туралы білімдерін бекіту. 
3) тәрбиелік: 
- Серіктестік қарым – қатынас орнату; Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу; өнерді қастерлеуге тәрбиелеу . 

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров762
Номер материала 384751
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх